«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.01.2016

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР ТАҢЫ ҚЫМБАТ

Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізген 1991 жыл күні бүгінге дейін менің есімде. Тәуелсіздік әрбір адамның бойында ерекше патриоттық рух оятты десем, артық айтқаным емес. Егемен ел атанғанда бойда ерекше күш, сенім, жігер пайда болды. Жарқын болашаққа деген үміт оты көңілде сәуле шашты.

“ДАМУДЫҢ” ДЕМЕУІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауы ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жаңаша өмір сүруге дағдылану мен әлемдік дағдарыс ызғарын еңсеруге, елдегі бірлікті сақтауға бағытталған. Стратегиялық құжатта Президент кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселелеріне тоқтала келіп: “Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын …

“ДАМУДЫҢ” ДЕМЕУІ Read More »

СӘТТІ ҚАДАМ

Облыс орталығында мектеп жасына дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы – өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осы мәселені оңтайлы шешуге жеке секторды тартып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жағдайды жақсартуды тапсырған болатын.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП – ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

Облыстық әкімдікте облыс әкімі Ерік Сұлтановтың және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен өткен кеңесте өңіріміздегі ішкі істер органдарының өткен жылғы жұмысы қорытындыланды. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов өзінің баяндамасында жергілікті жердегі криминогендік жағдайдың тұрақты екенін атап көрсетті. Тәртіп сақшыларының табанды еңбегінің нәтижесінде өткен жылы ауыр қылмыстар саны едәуір азайған.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басын қосып, жиын өткізді. Онда көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру және өңірдің агроқұрылымдарын ірілендіру мәселелері сөз болды. “ҚазАгро” ұлттық холдингі агроқұрылымдар үшін қаржыландырудың тиімді тетігін ұсынып отыр. “ҚазАгро” АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Бауыржан Қасенов ауыл шаруашылығы құрылымдары кооперативтер құру арқылы мемлекеттік қордан бөлінетін қаржыға оңай қол …

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ Read More »

БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҒАН ОЗАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов селекторлық режімде аудан әкімдерімен кеңес өткізіп, онда үш мәселе әңгіме өзегіне айналды. Дәлірек айтсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік төңірегінде жүзеге асырылатын жобалар және облыс аумағындағы елді мекендерде спорт алаңдарын салу жайы сөз болды.

ӘЛЕУЕТІ ЗОР ЗАУЫТ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында индустриялық-инновациялық жоба аясында іске қосылған “BARTEC – Қазақстан” ЖШС-і зауытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. – Елімізде индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуына ерекше назар аударылуда. Облысымыз инвестициялық өсім бойынша 1-ші орында. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Облыс орталығында инновациялық жоба аясында электрмен жылыту кабельдерін жасайтын кәсіпорынның іске қосылуы барлық сұранысты қанағаттандыратынына сенімдімін. …

ӘЛЕУЕТІ ЗОР ЗАУЫТ Read More »