«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.02.2016

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫ

Одақ көлеміндегі ең алғашқы журналистика институты 1934 жылы Алматыда ашылуы бекер емес. Өйткені, оған сұраныс болды, халықтың көкейіне сенім мен білім ұялатуға дайын жастардың тарапынан ұсыныс та дер кезінде жасалды. Соның нәтижесінде саламыздың қыр-сырына баулитын тұңғыш мектеп – Қазақ коммунистік журналистика институты құрылды. 1934 жылы оның алғашқы басшысы болып жерлесіміз Үмітбай Балқашев тағайындалды. Аталмыш лауазымға …

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫ Read More »

ОҚУШЫЛАР ФОРМА КИЕТІН БОЛДЫ

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты “Білім туралы” заңға да біраз өзгерістер енгізілді. Басты жаңалық – бұдан былай оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелгені. Бұл – көптен бері жұрттың көкейінде жүрген және талай рет талқыға түскен мәселелердің бірі. Өйткені, бұған дейін мұндай талап болған жоқ. Әркім өз мүмкіндігіне қарай киінді. Содан да балалар арасында …

ОҚУШЫЛАР ФОРМА КИЕТІН БОЛДЫ Read More »

САХНАДА – БИШІЛЕР

Петропавл қаласында балалар арасында би фестивалі өтті. Мерекелік шараға 6-17 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Өз өнерін ортаға салып, көптің көңілінен шығуға ұмтылған қатысушылар бұл күні жиналған көрерменге түрлі жанрдағы билерді ұсынды. Жас таланттар, тіпті сахнада өткен ғасырдың 80-ші жылдары танымал болған “Диско” биін де нақышына келтіре орындады. – Бүгінгі фестивалға биді жаны сүйетін жас жеткіншектер …

САХНАДА – БИШІЛЕР Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БЕЛ БАЛАСЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында өмірден озғанына бір жыл болған көрнекті кайраткер, қарымды қаламгер, жерлесіміз Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті. Аталмыш шараға ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, жазушы-мен жеке кездесу сәттеріне ие болғандар мен шығармаларын оқып, оны сырттай құрмет тұтатын жерлестері жиналды.

ЖЕТІ ЖАСТАН ЖИНАСАҢ, ЖЕТЕР

Бұрынырақ қыз бойжетіп, ұзатылғанда жасауына көрпе-жастығымен қоса, самауыр, ыдыс-аяқ, қолдан тоқылған алаша, киім-кешек берілген. Қазір заман өзгерді. Жасау деп аталатын ұлттық дәстүрдің атауы сақталғанымен, оның саны мен сапасы әлдеқайда өзгерген. Заман талабына сай ата-ана қызын ұзатқанда жатын бөлменің, асүйдің жиһаздарын, онымен қоса түрлі тұрмыстық техникасын, тіпті, “темір тұлпарға” дейін апарады. Әрине, ақшаң жетіп тұрса, қызыңнан …

ЖЕТІ ЖАСТАН ЖИНАСАҢ, ЖЕТЕР Read More »

ЫСТЫҚ СУ ШАШҚА ЗИЯН

Перизат есімді оқырманымыз қыс айларында шашты қалай күту қажеттігін сұрап, редакциямызға хат жазыпты. Бұл сұраққа сән салонының қызметкері Биғайша Әкебайқызы жауап береді. Қыс мезгілінде шашқа жақсы күтім жасау үшін оны салқын сумен жуу керек. Шашты кептіруге арналған феннің ыстық температурасы шашқа қандай зиян болса, ыстық су да солай зиян, шаштың қорғаныс қабатын азайтады. Шаш кептіргенде …

ЫСТЫҚ СУ ШАШҚА ЗИЯН Read More »

ЕНЕЛЕР ЕРТЕҢІН ОЙЛАСА…

Бәріміз де баланың бақыты үшін еңбек етіп, өмірдің ыстығы мен суығына төземіз. Бірақ “Балам, балам” деп жүріп, көп жағдайда олардың тәрбие тізгінін қолдан шығарып алғанымызды байқамай қаламыз. Қазір заман басқаша. Бұрынғы кездерде әр отбасында он-он екі баладан болатын. Құдай көптік етпесін, өзім де тоғыз құрсақ көтерген көпбалалы анамын. Бүгінде ұлды – ұяға, қызды қияға қондырып, …

ЕНЕЛЕР ЕРТЕҢІН ОЙЛАСА… Read More »

ҚЫЗДАР, ҚАДІРІҢДІ КЕТІРМЕ…

Соңғы кезде ғаламторды ашып, қарағым келмейді. Неге дейсіз бе? Өйткені, бір жағымды жаңалық көрмейсің. Басқасы-басқа болсын, жаңа туған шақалақтардың өмірін ойыншыққа айналдырған аналардың түрлі жантүршігерлік оқиғалары жайында оқығанда, жағаңды ұстайсың. Естеріңізде болса, жыл басында, яғни 2 қаңтар күні “Алматы – Ташкент автотрассасының бойында орналасқан әжетханадан жаңа туған нәресте табылды. Сәби әжетхананың тесігінен шұңқырға түсіп кеткен…” …

ҚЫЗДАР, ҚАДІРІҢДІ КЕТІРМЕ… Read More »

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ

Шаңырақ” қосымшасының өткен санында (07.01.2016 ж.) “Жиендік дәстүрін жоғалтпайық” деген тақырыпта шыққан сауалнаманы оқып, ойға қалдым. Бұл – орынды қозғалған мәселе. Шыны керек, қазір кейбір салт-дәстүрден қол үзіп қалдық. Әсіресе, жастар жағы жылдар бойы жалғасын тапқан ғұрыптарды біле бермейді.

