«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.03.2016

Өтірігі опық жегізді

Облыс орталығының 46 жастағы тұрғыны Петропавл қалалық сотының үкімімен лаңкестік туралы жалған ақпарат таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды. Оқиға өткен жылдың 9 қарашасы күні Заречный кентіндегі үйлердің бірінде орын алған. Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына белгісіз ер адамнан “бомба” қойылғандығы жайлы хабар түскеннен кейін аталған мекенжайға тиісті органдардың қызметкерлері дереу …

Өтірігі опық жегізді Read More »

ҚОЛДАН КЕЛСЕ, КӨМЕГІҢДІ АЯМА

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыларына, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ — ҚЫЗДАР

Петропавл қаласының Мәдениет үйінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізді. Бүгінде департаменттің құрылымдық және ведомстволық бөлімшелерінде 112 қыз-келіншек еңбек етеді.

ҚОС ҚАРЛЫҒАШ

Нәзіктіктен жаралған бойжеткендер арасында спорт саласының биік белестерін бағындырып жүрген қайсар қыздар аз емес. Сонау Кеңес заманында әлемді мойындатқан мерген Гүлшат Майлыбаевадан бастап, Әлия Юсупова (көркем гимнастика), Келбет Нұрғазина (дзюдо), Лия Нүркина (таэквондо), Зәуреш Байбосынова (нысана көздеу), Айнұр Керей (синхронды жүзу), Жансая Әбдімәлік (шахматшы) сияқты қазақтың қайсар қыздарының барлығы – спорт деген ашық аспанның жарқыраған …

ҚОС ҚАРЛЫҒАШ Read More »

МАҚПАЛ — МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Қоғамдық тәртіп күзетінде де ер-азаматтармен бірге иық тірестіріп, жауапкершілік үдесінен көрініп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Солардың бірі – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы Мақпал Жәменова. Мақпалдың құқық қорғау органына келгеніне биыл, міне, 10 жыл толды. Тарих үшін бұл қас қағым сәт болып көрінгенімен, жеке тұлғаның өз ортасында қабілет-қарымын көрсетуі үшін жеткілікті уақыт. Мақпал …

МАҚПАЛ — МАҚТАНЫШЫМЫЗ Read More »

Ақылына көркі сай

Бүгінде Үкімет тарапынан жас кәсіпкерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Осындай мүмкіндікті пайдаланып өз ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі – Раушан Ералина. Қазіргі таңда облыс орталығында оның үш дәріханасы бар. Табан ақы, маңдай терімен табыс көзін аша білген кәсіпкер болашақта тағы екі дәріхана ашуды жоспарлауда.

ҰСТАЗ МҰРАТЫ — ІЗДЕНІС

Облыс орталығындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Жанар Таласпаеваның күнделікті өмірі қарбаласқа толы. Алайда, Жанар өз таңдауына, ұшы-қиыры шексіз білім-ғылым саласында қызмет етіп жүргеніне ешқашан өкінген емес. Өйткені, оны ұстаздық жолға ата-анасы салған болатын.

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Кез келген отбасында әженің алар орны ерекше. Өйткені, әже – татулық пен бірліктің ұйытқысы. Ол кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Әженің тәрбиесін көріп, өнегесін ұқса, ертеңгі күні ұрпағымыздың болашағы жарқын боларына менің сенімім кәміл. Осы ретте балаларыма жақсы тәрбие беріп, ұрпағыма өнегелі қасиеттерімен үлгі болып отырған енем Күлбаршын Рахимова туралы өзімнің азды-көпті ойларыммен бөлісуді …

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ Read More »

ІЗГІ ТІЛЕК — ӘРІПТЕСТЕРГЕ

Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамда, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Әйел – отбасының ұйытқысы, сұлулықтың символы.

ҚАЙСАР ҚЫЗДАР

Қызара бөрткен күннің көзі, Қожым ағашының ар жағына еңкейгенде Сауран шал екі өгіздің басын босатып, ертеңгі күнге дейін ентігін басып, есін жисын дегендей, Есілдің алқасына қарай беттерін бұрып, жібере салды да, өзі үйіне қарай бет алды. Кешегідей емес, ентігі күшейіп, осы жүрек тұсым ғой деген жері шымшуын жиілеткен сияқты. Жасы жетпістің бесіне шықса да, ешкімге …

ҚАЙСАР ҚЫЗДАР Read More »

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ

Балаларын бақытына, баға жетпес асыл қазынаға балаған көпбалалы жас аналардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны Жазира Төлебаева. Көркіне ақылы сай Жазира Құдай қосқан қосағы Алмаз екеуі бүгінде Шыңғыс, Айша, Санжар, Мәриям есімді балаларын өсіріп, тәрбиелеп отыр. Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында туып-өскен отағасы – “Қызылжар су” акционерлік қоғамының қызметкері. Ұстаздық жолды таңдаған Жазира қазір бала күтіміне …

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ Read More »

Қысқы маусым жабылды

Борки кентінде қысқы спорт маусымының жабылу салтанаты өтті. Қыс бойы облыс тұрғындары қалауларынша коньки мен шаңғы тепті. Хоккей корттары да көптеп ашылды және ешқайсысы бос тұрған жоқ. Жалпы бір жыл ішінде облыста қырықтан астам спорт нысаны бой көтерген. Қысқы спорт маусымының жабылуына келген тұрғындарды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

ТІРШІЛІКТІҢ ШЫРАЙЫ МЕН ШЫРАҒЫ

Бір қолымен бесікті, енді бір қолымен әлемді тербететін аналарға деген құрмет 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, тіпті, еселене түседі. Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов мәні мен мазмұны терең мейрамға орай сан алуан салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді салтанатты түрде құттықтады.