ОҢ СЕРПІН, ӨРКЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕР
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Ерік Сұлтанов республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Солтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы даму көрсеткіштерімен таныстырып, қол жеткен табыстарды ортаға салып, сондай-ақ, сыртқы экономикалық факторлардың әсерінен туындаған проблемаларға да тоқталды.