«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.02.2016

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бұрнағы күні “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХIII конференциясы болып өтті. Облыстың барлық өңірінен 130 делегат қатысқан алқалы жиынды “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ерік Сұлтанов ашты.

ГҮЛ ӨСІРІП ТЕ ТАБЫС ТАБУДА

10 ақпан күні Айыртау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Аманбек Махметов тұрғындар алдында есеп берді. Бұл алқалы жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

ІЛГЕРІ БАСУШЫЛЫҚ БАР

Сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Владимир Дудов тұрғындар алдында есеп беріп, оған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Аудан басшысы баяндамасын ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуы және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуынан бастады. “Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында “Сабан қағазы” ЖШС целлюлозалық қағаз жасайтын зауыт салуды жоспарлады. Тартылатын инвестиция көлемі 300 миллион …

ІЛГЕРІ БАСУШЫЛЫҚ БАР Read More »

МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІЛЕДІ

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тұрғындармен қорытынды бесінші есепті кездесуі өтіп, оған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Шаһар басшысы, ең алдымен, тұрғындарды өткен жылы атқарылған жұмыстардан құлағдар етіп, маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарына тоқталды. 2015 жылғы қаланың даму қорытындысын тілге тиек еткен қала әкімі алда атқарар жоспарларымен де бөлісті.

АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСКЕН ҚАРИЯ

Тәртіп сақшылары биылғы жылдың басынан бері облыс аумағында 101 алаяқтық фактісін тіркеді. Адамның сеніміне кіріп, қолайсыз сәттерді оңтайлы пайдаланудың әдіс-тәсілдеріне қанық алаяқтардың арбауына түсіп жатқандар әлі де баршылық. Ақырында басқа амалы қалмаған жәбірленушілердің полицияға жүгінулеріне тура келеді.

АРДАГЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ішкі істер органдары қызметкерлері арасында футболдан және Макаров тапаншасын атудан сайыс ұйымдастырылып, үздіктер анықталды. Ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің футбол алаңындағы күш құрылымдарының қызметкерлерінің сайысында аудандық полицейлер басым түсті. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері екінші орынды иеленсе, үшінші орын облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандарына бұйырды. …

АРДАГЕРДІҢ ЖЕҢІСІ Read More »

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі, “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі және “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. “Қайырымдылық керуені” жалпы ұлттық акциясы аясында жүзеге асқан жоспарлы іс “ Жақсылық жаса! Твори добро!” деген атпен өтті.

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН

Биыл азаттық туын көтеріп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға – 25 жыл. Бұл – егемендігімізді нығайту жолындағы өлшеусіз еңбекті қорытындылайтын мерейлі сәт. Осы жылдар ішінде Елбасының сындарлы саясаты арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Бірақ алар асулар әлі алда.

ЕРІКТІЛЕР ДЕ САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында кезекті брифинг өтіп, онда Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өңіріміздегі филиалының атқаратын жұмысы әңгіме өзегіне айналды.

ЗАМАНАУИ МЕЙРАМХАНА

Петропавл қаласында бой көтеріп жатқан нысандар аз емес. Жақында 200 орындық “Мираж” мейрамханасы ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.