ҚЫСҚАША
Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей командасы өз алаңында “Теміртау” хоккейшілерін қабылдады. Кездесудің бірінші күні жерлестеріміз 6:5 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде 5:1 есебімен ұтты.
Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей командасы өз алаңында “Теміртау” хоккейшілерін қабылдады. Кездесудің бірінші күні жерлестеріміз 6:5 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде 5:1 есебімен ұтты.
“Биыл қар қалың түсті. Көктемде өзен мен көлдердің су деңгейi қаншаға көтеріледі екен?” – деген ой көпшілікті мазалап жүргені сөзсіз. Көктем жақындаған сайын су айдыны жағасында қауіпсіздік ережелерін бір уақыт та естен шығармау керек. Өзенде мұз көшкiнi басталған сәттегі табиғат көрінісі кез келген адамды өзіне баурайды. Осындайда балалар ата-анасының қарауынсыз су жағасына баруға әуес. Өзеннің …
Еліміздің “Жол қозғалысы туралы” Заңына сәйкес облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 001, 002, 003, 100, 200, 300, 777, 888, 999 секілді бірыңғай нөмірлер сатылымға шығарылды. Былтыр жалпы сомасы 22 миллион теңгенің 67 нөмірі сатылыпты.
Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесіне орай “Болашақ біздің қолымызда” форумы өтті. Шараны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. “Болашақтың энергиясы” және “жасыл” экономика бағытындағы Қазақстан жолы” ұранымен өткен форумның мақсаты “ЭКСПО – 2017” көрмесінің еліміз үшін маңызын ұғындыру. Сондай-ақ, шара арқылы жастардың экологиялық мәдениетін және …
“Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы ауылдардағы кадр жетіспеушілігі мәселесін шешуге бағытталған. Аудан әкімдіктері және “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ өңірлік филиалы арқылы ұйымдастырылатын мемлекеттік бағдарламада бір реттік жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу мәселесі қарастырылған. 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан аталмыш шара бойынша облысымыз бес жылда 2,1 миллиард теңгені игерген. Өткен жылы 416 …
2016 жылғы қаңтардағы дерек бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 пайызға, ал ауыл шаруашылығы 0,6 пайызға ұлғайды. 2016 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады.
2008 жылдың күзінде іске қосылған “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС-і өз өнімдерін облыстан тысқары жерлерге де, атап айтқанда, Ақмола өңірі мен Астана қаласы тұрғындарына да сатуда. Бүгіндері оның 6 тауық қорасында 30 мыңнан астам балапан өсірілуде. Мұнда күн сайын 6 тонна құс еті дайындалады. Фабрика 2014 жылы 1504 тонна ет өндірсе, былтырғы көрсеткіш одан 200 тоннаға …
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге ерекше басымдық берілді. Ал бұл Қазақстанның болашақта серпінді дамуына жағдай жасайды.
Төрт түліктің ішіндегі ірі қараны түлету үшін “Сыбаға” бағдарламасының мүмкіндігі зор. Оның көмегімен өңірімізде мал шаруашылығын дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Солардың қатарында Уәлиханов ауданының тұрғыны Біләл Сарқытжанды да атауға болады.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Вице-премьердің пікірінше, ет өндірісіндегі жоғары әлеуетті экспортқа пайдалана отырып, жаңа мақсаттар қоя білу қажет. Қазақстандық экспорттаушылар жаңа нарықтарды игере бастады, әрі қарай дамуға да негіз бар, сондықтан экспорттың бағыттарын анықтау керек.
“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Петропавл қаласындағы №23 орта мектепте болған жөндеу жұмысының және “Қарасай” хоккей корты құрылысының сапасымен танысты.
Облыс орталығын қардан тазалаудың жайымен танысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов коммуналдық қызметтің жетекшілеріне бірқатар ескертулер жасады. Қардан тазалау бойынша бас мердігер “Су-808” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн сайын Петропавл қаласы көшелерінен 6 мың текше метрдей қар шығарады екен.