«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.04.2016

Белсене қатысайық

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 16 сәуір күні өңіріміздің барлық қалалары мен ауылдарында облыстық қайырымдылық сенбілігі өтеді.

Тәуелсіздік шежіресі

1992 жыл 10 қаңтар – “Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. 14 қаңтар – Мемлекет басшысы ел халқына қиындыққа толы күрделі кезеңге аяқ басқалы тұрғанымыз жайында Үндеу жариялады.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БАР

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бөгенбай Жүсіповтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

МЕЖЕМІЗ — БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік бағытының жүзеге асырылу барысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ БҰЗЫЛАТЫН БОЛСА …

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы былтыр 195 нысанды бақылауға алып, 251 тексеріс жүргізді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жалпы сомасы 21 234,7 млн. теңге қаржы тәртібін бұзу фактісі анықталды.

ТАСҚЫННЫҢ БЕТІ ҚАЙТА БАСТАДЫ

Газет оқырмандары облыс аумағындағы сегіз аудан мен Петропавл қаласының кейбір шағынаудандарын тасқын су басуы салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанынан хабардар деп ойлаймын. Жалпы сел басқан 513 ауланың 403-і – тұрғын үй. Бүгінгі күні олардың 372-сі су құрсауынан құтқарылды, 31-і әлі суда тұр.

САХНАДА — ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР

Еліміздің әр шаңырағының босағасы берік, мерейі үстем болса, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары анық. Заман талабына сай қарышты қадаммен алға басып, отбасылық өмірде де, өнерде де өзгелерге өнеге болып жүрген жарасымды жұптардың қатары бүгінде қалыңдап келеді. Ән мен биді арқау еткен осындай өнерпаздардың бірқатары жақында Петропавл қаласында өткен отбасылық ансамбльдердің “Отбасылық одақ” облыстық байқауында бақ …

САХНАДА — ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР Read More »

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Алтыншы шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының екінші сессиясы 2016 жылғы 19 сәуір күні сағат 15-те облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй.

“ҚЫЗЫЛЖАР” ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТУДА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жергілікті “Қызылжар” футбол командасының ұжымымен кездесіп, спортшыларға ел чемпионатында жоғары нәтижеге жетуге тілектестік білдірді. Бірінші лигада өнер көрсететін команда алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Алғашқы турда сырт алаңда “Байқоңыр” клубын 0:2 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз, кубок жолындағы жарысты да тәп-тәуір бастады. 1/8 финалда Қостанайдың “Тобылына” қарсы ойнайды.

ӘКЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 71 жыл толады. Төрт жылға созылған сұрапыл соғыс тарихымызда өшпес із қалдырды.