«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.04.2016

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастардың “Аламан – 2016” өңірлік фестивалінің жабылу салтанаты өтті. “Мәңгілік ел жастары – индустрияға” әлеуметтік жобасы мен “Серпін – 2050” бағдарламасы бойынша облысымызға білім алуға келген студент жастар арасында өткізілген фестивальда оқуда алғыр, қоғамдық жұмыстарға белсенді ұл-қыздар анықталды.

Білімнің қайнар көзі

Кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы, білімнің қайнар көзі екені баршаға мәлім. Әйтсе де, кітап бүгінде ақпа­раттық және білім алу қажеттіліктерін қа­на­ғаттандыру үшін ғана пайдаланылуда. Оқу­шылар, студенттер көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шы­ғарма жазуға ғана келеді. Мұндай жағдайлар кітапхана қыз­меткерлерін ғана емес, аға буын, зиялы қауым өкілдерін де алаңдатуда.

ВИНОКУРОВ ҚОРЫНЫҢ ТАРТУЫ

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Александр Винокуров атындағы спортты қолдау мен дамыту қоры петропавлдық балғындарға “Вино-байк” брендімен жасалған қос бірдей велосипед тарту етті. Бұл шара “Спорттық Қазақстан” қайырымдылық акциясы аясында өтті.

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Қазақта “Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін”, деген аталы сөз бар. Амантай және Амандық Жантеміровтердің ағалары Амангелді Мырзахметұлы жайлы жазған кітабын парақтап отырып, бір шаңырақтың азаматтарының өзара сыйластығына сүйсіндік. Облысымызға белгілі қаламгер Амандық Жантеміровтің бұған дейін де бірнеше кітабы жарыққа шыққан болатын. Ал “Доктор от бога” деген жаңа кітаптың жөні бөлек екен.

Ринаттың таңдауы

Ринат Губайдуллин Аққайың ауданындағы “Дайындық” ЖШС-де бригадир болып еңбек етеді. 2007-2010 жылдары Петропавл қаласындағы экономикалық колледжде қаржыгер мамандығы бойынша білім алып жүрген кезде өзінің туған жердің топырағынан алысқа ұзай алмайтынын сезінген. Сондықтан жас маман елге оралып, отбасын құрып, бүгінде ауылдың үлкендері ризашылықпен қарайтын азаматы болып қалыптасып келеді. Сөзі орнықты, ойы жігерлі жігіт бастапқыда шаруашылық бригадирінің …

Ринаттың таңдауы Read More »

Мақсатым — еліме қызмет ету

1986 жылдың желтоқсан айы. Қыстың қақаған суығына, сарышұнақ аязына қарамастан, жүректерінде еліне, жеріне деген ыстық махаббаттың оты лаулаған жастар Алматының алаңына шыққан еді. Бұл тұғырлы Тәуелсіздік жолында жасаған қазақ жастарының өшпес ерлігі болатын. Осылайша еліміздің тыныштығы, жеріміздің амандығы үшін қаншама жандар жанын қиды, бастарын бәйгеге тікті. Ләззат пен Қайрат, Ербол мен Сабира сынды қаһарман аға-апаларымыздың …

Мақсатым — еліме қызмет ету Read More »

Скальп жүзіндегі сұлулық

Құдай берген көркіне көңілі толмай, пластикалық ота жасатуды арман ететін жастар аз емес. Әсіресе, 25-35 жас арасындағы қыз-келіншектердің көбі осындай “сырқатқа” шалдығып жатады. Әрине, бүгінгі медицинаның дамыған заманында қалтасы қалыңдарға бұл айтарлықтай өзекті мәселе емес. Бірақ сұлулықты сатып алуға бола ма? Бүгінгі сауалнамамыз осы төңіректе өрбитін болады.

САИДАНЫҢ АРМАНЫ

– Қазақ жерінде тұрып қазақтың тілін білу, әдебиеті мен мәдениетіне құрметпен қарап, салт-дәстүрлерін дәріптеу – болашағын осы қасиетті өлкемен байланыстырған әрбір адамның абыройлы міндеті. Күш-қауқары, ерік-жігері бола тұра бұл міндетті орындауға ықылас танытпайтын адамдардан нағыз патриот шықпайды, – деп бастады әңгімесін иран қызы Саида Бекбуди.

Қарқын алып келеді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы өткізіп жүрген баспасөз мәслихатының кезекті басқосуы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында құрылысқа қатысты айтылған жаңашылдықтарға арналды. Олар стратегиялық құжаттың 46-49-қадамдарында қамтылған.

АЙМАҚ ШЕЖІРЕСІНДЕГІ АҚТАҢДАҚТАР

Қазіргі кезде елімізде Отан тарихын зерделеуге айрықша маңыз беріліп отырылғаны мәлім. Оған Елбасының “Мәңгілік ел” идеясы, “Тарих толқынында” атты еңбегінің негізінде қабылданған “Халық тарих толқынында” бағдарламасы, қолданбалы ғылыми-зерттеулерге арналған “Ғылыми қазына” бағдарламасы, 2015 жылы халықаралық деңгейде аталып өтілген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қозғау салды десек, қателеспейміз. Осындай айтулы іс-шараларға мемлекеттік деңгейде назар аударылып, қомақты …

АЙМАҚ ШЕЖІРЕСІНДЕГІ АҚТАҢДАҚТАР Read More »

БАРШАНЫ БИІКТЕРГЕ ҚҰЛШЫНДЫРҒАН құжаттың қуаты зор, қайтарымы мол

Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

РИЗА КӨҢІЛМЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Биылғы су тасқынымен күресте солтүстікқазақстандықтар жалғыз қалған жоқ. Ішкі істер министрлігінің шешімімен еліміздің басқа аймақтарынан күш жұмылдырылып, көмек көрсетілді. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, бүгінде су тасқынынан туындаған қиындықтар артта қалды.

ҒАЛЫМ ДЕСЕ ҒАЛЫМ ЕДІ

Ғалым ағамен көзі тірісінде бірге қызмет істеп, жиі араласпасам да бір ауданның, арасында ел жоқ, ерке Есілдің қос қабағында орналасқан көрші ауылдың тумасы, оның үстіне бір мектептің түлегі болғандықтан, інілік ізетпен анда-санда қызмет орнына сәлем бере барып, амандығын біліп тұратынмын. Барған сайын ағалық мейіріммен: “О, інім келді”, – деп құшақ жайып қуана қарсы алатын. Үлкенмен …

ҒАЛЫМ ДЕСЕ ҒАЛЫМ ЕДІ Read More »

ҚАЛТАРЫСЫ КӨП ЖОЛ

Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар ғой. Бірі басына қонған бақыттың шын қадіріне жете алмай мастанып жүрсе, енді бірі жан жарасына шипа іздеумен әлек. Өмірдің сан сауалына жауап таба алмай жүргендер қаншама? Бүгінгі кейіпкеріміздің өмірі мүлдем басқаша. Жетімдер үйінде тәрбиеленіп, жастайынан тағдырдың кермегін татқан Алтынгүл Илюкинаның өмірі көпке үлгі боларлықтай-ақ. Түйткілі көп тіршіліктегі бар …

ҚАЛТАРЫСЫ КӨП ЖОЛ Read More »