“ҚҰЛАГЕРДЕГІ” ӨЗГЕРІСТЕР
Жергілікті “Құлагер” хоккей командасы ұжымға жазда қосылған қос бірдей финн ойыншысы – қорғаушы Ансси Рантанен мен шабуылшы Янне Лаакканенмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды хоккей клубының баспасөз қызметі.
Жергілікті “Құлагер” хоккей командасы ұжымға жазда қосылған қос бірдей финн ойыншысы – қорғаушы Ансси Рантанен мен шабуылшы Янне Лаакканенмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды хоккей клубының баспасөз қызметі.
Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкері Владимир Пакты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті. Оған еліміз бен Қырғызстан мемлекетінен 150-ге тарта спортшы қатысты. Ауыр атлетикамен айналысқанына бір жыл ғана болған солтүстікқазақстандық Андрей Тарахтий қоссайыс нәтижесінде 110 килограмды бағындырып, жеңімпаз атанды. Аталмыш додада жерлестеріміз 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медальды еншіледі.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бұқаралық ақпарат құралдарымен қоян-қолтық жұмыс істеу тақырыбында мекеменің құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен сабақ өткізді. Биылғы жылдың бірінші сабағында департамент басшылары мен мамандарына БАҚ-пен жұмыс істеудің ережелері мен тәртібі түсіндіріліп, ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша журналистермен тиімді әрекеттесу жайында нұсқаулар берілді. Сабақ “SІР – телефония” тәсілін қолдану арқылы …
Үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері облыстық ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып жүргізген жедел шара барысында қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полициясы бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитандары Ж.Сахатов пен Е.Шәйіновті 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде қолға түсірді. Екі күдікті де Қазақстан Республикасы Қылмыстық-іс …
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін дәстүрлі республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Оған өңірімізден 479 талапкер қатысты. 15 пәннен білім додасына түскен оқушылар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бақ сынады. Қатысушылардың 209-ы жүлдегер атанды.
“Қазіргі балалар кітап оқымайды, ұялы телефон, планшеттен бас көтермейді” деген сөздерді ата-аналардың аузынан жиі естиміз. Бірақ ол сөздердің мағынасына терең бойлап, мән бермейміз. Түптеп келгенде, қазіргі балалардың алтын уақытын босқа өткізіп, көз майын тауысып, теледидардан шетелдің мультфильмдерін сағаттап көруіне, ғаламтор арқылы күні-түні атыс-шабыс ойындарынан бас алмайтындарына мына біз, үлкендер кінәліміз. Өйткені, баланың тәрбиесін барынша қадағалап, …
“Ана үйі” қоғамдық қоры бүгінгі таңда Қазақстанның барлық қалаларында іске қосылған. Қайырымдылық қоры қиын жағдайға тап болса да, бауыр еті баласынан бас тартпаған аналарға көмектесіп, оларды қолдауды және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды мақсат етеді. Аталмыш үйде ана мен сәбиі 1-1,5 жылдай уақыт тұра алады. Осы аралықта оларға қайырымдылық жобасына мұрындық болған бизнесмендер қолдау көрсетеді.
Желтоқсан айында біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейі орташа бір адамға шаққанда 18319 теңгені құрады, ол алдыңғы аймен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 2014 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 6,2%-ға көтерілді. Оның құрылымында азық-түліктің құны – 10992 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7327 теңге болды. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – …
2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ Read More »
“Нағыз қазақ қандай?” десе, қалың орманның ортасындағы самдағай қайың-теректен де зәулім алып емендей тұлғасымен танылатын Аманжол Мағжановты көрсетсеңіз, көңіліңіз толады. Айтса айтқандай, сол айрықша зор тұлғасына адамгершілігі, инабаты мен парасаты үйлесіп тұратын ол осы қасиеттерімен барша дос-жарандарын сүйсіндіреді. Осы досымыз бүгін жетпіс жастың төрінен орын алып отыр.
Білемін, Жердің үсті кең, Маған да мынау таң ғашық. Атадан қалған ұшқын ем, Ақ сәулелермен жалғасып… Әмина ШАЛАБАЕВА.
