«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.04.2016

БАТЫРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Павлодар қаласында қазақ күресінен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбековты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Еліміздің 12 өңірінің үздіктері боз кілемде белдескен сайыста бес жерлесіміз өңір намысын қорғады. 82 килограмм салмақта сынға түскен Алтынбек Аусағитов жарыс жеңімпазы атанды. Ал 74 килограмда белдескен Батырхан Қайырбек күміс медальға ие болды. (Өз тілшіміз).

ӘУЕСҚОЙЛАР САЙЫСЫ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында әуесқой командалар арасында шайбалы хоккейден облыс кубогы өтті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ АРУЫ Олимпиадада ел намысын қорғайды

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Дариға Шәкімова Қытайдың Цзяньан қаласында бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша өткен халықаралық турнирдің жартылай финалдық бәсекесінде жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

ДАРЫНДЫ ДАРИНА

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, жерлесіміз Дарина Батенова Астана қаласында өткен республикалық “Зерде” байқауына қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Еліміздің барлық өңірлерінен қырыққа жуық үміткер бағын сынаған байқауда ол “Отандық туризмді дамытудың тиімді жолдары” тақырыбын ұсынды.

ҚАР СУЫ ҚАУІП ТӨНДІРЕ БАСТАДЫ

Тайынша ауданына қарасты Донецкое ауылының шеткі көшелерін су алып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. Биыл аймақта ылғал мол түсті және күннің күрт жылынуынан қар тез еріп, ағын су аталмыш ауылдың Юбилейная және Степная көшелеріне жайылған.

ПИК ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАЖЕТ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы ғимаратында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының ұйымдастыруымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және тұрғын үй көмегі бюджеттік бағдарламаларын әлеуметтік тексеру нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Нәсіпжан АСҚАРОВА: “ЕРІКПЕН ӨТКЕН ӘР КҮНІМ КӨКТЕМ ЕКЕН”

Қызылжар өңірі – әдебиет пен өнерде, білім мен ғылымда сайдың тасындай небір сайыпқырандар, тарлан таланттар шыққан қасиетті мекен. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы Дүйсеке ауылының тумасы, есімі күллі қазаққа белгілі айтыс ақыны Ерік Асқаров. Өзі өмірден өтсе де, артына өшпес мұра қалдырған ақынның жары Нәсіпжан Асқаровамен әңгімелесудің сәті түскен еді.

АУЫЛ ТІРШІЛІГІНІҢ ТҰТҚАСЫ

Халықтың қамы үшін үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі. Бүгінгі ұрпақ тәрбиелеудегі міндетін анық түсінген Кеңес орта мектебінде ұжымның тыныс-тіршілігі, жетістіктері жөнінде әріптестермен тәжірибе алмастық. Аудан көлемінде өткен әдістемелік семинарда “Шағын жинақты мектепті басқару: мәселелер, ізденістер, шешімдер” тақырыбы әңгіме арқауына айналды.

БИІК МҰРАТТАР БАСТАУЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауы Бес институттық реформа идеясын шығармашылықпен дамытудың, “100 нақты қадам” Ұлт жос­парында көр­сетілген міндеттерді шешудің тетігі болып табылады. Еліміздің дамуы үшін маңызды құжатты заңнамалық қамтамасыз ету бойынша 80-нен астам заң қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылды. Соның аясында білім беру жүйесіне де …

БИІК МҰРАТТАР БАСТАУЫ Read More »

БАҒА ЕМЕС, САПА МАҢЫЗДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтің қатысуымен мемлекеттік сатып алулар бойынша жергілікті тауар үлесін арттыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

“Мен — чемпионмын!” жарысы мәреге жетті

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқушылар арасында ұйымдастырылған “Мен – чемпионмын!” спорт жарысының финалдық ойындары өтті. Аталмыш шараны жанкүйерлермен бірге облыс әкімі Ерік Сұлтанов тамашалады.

КӨКТЕМГІ ҚАРБАЛАС

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұрнағы күні Петропавл қаласының шеткері аудандарын аралап, көшелерді су алып қалудан қорғауға байланысты тиісті басшыларға тапсырмалар берді. Жұмысшы кентіндегі Украин көшесінің тұрғындары жол бойындағы су деңгейінің күннен-күнге көтеріліп келе жатқанына шағымдануда. Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, бүгіндері су сору жұмыстары үзбей жүргізілуде.