ЕРЛІККЕ ТЕҢ ЕҢБЕК

“Соғыстың құны – кесілген білек Соғыстың құны – тесілген жүрек Соғыстың құны – лаулаған орман Соғыстың құны – уланған арман Соғыстың құны – өртенген аспан Соғыстың құны – төгілген жас қан…”, – деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бүкіл еліміз біртұтас майданға айналғаны баршаға мәлім. Міне, сол сұмдық соғыстың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл …

ЕРЛІККЕ ТЕҢ ЕҢБЕК Read More »

ӘКЕМІЗ БІЗДІҢ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ!

Әр балаға өз әкесі асқар таудай көрінетіні рас. Мен әкемді басқаға тең көрмеймін. Оның бойындағы асыл қасиеттер отбасына ғана емес, басқаларға да үлгі боларлық. Әкем Айтмұхан Әлімовті ақжарлықтар жақсы таниды. Жұрт аузына түсетін оның бірінші қасиеті – өнерсүйгіштігі. Он саусағынан бал тамған әкемнің шеберлігінде шек жоқ. Ол діттеген ойын жүзеге асыру үшін күні-түні еңбектенуге дайын. …

ӘКЕМІЗ БІЗДІҢ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ! Read More »

ҚОЛТАҢБА ҚОЙЫП, ӨТЕМАҚЫ АЛ

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгеруіне байланысты салымшыларына өтемақы төлеу механизмін іске қосты. Республика бойынша 467 мыңнан аса салымшысы бар банктің өтемақысына бағытталып отырған қаржы – 171,9 миллиард теңге. Ол қаржы мемлекеттік бюджеттен және банктің өз қорынан бөлініп отыр.

АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше қарқын алып, оның алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосу үшін қоғамның санасы таза болуы қажет. Өткен жылы облыстық жер инспекциясы басқармасында да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Қазіргі уақытта жоспардағы барлық іс-шаралар орындалуда. Атап …

АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР Read More »

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ

Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке “Самұрық-Қазына” АҚ бірлесіп, мемлекет қатысатын барлық компанияларға талдау жүргізуді, жеке секторға беруге жататын кәсіпорындар тізбесін айқындауды тапсырды. Елімізде мемлекеттік меншік пен ұлттық компаниялардағы кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға қосуға мүмкіндік беретін жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Қазақстан Республикасының Үкіметімен жекешелендірудің жаңа тәсілі қолданысқа енгізілді. Бұл ретте жекешелендіруден …

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ Read More »

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОНЫ СЕРПІЛІС

Сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Судьяларды даярлау мен іріктеу жөніндегі талаптардың күшейтілуі, үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жаңа алқаның құрылуы және басқа да бірқатар жаңашылдықтардың бәрі Елбасы бастамасымен қабылданған “100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі …

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОНЫ СЕРПІЛІС Read More »

ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында кезекті брифинг өтті. Онда “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтылды. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан ұлттық сот жүйесі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ондағы жаңашылдықтар туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахыт Касеинов …

ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ ҚАЛЫҢДАДЫ

Уәлиханов ауданының әкімі Аман Төрегелдин өзінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде 2015 жылдың қорытындылары туралы баяндап, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко қатысты.

КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ АЯҚТАЛДЫ

Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттардың 99 пайызы жоғары білімді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Оның атап өтуінше, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

Азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға биыл – 25 жыл. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан көптеген сынақтарға төтеп беріп, биік белестерді бағындырды. Мұның барлығы – Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктер. Қашанда халықтың жағдайын ойлап, әл-ауқатын жақсартуды мақсат еткен Мемлекет басшысының қабылдаған әр шешімі, түйінді ойы жүрекке жылылық сыйлап, ертеңгі күнге деген сенімді бекіте түседі.

КЕЗЕГІН КҮТІП ТҰРҒАН ІСТЕР КӨП

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевтің тұрғындар алдында есеп беру кездесуіне қатысып, алда тұрған бірқатар келелі міндеттерді белгіледі. Алдымен облыс әкімі аудан орталығындағы “Визигин” жеке кәсіпкерлігі қолға алған азық-түлік супермаркетінің құрысымен танысты. Азық-түлік дүкені биыл наурыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Евгений Визигиннің айтуынша, жоба құны 20 миллион теңгені құрайды. …

КЕЗЕГІН КҮТІП ТҰРҒАН ІСТЕР КӨП Read More »