«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.03.2016

ӨКПЕ СЫРҚАТЫ — ЖҰҚПАЛЫ

Елімізде жыл сайын ақпанның 24-і мен наурыздың 24-і аралығында туберкулезге қарсы күрес айлығы ұйымдастырылады. Оның мақсаты – тұрғындарды өкпе сырқаты жайлы ақпараттандыру және сырқаттың алдын алу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын шамамен 9 миллионға жуық адам жұқпалы ауру түріне шалдығып, соның 2 миллионы осы аурудан көз жұмады екен.

ЕШКІ СҮТІ САН АУРУҒА ЕМ

Ешкі сүтінің сан түрлі дертке дауа екенін әркім біле бермейді. Көптеген дәрумендерге және басқа да микро, макроэлементтерге бай болғандықтан, адам ағзасына өте пайдалы өнімнің созылмалы сырқаттарды емдеуге де көмегі зор. Нақтырақ айтар болсақ, аллергиядан, жүрек, асқазан, буын, тағы да басқа аурулардан ешкі сүті арқылы айығуға болады.

ЖАС МАМАНДАРМЕН ОРТА ТОЛАДЫ

Биыл өңірімізге 60-тан астам жоғары білімді медицина мамандары жолдамамен келетін болды. Мұның өзі кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпал жасары сөзсіз. Бүгінгі күні өңірімізге терапевт, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер қажет. Осыған орай жоғары білімді медицина мамандарын даярлайтын Астана, Қарағанды, Семей қалаларындағы оқу орындарының түлектерімен келісім жасалыпты. Өткен жылы облысымызға жолдамамен келген 70-ке жуық медицина қызметкері …

ЖАС МАМАНДАРМЕН ОРТА ТОЛАДЫ Read More »

ЕКПЕДЕН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

“Ұлым 5 жаста, бірнеше тағам түрлеріне аллергиясы бар. Менің білейін дегенім, аллергияға шалдыққан балаға екпе қоюға бола ма, ауруы одан бетер асқынып кетпейді ме?”. Ұлжан БАСПАЕВА, Петропавл қаласының тұрғыны.

МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, туберкулез аурулары біздің өңірімізде ғана емес, жалпы елімізде кең етек жайып тұр. Оның алдын алу мақсатында медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағанов айтып берді.

БЕСПАЙ ШЫҚҚАН БЕЛЕСТЕР

Беспай ағамызды Қызылжарда бәрі бірдей біледі демесек те, оның есімі көпшіліктің аузында жылы аталатынын өз басым талай рет естіп те, көріп те жүрмін. Уақыт дегенің сол, аққан судай, үнемі тоқтаусыз. Олай болса, кешегі әкесін ел сыйлаған ауылдың бел баласы бүгінде ел ағасы десек, артықтығы жоқ. Ауыл демекші, Беспайдың тал шыбықты ат қылып мініп, балақ түріп …

БЕСПАЙ ШЫҚҚАН БЕЛЕСТЕР Read More »

ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЙРАТТЫ ҰЛЫ ЕДІ

Мағжан Жұмабаевтың аты белгілі жерлестерінің бірі – Зейніш Шәріпов. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы ақын атындағы ауданның Сарытомар ауылында 1907 жылы дүниеге келген. Дәлірек айтсақ, Сасықкөлден (Мағжанның туған жері) 5 шақырым жердегі әкесі Рамазанның қыстауында туған.

БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ — ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауы – халықты біріктіретін маңызды құжаттардың бірі. Жолдаудың мәні мен мазмұны Мемлекет басшысының көрегендігін, әлемдік экономикалық дағдарыс пен геосаяси проблемалардың әсерінен туындаған қиын жағдайға, қазіргі сын-қатерлерге жедел, тиімді әрі ғылыми негізделген шешім табу шеберлігін танытты. Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдардың …

БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ — ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ Read More »

АЛҒАШҚЫ КООПЕРАТИВ

“Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” Заң биылғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Аталмыш заң аясында Уәлиханов ауданында алғашқы ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Жиһаздары сұранысқа ие

“Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасының арқасында “Солтүстік Қазақстанда жасалған” белгісімен дүйім жұртшылыққа танылып жатқан жиһаздар теріскейде ғана емес, еліміздің өзге де аймақтарына кең тарауда.

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық білім басқармасы ұжымының мүшелері үшін семинар-кеңес өткізді.

ӘРДАЙЫМ АЛҒЫ ШЕПТЕ

Ерте көктеммен бірге өңірімізде дала жұмыстарына әзірліктің қыза түсетіні белгілі. Биылғы науқанға білек сыбана кіріскелі отырғандардың қатарында Жамбыл ауданындағы “Атамекен-Агро” серіктестігі де бар. Мұнда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген механизаторлардың бірі – Берік Дайыров.