«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.04.2016

ШИРЕК ҒАСЫРДА ЕҢСЕРІЛГЕН ІСТЕР

Халқымызда “Армансыз адам, қанатсыз құспен тең” деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол …

ШИРЕК ҒАСЫРДА ЕҢСЕРІЛГЕН ІСТЕР Read More »

Кене – қауіпті жәндік

Көктем айларында кененің белсенділігі күшейеді. Бүгіннің өзінде облыстың медициналық мекемелеріне кене шаққан адамдар келе бастады.

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІ АЙШЫҚТЫ

Жерлесіміз, техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразов көзі тірі болса 29 сәуір күні 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, оны сұм ажалдың арамыздан алып кеткеніне, міне, он бес жыл уақыт болды. Бірақ оның жарқын бейнесі біздердің, яғни бірге араласып жүрген азаматтардың, туған-туысқандарының есінде әрдайым сақталуда.

БҰЛ ДӘУРЕННІҢ ЗУ ЕТЕРІН КІМ БІЛГЕН?!

Менің құрдастарым үшін 2016 жылдың орны бөлек. Олай дейтінім, биыл біз талай жылғы еңбегіміздің зейнетін көрер шаққа келіп, шүкіршілік етіп отырмыз. Өмірдің осы белесінен өткен де, өтпеген де бар. Біреуге ерте, екіншісіне кеш келетін жалған дүние арамыздан біраз достарымыз бен құрдастарымызды алып кеткені өкінішті. Алайда, бұл өмірге келмек болған соң кетпек те бар.

Еңбектен жалықпайтын жан

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметте ердің ерлері еңбек етеді десем, асыра айтқандық емес. Солардың бірі – Александр Тюрин.

МАҚТАН ТҰТАР АЗАМАТ

Ақжар ауданында да тумысынан ерекше, болмысы өзгеше ұл-қыздар болған, бар және болары сөзсіз. Олардың қатарына ауданымыздың қадірлі азаматы, педагогика саласының ардагері Ғұмар Әшеновті де қосуға болады. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дегендей, ағамыз туралы ой толғау – бізге, яғни ізін басқан ұрпаққа парыз.

АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Енді санаулы күндерден кейін Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Елін, жерін, ұрпағын қорғау үшін батысқа сап түзеген қаншама азаматтарымыз майдан даласынан оралмады.

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

Тілі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір сан алуан ұлт өкілдері Екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында кеудесін оққа тосып, елді жаудан азат етті. Тылдағы еңбек пен майдан даласындағы ерліктің арқасында Жеңіс туы желбіреді. Сол жылдарда жанын шүберекке түйгендер қатарында біздің уәлихановтық ардагерлер де бар.

БАЛАУЫЗ МҮСІНДЕР

Петропавл қаласына Санкт-Петербургтен көшпелі көрме келді. Өнерсүйер қауымның назарына биыл балауыздан жасалған жаңа 40 туынды ұсынылған. Олардың ішінде әйгілі боксшы Майк Тайсон, Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин, Барак Обама да бар. Көрмеге келушілер көпке танымал адамдардың мүсінін асқан қызығушылықпен тамашалауда.

ҚУАНТСАҢ — БАЛАНЫ ҚУАНТ

Сенбі күні облыс орталығындағы “Pizza Club” дәмханасы балалардың шат күлкісіне бөленді. Еңбектеген сәби де, зыр жүгірген бүлдіршіндер де облысымыздағы “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігінің қонағы болды.

ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің Лос-Анджелесте өткен шайқасын әлем жұртшылығы тағатсыздана күтті. АҚШ-тың кәсіби бокс мамандары Уэйдке зор үміт артатынын ғаламтор арқылы әлемге таратты. Олардың уәжі де олқы еместі. Өйткені, Уэйд қазақстандықтан сегіз жас кіші, 26-да. Бұл кездесуге дейін он сегіз жекпе-жектің он екісін уақытынан бұрын аяқтаған. Оның үстіне, шайқас Уэйдтің Отанында …

ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ Read More »

ДАСТАРҚАН СӘНІ

Облыс орталығында бірнеше наубайхана бар. Ұзақ жылдардан бері нан пісірумен айналысатын “Бурчук” серіктестігінің де өнімі әрқашан сұранысқа ие. Роза Әбденова бір ауысымда бір жарым мыңнан астам бөлке нан дайындайтын кәсіпорында сегіз жылдан бері тапжылмай еңбек етіп келеді. Әріптестерінің құрметіне ие жанды өз ісінің шебері десек, артық айтқандық емес. Өйткені, осы күнге дейін ол көптеген жастардың …

ДАСТАРҚАН СӘНІ Read More »

СӘБИТ МҰҚАНОВ Сталиннің қабылдауында болған

Ресей тарихында, тіпті, әлемдік тарихта Сталиннің рөлі туралы тиянақты көзқарас әлі қалыптасып болған жоқ. Ресейдің өзінде қоғамдық пікір екіге жарылған. Біреулер үшін ол миллиондаған жазықсыз адамдарды қырып-жойған қанішер, екінші біреулерге Ресейді мемлекет ретінде жер бетінде аман сақтап қалу үшін туған, орыс ұлтының “ұлылығына” табынып өткен жанкешті қайраткер.

ШӘМШІ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

Қазақ вальсінің королі атанған атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов атындағы “Менің Қазақстаным” атты облыстық әншілер байқауы биыл Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын ән додасында аудандардан және Петропавл қаласынан 13 үміткер бақ сынады.