«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.03.2016

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА ҚЫЗЫП ТҰР

Жуырда ашылған www.eauc.kz. – пайдаланылуы шектелген мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы. Мұнда еліміздің сот орындаушылары борышкерлерге тиесілі мүлікті сот шешімімен тәркілеп, ғаламтор желісі арқылы саудалайды. Осылайша түскен қаржымен меншік иесінің қарызы өтелмек. Елімізде бұл жүйе екі жылдан бері жұмыс істеуде.

Жеңгетай құрықталды

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен Петропавл қаласындағы сауналардың бірінің әкімшісін қамауға алды. Бүгінгі күні оның үстінен Қылмыстық кодекстің “Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық” бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мерекелік дастарқан сәні

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және Петропавл қалалық кірістер басқармасының мамандары ұлттық тағамдар байқауын ұйымдастырды.

ОҚУШЫЛАР ЕРЛЕДІ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV кезеңі және “Мәңгілік ел жастары – тәуелсіздік тұғыры” атты жоғары сынып оқушыларына арналған слет мәресіне жетті. Республикамыздың барлық өңірінен 576 оқушы қатысқан білім додасында Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үздік олимпиада командасы атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

МЕНТАЛИТЕТІМІЗДІ ӨЗГЕРТУІМІЗ КЕРЕК

Мұхаммед па­й­­­­­­ғам­бар, одан қала бер­ді бүкіл араб сауда­гер болған. Өйткені, олар қоныс тепкен тер­ри­торияның бәрін құм алып жатыр. Табиғат жағдайы басқа кәсіппен айналысуға мүмкіндік бермеген, ыстық. Сөйтіп, бір жағы Рим империясы, бір жағы Египеттің арасында делдал болып, саудамен күн көрген. Ал өзімізге келсек, қазаққа саудагер болу жараспайды. Яғни, қазақтың шүйгінді, шұрайлы, табиғи ресурстарға бай жері …

МЕНТАЛИТЕТІМІЗДІ ӨЗГЕРТУІМІЗ КЕРЕК Read More »

САБАҚ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМА

Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек ете бастағаныма он үш жыл болды. Қиындығы, қызығы мен қуанышы мол еңбек жолымдағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Ұстаздардың ішінде математика пәні мұғалімдерінің жүгі ауыр. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре …

САБАҚ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМА Read More »

НӘЗІК ТЕ ҚАЙСАР ЖАН

“Ұстаздық – ұлы тұлға” дегендей, ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандық. Ерік-жігері мықты, табанды адам ғана бұл мамандықты меңгере алады. Біздің тәжірибелі әріптесіміз Ғазиза Қожағұлова – ұлағатты ұстаздықты таңдаған осындай жандардың бірі.

Бірлескен жұмыс тиімді

Мұғалім тиімді тәсілді дұрыс қолданған жағдайда сыныпқа, мектепке өзгеріс енгізе алады. Оқушы белсенділігін арттыруда интербелсенді әдіс баланың өз бетімен жауапты табу дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ МҮМКІН БЕ?

Біздің аулада 8-9 жас шамасындағы қыз бала тұрады. Бір байқағаным, ол өзімен шамалас балаларға қосылмай, әжесінің жанынан шықпайды. Сөйтсем, ол мылқау екен. “Ауру кірді – әлек кірді” деген осы болар. Қаршадай баланы жападан-жалғыз осындағы мектеп-интернатқа жіберуге қимай, ауылдағы жалпы білім беретін мектепке бердік. Онымыздан түк шықпады. Құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын баламен сыныптастары да араласып кетпеді. …

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ МҮМКІН БЕ? Read More »

БОЙЛАРЫНА СЕНІМ ҰЯЛАТАЙЫҚ

Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау кезінде кездесетін қиындықтарға психологиялық тұрғыдан төтеп бере білуге үйрету маңызды. Оларға осы кезеңде түсінушілікпен қарап, алдағы кедергілерді шешуге, күн тәртібін құруға, материалды есте сақтап, қайта жаңғыртуға үйретіп, өз қабілеттерін тиімді қолдануға бағыт беру қажет.