Өткен 2015 жылды Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы да табысты аяқтады. Айыптаушы орган сотқа дейінгі қылмыстық процестің заңдылығына бақылау жүргізуде жаңа қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнамаларды ойдағыдай қолдануда. Былтыр қылмыстық заң бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыс өз нәтижесін беріп, қылмыс 18 пайызға (11-ден 9-ға дейін) төмендеді. Соның бесеуі – әскери қылмыс, бұл аталмыш саладағы заң бұзушылық …
Өлкеде кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардағы елеулі оқиғалардың бірі осыдан 95 жыл бұрынғы – «Есіл көтерілісі». Алдын ала айтып қояйық, сол кезде ресми түрде «орыс болыстары» деп жіктеліп аталатын елді мекендерді қамтыған «бүліктің» қазақ ауылдарына тікелей қатысы болмаған. Сонда да бір аймақта өмір сүріп жатқан соң көтерілісшілер мен оларды басып-жаншуға шыққан жазалаушы жасақтардың тарапынан қазақтар …
Осыдан бір жыл бұрын болған оқиға көз алдымнан кетпей қойды… Қараша айының басы. Күздің қоңыр салқын желі еттен өтіп, сүйекке жетеді. Осындайда жылы автобусқа тезірек жетуге асығасың. Аялдама базардың қасында болғандықтан, бұл маңайда қарбаласқан адам өте көп. Жаяу жүргіншілер жолының оң жақ бетінде – сауда-саттықпен әуреленген адамдар. Күздің алғашқы ызғарына олардың да бойы үйрене қоймаса …
Омыртқада отыр едік. Дағдарыстан туындаған қымбатшылық қанша жерден жан алқымнан алып тұр дегенмен, түгел болмаса да, жұрт ішінара омыртқаға шақырып тұрады. Қарымтасынан да қалған жеріміз жоқ. Осы бір әдемі дәстүр адамдарды бір-біріне жақындастыра түседі. Көңілі жақындардың бір-біріне: “Үйіңнен әлі омыртқа мүжіген жоқпын…”, – деп наз айтуы – өкпе емес, емеуірін.
Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Тимирязев ауданындағы Дзержинское ауылы – тың игеру жылдары бой көтерген елді мекендердің бірі. Сол тұста жан-жақтағы қазақ ауылдарынан отбасылар келіп, осы жерге қоныстанған еді. Жергілікті тұрғындар еңбектің арқасында тоқшылықта өмір сүрді, дала төсінде егіні жайқалып, өрісте малы жайылып, құт-береке дарыған ауылымыздың іргесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын күндері де сөгілген жоқ. Еңбекқор, …
Қазақстан халқы Ассамблеясы “Қайырымдылық керуені” атты жалпыұлттық акциясын ұйымдастырғаны белгілі. Осы шараға сәйкес елордада “Қазақстандағы қайырымдылық: трендтер мен жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Алқалы отырысқа қатысқандардың ішінде біздің жерлесіміз – кәсіпкер Қайыржан Қазбекова да болды.
Қазіргі таңда мемлекетіміз түрлі бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын дамытуға кең жол ашып отыр. Біздің өңірде де «Құланнан» құт тауып жатқандар жетерлік. Соңғы жылдарда біздің облыста “Құлан” бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқанын, соның нәтижесінде жылқы шаруашылығы ерекше қарқын ала түскендігін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің басшысы Александр Макеев айтып берген еді. …
Адай Сапарғалиев – іскер азаматтардың бірі. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша былтыр “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы 3 миллион теңге несиеге ие болған ол ағаш өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алып, Бескөл ауылында шағын цех ашты. Бүгінде онда қалдықсыз өңдеу өндірісі жұмыс істейді.
“Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!”. Елбасымыздың “Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол” мақаласы бәрімізді асқақ арманға жетелейтін осындай биік рухты сөздермен аяқталады. Мешін жылының 1 қаңтарынан “Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам” ауқымды Стратегиялық бағдарламаны орындаудың нақты қадамына көшуіміз алдымызға нақты міндеттер қоюмен …
Біздің ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы азаттық таңын армандаған болатын. Бүгінде біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан қуатты мемлекеттің біріне айналдық. Елбасымыз бекіткен “Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспарын орындауда қазақстандықтарға жүктелген міндет зор. 2016-2017 жылдарда елімізде көптеген реформалық өзгерістер болмақ. Барлығы да халықтың жағдайын жақсартып, ел экономикасын көтеруге бағытталмақ. Осы …