«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.03.2016

КӨКТЕМНІҢ ЖАРШЫСЫ — ӘЗ НАУРЫЗ

Облысымызда табиғат ананың жаңаруы мен қайта түлеуін білдіретін ең шуақты мейрам – әз Наурызды тойлау басталып кетті. Биыл мерекелік шаралар үш күнге жоспарланып отыр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Петропавл қаласының орталық алаңындағы салтанатқа халық көп жиналды. Бұл күні Алланың нұры – ақ жауын да сіркіреп тұрды. Көрген адам қол алысып, төс қағыстырып күн мен түннің …

КӨКТЕМНІҢ ЖАРШЫСЫ — ӘЗ НАУРЫЗ Read More »

ҮЛГІ ТҰТАР ТҰСТАР БАР

Қазақстан Республикасындағы сайлау барысын Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан байқаушы миссиясын атқаруға келген өкілдер Петропавлдағы Достық үйінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ — “НҰР ОТАН”

Жексенбі күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында “Нұр Отан” партиясы сайлаушылардың 82,15 пайыз дауысын жинап, алты партияның ішінен топ жарды. Осыған байланысты облыс орталығындағы Спорт сарайында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен “Нұр Отан” партиясының мыңдаған белсенділері мен жақтастарының басын қосқан форум өтті.

Кемел келешек үшін

Үстіміздегі жылдың 20 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы біздің өңірімізде де ұйымшылдықпен өтті. Бұл күні Солтүстік Қазақстан облысында 697 сайлау учаскесі келушілерге өз есігін айқара ашты. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов №644 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.