Бәрі балабақшадан басталады

Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Құжат “100 нақты қадам” Ұлт жоспары бағдарламасы негізінде әзірленді. Онда 2020 жылы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды арнайы жоғары және кәсіптік-техникалық білімі бар педагогтермен қамту көзделген. Осыған орай “Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру” мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс үлесі жыл сайын ұлғайтылатын болады.

МАҚТАН ТҰТАТЫН БАСШЫ

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында кеңестік дәуірдің қабырғасы сөгіле бастады. Бұл заман тарихта еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік қиын кезеңі ретінде белгілі. Алайда, халық болашаққа деген сеніммен қолында бар асыл қазынасын жоғалтып алмауға тырысып, тіршіліктерін жалғастырды. Сол жылдары өзінің жоспарлы әрекеттерінен, мақсаттарынан тайынбағандардың қатарында бүгінгі Уәлиханов ауданындағы №2 Кішкенекөл орта мектебінің ұжымы да болды.

АДАМНЫҢ КҮНІ — АДАММЕН

Бір әке-шешеден тараған балалар тамырын тереңге тартқан мәуелі ағаштың бұтақтары іспетті. Олардың көрген тәлім-тәрбиесі, бойларына сіңірген адамгершілік қасиеттері, имандылық нәрі, алпыс екі тамыры арқылы тұла бойға тараған қаны бір. Сондықтан да болар, олардың арасында бауырмалдық, кішіпейілділік, өзара жәрдем, туысқандық ыстық сезім сияқты адами қасиеттер берік орнаған. Осы ізгі қасиеттер арқылы ағайындылардың арасындағы қарапайым көзге көріне …

АДАМНЫҢ КҮНІ — АДАММЕН Read More »

Болат МАМЫТБЕКОВ: “МЕНІҢ ӘРБІР РӨЛІМ ӨЗІНШЕ ЫСТЫҚ”

“Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция” деп әйгілі өнер иесі айтқандай, кез келген мәдениет ошағына бас сұғатын адам көңілінің рахатын әртістерден іздейді. Бұл ретте әртістердің берері мол. Осы тұста С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі, мәдениет қайраткері Болат Мамытбековпен әңгімелескен едік.

АУЫЛЫНА АДАЛ АЗАМАТ

Ауыл – әр қазақтың алтын бесігі. Бәріміз де қырдың көк майсасында тай-құлынша тебісіп өстік. Ауылдағы еркіндік, табиғат анамен етене араласқан өмір адамның азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер ететіні шындық. Мың бұралған ақ қайыңдардың ортасында етегін бірнеше көл көмкеріп жатқан Сәбит ауылын білмейтіндер аз. Алып жазушымыз Сәбең туған бұл топырақтан оның ізін басқан талай інілері де қияға …

АУЫЛЫНА АДАЛ АЗАМАТ Read More »

ОТ ПЕН СУДАН ҚАУІП МОЛ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы кезекті брифингін өрт пен су тасқынының алдын алу тақырыбына арнады. Журналистермен кездескен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшылары биыл өрт оқиғасынан қасіреттің көп болғанын айтып, көктемгі су тасқыны бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін екендігін алға тартты.

ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында Саумалкөл және Лобаново ауылдарында наубайханалар ашылды. Саумалкөл ауылындағы нысанды жеке кәсіпкер Александр Гладкий іске қосты.

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ САЛЫҚПЕН КӨБЕЙЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеттерінің бірі екенін атап көрсеткен болатын.

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ

Үстіміздегі жылы оқу жетістіктерін сырттай бағалау Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес жүргізіледі. Осы уақытқа дейін оқу жетістіктерін сырттай бақылау нәтижелерін сараптау көрсеткеніндей, біздің өңірдің оқушылары көбінесе қазақ тілінен, Қазақстан тарихынан жақсы көрсеткіштерге ие болса, математика, физика, химия пәндерінен алған ұпайлары көңіл көншітпейді. Биылғы жылы оқу жетістіктерін тексеру және білім беру …

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ Read More »