Мерекелік құттықтау
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді жарқын мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді жарқын мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өңір жағымды жаңалықтармен айшықталуда. Кеше Петропавл қаласында “Astek” автоорталығы пайдалануға беріліп, салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Ұлыстың ұлы күніне арналған “Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен” атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Күллі түркі жұртына ортақ мерейлі мерекеге арналған шараны тамашалауға аға буын өкілдері мен ұстаздар, студенттер мен оқушылар жиналды. Игі шарада дәстүр-салтымыздың озық үлгілері көрсетіліп, төл мерекеміздің тарихы әңгіме өзегіне айналды.
Азаттықтың арайлы таңы атқан күннен бастап өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз табылып, ұлттық құндылықтарымыз қайта ортамызға оралды. Соның ішіндегі інжу-маржаны – Наурыз мерекесі. Сәні мен салтанаты өзгеше бұл мейрамға деген ілтипат жыл санап артып келеді. Бұрынғыдай емес, Ұлыстың ұлы күнінде алыс-жақын ағайын-туыстың бірін-бірі іздеп барып, дастарқан басында шүйіркелесуі бауырмалдықтың, адамгершіліктің үлгісіне айналды. Әсия апаның шаңырағы да әз …
Петропавлдағы медициналық колледждің төртінші курсында оқып жүрген Омар Жамал – түрік этносының өкілі. Ол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін асыға күтіп жүр. Өйткені, Омар бұл күні ең сүйікті асы – наурызкөжені дайындап, құрбы-құрдастарының үйіне мерекелеп бармақ. Оның етене жақын араласатын достарының көбі – қазақтың ұл-қыздары.
Түркітілдес халықтардың ортақ тарихының бір дәлелі саналатын Наурыз мерекесі барша жұртты бір мақсатқа үндеп, татулық пен бірлікке шақырады. Дегенмен, әр елдің салты басқа дегендей, Наурыз мейрамын түбі бір түркі халықтары әрқалай қарсы алады. Біз әңгімеге тартқан Абдулали Гурбанов 1958 жылы Әзірбайжанның Ленкоран ауданында дүниеге келген. Орта мектепті тамамдағанша туған жерінің топырағына аунап, ата-баба салт-дәстүріне қанығып …
Наурыз айының ортасы болып қалса да, солтүстіктің қытымыр қысы әлі де етек-жеңін жинар емес. Биылдыққа молынан түскен жауын-шашынның үстін осыдан екі-үш күн бұрын ғана жаңартқан қар күн сәулесіне шағылысып, айналаны нұрландыра түскендей. Тылсым табиғаттың әсем көрінісін тамашалаумен жол қысқарып, Аққайың ауданындағы Дайындық ауылына тез жеттік.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне де санаулы күндер қалды. Наурыз – жаңару мен жанданудың мейрамы. Бұл күні адамдар күнделікті қым-қуыт, қарбалас тіршіліктерінен бір сәт босап, тағы бір жылды аман-есен еңсергендеріне шүкіршілік айтады, келер күннен жақсылықтар күтеді. Қазақ халқы ғана емес, күллі Шығыс әлемі үшін жыл басы саналатын Наурыз шаттықтың, молшылықтың, бірлік пен берекенің мерекесі …
Наурыз мейрамының ерте заманнан бастау алатыны жөнінде деректер өте көп. Олардың көбі мәселен Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұрт тауына келген сәтінде топан суының кері қайтқанын, сонда жерге табаны тиген тіршілік иелері қуанғандарынан қауышып, аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татқанын, сондықтан да көктемнің бұл күнінің жай жаңа күн емес, Ұлыстың ұлы күні деп аталатынын айтары хақ. …
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатына кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов қатысып, аталмыш салада атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.Басқарма басшысы баяндамасын шағын және орта бизнестегі оң өзгерістерден бастады. Бүгінде бұл салада 35,5 мың субъект тіркелген. Олар 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында 224 миллиард …