«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.04.2016

МАСАДАН ЖҰҒАТЫН АУРУ

25 сәуір күні елімізде Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні алтыншы мәрте аталып өтіледі. Бұл ауру түрі Африкада, Оңтүстік Америкада, Тәжікстанда және Әзірбайжанда кең етек жайған. Әлемде жыл сайын 500 миллионға жуық адам безгек ауруын жұқтырып, оның 3 миллионы ажал құшады.

ҰЛЫ МЕРЕКЕГЕ АРНАЛДЫ

Үстіміздегі жылы ел болып атап өтетін және асыға күтетін мерейтойлар мен маңызды іс-шаралар аз емес. Соның бірегейі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы орайда өңірімізде аталған дүбірлі мерекеге арналған техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының студенттерi арасында “Бiз – болашақ Қазақстан жастарымыз” атты облыстық шығармалар байқауы өтті.

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІН БЕРЕДІ

Биылғы жылдан Елбасының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында айтылған “Кәсіби мемлекеттік аппарат құру” тапсырмасын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталды. Ел игілігіне арналған құжаттың 13-қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Бұл ретте Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Мем­лекеттік қызмет істері министрлігі бірегей орган болып табылады. Министрлік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, …

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІН БЕРЕДІ Read More »

ҚОС АРДАГЕР ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері Нэлли Иванова мен Евгений Викторовты мерейлі 75 жасқа толуларымен салтанатты түрде құттықтады.

ЖЕР — ЕЛ ИГІЛІГІ

Мемлекет басшысының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткізілген кеңеске облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров пен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов қатысты.

Дайындығымыз ойдағыдай

Қазіргі таңда көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы құрылымдары қызу дайындық үстінде. Есіл ауданының аграршылары қарқынды жұмысқа кіріскен.

ОТАНДАСЫМЫЗДЫҢ ЖОЛЫ БОЛҒАЙ!

Ертең таңғы сағат 7-ден бастап барша қазақстандық жанкүйерлер көгілдір экранға көз салады деп ойлаймыз. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласынан әлемге тарайтын кәсіпқой бокс жекпе-жегін “Қазақстан” ұлттық арнасы көрсетеді.

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

“Астана қаласында белбеу күресінен ел біріншілігі аяқталды. 140 спортшы қатысқан сайыста 5 жерлесіміз өңір намысын қорғады”, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

БАЛҒЫН БОУЛИНГШІЛЕР

Облыс орталығындағы №1 боулинг орталығы ойын-сауық кешенінде мектеп оқушылары арасында боулингтен қала кубогы өтті. Дәстүрлі сайысқа 13 мектептен 26 жасөспірім қатысты.

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА — ҮШ АЛТЫН

Петропавлда ITF таэквондодан “Петропавл кубогы” атты ашық облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Сайысқа еліміздің 10 қаласынан және Ресейдің Новосібір мен Омбы шаһарларынан 300-ден астам спортшы қатысты.

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАРҒА ЖЫҚТЫ

Қызылжар аудандық соты өткен жылы “Серебряный бор” балалар сауықтыру лагерінде аспазшы болған Татьяна Лайдыкерге қатысты үкім шығарды. Ол санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны және жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Елімізді шулатқан бұл оқиға өткен жылдың маусым айында орын алған еді.

СҰЛУЛЫҚ ӘЛЕМІ

Өнерсүйер қауымға мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбие беріп, тарихтан сыр шертетін сахна төрі қашанда киелі болып саналады. Осындай өнер ордасының қайнаған қазанында жүрген еңбекқор жандардың бірі – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының суретші-құрастырушысы Николай Корякин мен киім сәндеушісі Светлана Таныгина.

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары “ЕС-164/4” түзеу мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына тарту жасап, біркүндік демалыс ұйымдастырды. Балдырғандар Петропавлдағы “Аквапарк” спорттық-сауықтыру кешенінде болып, жүзу құралдарының көмегімен суда әртүрлі жаттығулар жасады. Содан кейін хайуанаттар бағын аралап, жануарлардың тіршілігімен танысты.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАУДА шеберлік сыныптарының пайдасы зор

Облысымызда тұңғыш рет Астана және Алматы қалаларының танымал өнер иелерінің қатысуымен жергілікті мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы мұрындық болған шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадағы кездесумен басталды.

ДАРА ТҰЛҒА

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 116 жыл толуына орай, облыстық кітапханада әдеби шара өтті. “Ұлы жазушы ұлағаты” атты Мұқанов оқуларына оның туыстары, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, “Қаламгер” клубының мүшелері жиналып, жастарға үлгі болар тағылымы мол әңгіме қозғады.

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛЫНЫҢ БАҒАСЫ БЕКІТІЛДІ

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті “Севказэнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші бойынша қаржылық лизинг шарты шеңберінде монополиялық субъектімен бірлесе отырып, жылу энергиясының үйге ортақ есепке алу құралдарының диаметрлері бойынша сатып алу және орнату құнын белгіледі. Осыған орай, Петропавл қаласының тұтынушыларына диаметрі 32 мм. – 707918 теңге, 50 мм. – 773411 теңге, 80 мм. – …

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛЫНЫҢ БАҒАСЫ БЕКІТІЛДІ Read More »

ӘКЕ БЕДЕЛІ — БАЛА АБЫРОЙЫ

Есімдері көпшілікке таныс, кейінгі ұрпақ еңбегін құрметпен еске алатын, бүгіндері арамызда жоқ нар тұлғалы азаматтар аз емес. Солардың бірі Төке Аяғанұлы деуге әбден болады. Еңбек майданында шынығып, шыңдалған ол көзі тірі болса 90 жастың төріне шығар еді. Саналы ғұмырын елінің жарқын болашағына арнаған оның артында қалған ұрпағы бар. Сабыржан Төкеұлы әкесінің өз заманының беткеұстары болғанын …

ӘКЕ БЕДЕЛІ — БАЛА АБЫРОЙЫ Read More »

Батырдың есімі ардақталса…

Бірде “Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясын” алып, оны ақтара бастадым… Көзіме бұрын-соңды мен естімеген Павел Семенович Свечников деген Кеңес Одағының Батыры жайлы дерек бірден түсті. Өзі біздің Шал ақын ауданының Коноваловка ауылында 1926 жылғы 9 қаңтар күні туған деген дерек тағы бар. Бұл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында болған жағдай.

ЕЛ ЕРТЕҢІ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардың қиындықтары біздің көз алдымызда. Ел экономикасы құлдырап, жұмыссыздық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бүгінгідей молшылық заманмен ол кезді мүлде салыстыруға болмайды. Қазір Құдайға шүкір, ел экономикасы да, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы да жақсарып келеді.

НАИЛЬ — БІЛІКТІ МАМАН

Өндіріс цехының бригадирі Наиль Хамидулин – Петропавл қаласындағы темір-бетон дайындаумен айналысатын “СевКаз Родник” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білікті мамандарының бірі. Оның бұл цехта жұмыс істегеніне – 21 жыл болған.