МҮГЕДЕКТЕР МҮМКІНДІГІ
Петропавлда жанарынан айрылған жандар арасында шахмат, тоғызқұмалақ және дойбыдан өткен облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.
Петропавлда жанарынан айрылған жандар арасында шахмат, тоғызқұмалақ және дойбыдан өткен облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.
Теміртау қаласында 1998-1999 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан ел біріншілігі өтті. Оған еліміздің әр өңірінен сегіз команда қатысты.
Облыс орталығында есту қабілеті шектеулі мүгедектер арасында шағын футболдан ел біріншілігі аяқталды. Аталмыш сайыста Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері жеңімпаз атанды. Күміс медаль алматылықтарға бұйырса, Алматы облысының өкілдері үшінші орынға ие болды. Ал жерлестеріміз алты команданың ішінде тек төртінші орыннан көрінді. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.
Петропавлдық спортшылар Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында жекпе-жектен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. Бәсекелі сайыста бағын сынаған 7 жерлесіміз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.
Мен Мамлют ауданындағы Краснознаменное ауылының тұрғынымын. Зейнетке шығып, үйдегі кішкентай немереме қарап отырғаныма да көп уақыт бола қойған жоқ. Ауылда өзім сияқты ұлдарын – ұяға, қыздарын қияға қондырып, балдай тәтті немерелерінің әрбір қылығына сүйсініп отырған қарттар жетерлік. Олардың көбімен ауылдағы орта мектеп ғимаратындағы кітапханада жиі ұшырасамыз. Бір қызығы, біз кітапханаға бір мақсатпен – немерелерімізге оқып …
Халқымызда “Ауру қалса да, әдет қалмайды” деген сөз бар. Тіршілік болған соң сол “аурумен де”, “әдетімен де” кездесіп жүрміз. Шынында да, аурудың алдын алуға, оны емдеуге, тіпті, айығып кетуге де болады. Ал әдет қалмайды екен. Осындай жабысқақ жаман әдеттердің бірі – темекі шегу.
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада сирек кездесетін кітаптар көрмесі өтті. Көрме сөресінен шын мәнінде баға жетпес қазынадай құнды кітаптар қойылыпты. Олардың көбі сонау XVIII ғасырда жарық көрген.
Өткен сенбі күні Петропавлдағы “BARTEC Қазақстан” зауытында өрт шықты.
Бұл күні Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрына жиналған өнерсүйер қызылжарлықтардың қатары қалың болды. Олар өңірімізге алғаш рет гастрольмен келген “Астана Балет” театры ұжымының өнерін тамашалады. Еліміздегі киелі өнер шаңырақтарының бірі саналатын ұжым солтүстікқазақстандықтардың назарына “Астана Балет GALA” атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда төлем карточкаларын шығаруды 26 банк және «Қазпочта» АҚ-ы жүзеге асырды.
Салтанат Жапарованы кішкенекөлдіктер аяулы жар, қамқор ана, білікті кәсіпкер ретінде таниды. Салтанат Сапарбекқызының әкесі жылжымалы автодүкеннің жүргізушісі болған. Бала күнінде әкесінің жолын тосып жүретінін еске алған Салтанат өзінің сауда-саттыққа жақын тұруына осы жайттың оң әсері болғанын жоққа шығармайды. Мектеп бітірген соң Салтанаттың таңдауы Көкшетау қаласындағы кооператив техникумы болады. Өзінің еңбек жолын туып-өскен “Ұялы” кеңшарында бастайды.
“Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңның 1-бабы 6-тармақшасында айтылғандай, мүлікті жария ету туралы декларацияны (бұдан әрі – арнайы декларация) мүделлі субъектілер заңда белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына тапсырады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларында белгіленген тапсырмаларды орындау бойынша нақты жұмыс атқаруда.
Бүгінгі нарық заманында бәсекелестікпен өмір сүру – уақыт талабы. Әсіресе, жастар үшін қазір арқаны кеңге салатын кез емес. Өмірге кірпіш болып қалану үшін оқу, білім, еңбек керек. Ал ол үшін елімізде жастарға барлық жағдай жасалуда.
Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықта 24 жылды артқа тастадық. Осы уақытты адам өмірімен өлшейтін болсақ, бұл кезеңде орта мектепті тамамдап, өз зияткерлік әлеуетіңе қарай жоғары оқу орнын таңдауыңа, тіпті, кәсіби мамандығың бойынша еңбек етіп, өз қалауыңды дұрыс тапқан-таппағаныңа талдау жасауыңа болады. Алайда, Тәуелсіздігімізді әлемдік қауымдастық таныған …
Табиғи монополия саласында қызметін жүзеге асыратын “АгроПрофи” ЖШС жылу энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау қызмет түрлері бойынша облыстық табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілді.
Бүгінгі таңда өңірімізде мемлекеттік қызметте он жылдан астам жұмыс істейтіндердің үлесі жеті пайыз ғана. Бұған осы күнге дейін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының төмендігі себеп болған көрінеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың шұғыл іс-қимылының нәтижесінде Донецкое ауылында судың деңгейі төмендеген.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов еріген қар суынан зардап шеккен Тайынша ауданының Донецкое ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Қариялардың айтуынша, бұл жерде қар суының осыншалықты жайылуы 30 жылдан астам уақыт болмаған. Тосын жағдайға құтқару қызметінің мамандары дайын болып шықты. Ауыл тұрғындары үй жануарларының шетінегеніне, үй-жайларының бүлінгеніне алаңдаушылық білдіруде.
Кеше облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес кадрлық тағайындаудан басталды. Өңір басшысының өкімімен Антон Владимирович Федяев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.