АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС
Жергілікті “Қызыл-Жар СК” футбол клубы бірінші лига командалары арасындағы кезекті ел біріншілігін жеңіспен бастады.
Жергілікті “Қызыл-Жар СК” футбол клубы бірінші лига командалары арасындағы кезекті ел біріншілігін жеңіспен бастады.
Жақын күндері елімізде мемлекеттік күзет мамандары мерзімді әскери қызмет қатарына шақырылатындарды іріктейтін болады. Офицерлер үміткерлермен қорғаныс істер жөніндегі департаментте әңгімелеседі. Олардың оқу және жұмыс орындарынан мінездеме, әскерге шақырылатын үміткердің өз ортасы жайлы мағлұмат, оның қызығушылығы, басқа да жеке қасиеттері анықталады. Сонымен қатар, азаматтың бойы 180 см. кем болмауы тиіс, медициналық тексеріс деректеріне де назар аударылады.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің түлегі Батырбек Есімханның Жамбыл ауданының Благовещенка орта мектебіне келіп, математика пәнінен сабақ бере бастағанына екі жыл болыпты. Ол облыс орталығында қалмай, өзі түлеп ұшқан мектебіне жұмысқа орналасқанына өкінген емес.
Жергілікті полиция қызметі “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Биыл алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін болады. Осыған орай облыс орталығындағы №2 кітапханада “Тарихтан тағылым” атты әдеби шара ұйымдастырылды. Онда ел үшін басын бәйгеге тіккен алаш қайраткерінің еңбегін жұртшылыққа кеңінен таныстыру қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ, тұлғаның өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын жастарға насихаттаудың маңызы сөз болды.
Айыртау ауданындағы “Прекрасное” шаруа қожалығының басшысы Бақыт Құсайынов Саумалкөл ауылындағы “Астана” дүкеніне сиыр сүтін сататын “Молокомат” қондырғысын орнатты. – “Молокоматтың” сыйымдылығы 100 литр. Ол күн сайын таңертеңгілік пастерленген сүтпен толтырылады. Өнім толық сатылмай қалған жағдайда келесі күнге қалдырылмай, жаңа сауылған сүтпен алмастырылады. Ыдыс арнайы жүйемен тазаланып, буланады.
Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстандағы кооперация құрамындағы шаруа және фермерлік қожалықтардың үлесі 1,5 пайыздан аспайды екен. Өркениетті елдер бұл жөнінен әлдеқайда алға кеткен. Өйткені, бұларда ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң, басқа да құқықтық актілер ерте енгізіліп, шаруашылық жүргізу, қызметті үйлестіру мәселелері оңтайлы шешілген.
Ақжар ауданындағы Қарашілік орта мектебінде “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ” атты аудандық кітапханашылар семинары өтті. Онда мектеп кітапханаларына оқырмандарды тарту мәселесі және оның жолдары қарастырылды.
Облыстық және Петропавл қаласының ішкі істер құрылымдары биылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Тайынша ауданының Донецкое, Ясная поляна, Келлеровка, Доброжановка және басқа да елді мекендерінің тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті. “Демалыс күндері полицейлер “ГАЗель” автокөлігіне тиелген азық-түлік, киім-кешек, жөндеу жұмыстарына қажет құрал-жабдықтарды аудандық әкімдікке жеткізді”, – деді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Виктор Букреев.
Табиғи апаттар, лаңкестік әрекеттер, төтенше оқиғалар кезінде азаматтық қорғаныс саласы мен оқиғаның басы-қасында жүрген адамдар жағдайдың мән-мағынасына терең бойлап, жұртқа төнетін қатердің деңгейін анықтап, құтқару мен қауіпсіздік іс-шараларын жүргізе алулары керек.
Облыстық әкімдікте өткен төтенше жағдайды жоюмен және су тасқыны кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын жедел штабтың отырысына қатысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов тиісті ұйымдарға нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен су тасқынынан зардап шеккен Тайынша ауданының Донецкое ауылы тұрғындарына шығын болған малдары үшін өтемақы төленді. Бұл мақсатқа қаржы облыс қазынасынан бөлінді. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжановтың айтуынша, мал иелерінің шығынын өтеу үшін нарықтық құнын есепке ала отырып, тәуелсіз бағалау жүргізілген. Шығынның орнын толтыруға бюджеттен 1 миллион 94 …
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов демалыс күндері су тасқынының ауқымын бағамдау үшін жанына құтқарушыларды және “Қазсушар” РМК филиалының өкілдерін алып, өңір аумағын тікұшақпен тағы бір мәрте айналып өтті. Өңір басшысы Есіл өзені, қар суы басуы мүмкін жол учаскелері мен елді мекендерді және қауіпті аумақ картасына енген жерлерді басты назарға алды.
Қоғамдағы әртүрлі құбылыстарды бояу тілімен баян етіп, өнерсүйер қауымды көркемсуреттің тылсым тереңіне бойлататын ғажайып құбылыс иелері – суретшілер. Содан да болар, қылқалам шеберлерінің туындыларына жұртшылықтың ықыласы ерекше. Жақында өңірімізде Қазақстан Суретшілер одағының облыстық филиалы ашылған болатын. Оның директоры есімі өңір жұртшылығына белгілі суретші, дизайнер Марат Қожахметовпен кездесіп, аталмыш өнердің бүгінгі жай-күйі жайында әңгіме өрбіткен едік.
“Мен өмірге ғашықпын!” деп бастады әңгімесін Кенесары Жолдаяқов. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің жігерлі сөздері кімге де болсын күш, қайрат бергендей. Еңбекпен етене өскен оның шебер қолынан шыққан туындылары талайларды тамсандыруда.