АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖАБЫЛДЫ
Су тасқынына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар жолдар жабылды.
Су тасқынына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар жолдар жабылды.
“Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК Солтүстік Қазақстан филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен “Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу” тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Бүгінде біздің өңірде ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер аз емес. Солардың бірі – Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы “Глазок” жеке кәсіпкерлігінің иесі Валерий Глазок.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы денсаулық сақтау басқармасына қарасты ведомстволық бағыныстағы 6 мекемеде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігі және мемлекет активтерін басқарудың тиімділігі бойынша аудит жүргізді.
Қызылжар өңірінің кәсіпкерлері Ресейдің Түмен облысында өткен жәрмеңкеге қатысты. Жерлестеріміз 22 тонна өнім апарып, орталық базарда сауда көрігін қыздырды. Қазақстандық өнімге сұраныс жоғары болды. Теріскейдің сүт-майы мен ірімшігін, шұжығы мен ет өнімдерінің түр-түрін, жұмыртқасы мен балын түмендіктер лезде сатып әкетті. Мұның өзі қазақстандық өнімге деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Қазақстан халқына Жолдауы мен “Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол” атты бағдарламалық мақаласы бүгінгі күннің көкжиегінен қарағанда әлемде қалыптасқан ахуалды және қоғамның қажеттілігін ашып көрсеткен құжаттар болып табылады.
Облыс полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың екі мыңнан астам фактісін анықтады.
Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Қоғам дертімен күресу – әрбір адамның, әсіресе, жастардың міндеті. Ол үшін жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің мамандары өткізген кездесуде осы мәселе әңгіме арқауына …
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов бастаған делегация Тайынша ауданында болып, су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында республикалық “BI Жұлдызай – 2016” фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына арналған XI республикалық байқауға облыстық кезеңде іріктелген 60 жасөспірім қатысты.
Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай волейболдан сайыс өтті.
Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта үшінші рет “Қызылжар – 2016” өңіраралық спорт фестивалі өтті.
Талшық орта мектебінде Ақжар және Уәлиханов аудандары педагогтерінің басын қосқан семинар өтті.
“Қызылжар су” ЖШС өткен жылды қорытындылап, Петропавлды сумен қамту жұмыстары бойынша есеп берді.
Айыртау ауданының коммуналдық қызметі төтенше жағдайлар кезінде ауыр жұмыстарды атқаратын үш техникамен толықты.
Солтүстікқазақстандықтар қайырымдылық сенбілігі аясында елді мекендердің көшелері мен аулаларын қыс бойғы жиналған қоқыстан тазартуға бір кісідей жұмылып, қалалар мен ауылдардың көркеюіне өз үлестерін қосты. Қайырымдылық сенбілігіне облыс әкімі Ерік Сұлтанов та қатысты.
Сенбі күні солтүстікқазақстандық “Қызылжар” футбол командасы өз алаңында ақтаулық “Каспийді” қабылдады. Кездесуді қызылжарлықтармен бірге өңір басшысы Ерік Сұлтанов тамашалады. – Өткен жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен “Қызылжар” футболшылары 13 команданың ішінде төртінші орынға тұрақтады. Бұл жаман нәтиже емес, бірақ биыл оларға Премьер-лигаға шығу міндеті қойылып отыр. Алғашқы турда сырт алаңда “Байқоңыр” клубын 2:0 есебімен тізе …