«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.02.2016

ҚЫСҚАША

Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда өскемендік “ШҚО” құрамасымен кездесті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова. Кездесудің бірінші күні жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші күні 3:2 есебімен басым түсті. Сөйтіп, 89 ұпайы бар “Құлагер” командасы турнир кестесінде 4-орынға жайғасты.

МҰЗ ҚАЛЫҢ ДЕП ОЙЛАМА…

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл өзеніндегі қауіпті аймақтарда рейд өткізді. Қыстыгүні балық аулау қызықты болғанымен, аса қауіпті әуесқойлық. Петропавлдық балықшылар өзенді жағалаған сайын құтқарушылар да сол маңнан табылады.

ВАСИЛИЙ ВОЛОШИН – ФИЗИКА ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ

Облыстық білім басқармасының бастамасымен білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандары физика пәні мұғалімдерінің сайысын өткізді. Оған облыс мектептерінен 27 мұғалім қатысты. Олимпиада осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Аудандық деңгейде қашықтықтан ұйымдастырылған бірінші кезеңге 100-ден астам физика пәнінің мұғалімі қатысқан. Ол кезеңнің жеңімпаздары облыстық олимпиадада білім додасына түсті.

“ШЫҒА ШАПҚАН ЖҮЙРІК ЕДІ”

Белгілі ақын, жерлесіміз Ерік Асқаров көзі тірі болғанда, ақпанның 10-шы жұлдызында 57 жасқа келер еді. Айтулы тұлғаның туған күніне орай Мағжан Жұмабаев ауданындағы №4 Булаев орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Шыға шапқан жүйрек еді” атты әдеби кеш өтті. Шараға ақынның туыстары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ, ЖАС ҰЛАН!

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде “Жаңа бастамалар – жаңа реформалар” атты конференция өтіп, оған өңіріміздегі жоғары және арнаулы білім беру орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Шара барысында сөз алған “Жас Отан” жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Абылайхан Қайроллаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында жастарға жүктелген тапсырмалар жайында баяндады.

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының облыстық филиалында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Оған облысымыздың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткен сайыстарда бақ сынап, жүзден жүйрік шыққан 14 үміткер қатысты.

ӘРІ ҮНЕМШІЛ, ӘРІ ҚАЙЫРЫМДЫ

Кәсіпкер жолдастарымызбен бірге сарапшылардың еліміздің экономикалық тұрғыдан ертеңі жайлы болжамы мен пікірлерін ортаға салып, әдемі әңгіме өрбітіп отырмыз. Сөздің бір шеті үнемдеуге келіп тірелді. Данияр атты інім “Шетелде зауыты бар бір ірі кәсіпкер жолдасыммен Америкада жүрміз”, – деп бастады әңгімесін. “Америка – дамыған ел. Ол жердегі ірі кәсіпкерлермен кездесулерден қолымыз босаған уақытта APPLE-нің арнайы фирмалық …

ӘРІ ҮНЕМШІЛ, ӘРІ ҚАЙЫРЫМДЫ Read More »

ҚАЖЫЛЫҚ – ПАРЫЗ

Егер мұсылман адам қажылыққа деп жинаған қаржысын жағдайы жоқ туған-туыстарына, қария-қарттарға, жоқ-жітікке таратып берсе, оған қажылыққа барып келгендей сауап жазыла ма? Ержан ЕСБОЛАТ. Ақжар ауданы.

АБАЙДЫҢ АЙТҚАНЫН ТЫҢДАСАҚ…

“Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде “Тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?” дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай Тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп …

АБАЙДЫҢ АЙТҚАНЫН ТЫҢДАСАҚ… Read More »

ҚАСИЕТТІ КІТАПТЫ КӨШІРДІ

Үндістанның Джаркханд штатында көру мүмкіндігінен айрылған мұғалім Құран Кәрімді Брайль шрифтімен көшіріп шықты. Ол Қасиетті кітаптың зағиптарға арналған нұсқасын дайындауға үш жыл уақытын жұмсапты. 2005-2008 жылдар аралығында көшірме авторы Құран мәтіндерін Брайль жүйесінде хинди тіліне аударған, одан кейін мәтінде кеткен қателерді түзетуге де біраз уақытын шығындапты. Ол жақын күндері кітапты баспадан шығаруға көмек берушілердің табылатынына …

ҚАСИЕТТІ КІТАПТЫ КӨШІРДІ Read More »

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Облыстық дiн iстерi басқармасының ұйымдастыруымен конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары және облыстық орталық “Қызылжар”, қалалық “Нұр” мешіттерінің имамдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерiмен кездестi.

ДІНИ БІЛІМГЕ – ЖАҢА САПА

Діни білім беру – жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Ислам дінінің дамуына, әлемдік деңгейге көтерілуіне, өркендеуіне мұсылмандардың білімге құштарлығы да әсер етті. Медреселер ислам ғұламаларын даярлайтын негізгі орын болды.

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы сайлау кезінде барлық учаскелерде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша брифинг өткізді.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР әңгіме тақырыбына айналды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы кезекті брифинг ұйымдастырды. Бұл жолы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Антон Федяев 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылдың жоспарын алға тартты.

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ – ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Салық салудан жасырған немесе елден шығарылған көлеңкелі капиталды, мүлікті және қаржыны жария ету – бюджетті толықтырудың және экономиканы дамытудың тиімді жолы бола алатын ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік міндет. Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында тұрақсыз әлемдік экономика мен оның беталысы Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп, осы бір …

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ – ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛ және МӘҢГІЛІК ТІЛ

Елбасы алдағы жылдары көш басындағы 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін “Қазақстан – 2050” Стратегиясын және Бес институттық реформаны іске асыруға бағытталған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын ұсынды.

ЕҢ ТИІМДІСІ – ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ

Елбасы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру, олар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау міндетін қойған еді. Осыған орай облыстық прокуратура ұйымдастырған “Ресолизация: Сен қоғамға керексің” форумына облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко, құқық қорғау …

ЕҢ ТИІМДІСІ – ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ Read More »

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Кеше облысымызға “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге “ЗИКСТО” акционерлік қоғамында болды. Кездесу барысында кәсіпорынның әлеуеті таныстырылып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.