«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.04.2016

СӘБИТ МҰҚАНОВ Сталиннің қабылдауында болған

(Басы өткен санда). “… Жәрдемші маған: “кіріңіз!” – деді. Мен кіре бергенде, кабинеттің төріндегі тікшілдеу шағын столдың аржағында отырған қара бұйра шашты, қалың мұртты адам маған қабағын түйе қарап алды да, орнынан көтеріліп, салмақты адыммен бері қарай аяңдады. Ішімнен “Сталин, әрине, осы!” деп жорыдым.

ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКЕН КӨМЕК

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері бір аптаның ішінде екі нәрестенің дүниеге аман-есен келуіне себепші болды.

Жалғасын табуда

Қоғамды мейірімділікке тәрбиелеп, балалардың бойына адамгершілік қасиеттерін ұялату мақсатында қолға алынған “Қайырымдылық керуені” республикалық акциясы өз жалғасын табуда.

“… Бүкіл адамзатты тірілткенмен тең”

“Кімде-кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса), ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең”, – деген Алланың сөзі бар (“Маида сүресі”, 32-аят). Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша еліміздің әр қиырында ұйымдастырылған “Бауырыңа өмір сыйла” акциясын ауызға алғанда осы аят ойға оралады.

ОЙЫН – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Барлық тәрбиенің негізі отбасынан және балабақшадан басталады. Білім беруде көздеген мақсатқа жету үшін, баланың іс-әрекетін, ойлау дағдыларын, таным белсенділігін ойын арқылы дамытқан тиімді. Ол арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, арман-тілегін білуге, зейінінің, ойлау қабілетінің дамуына, өзге тілде сөйлеуге қызығушылықтарын арттыруға оң әсер етуге болады. Балалар қоғамдық тәжірибені меңгеріп, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Өйткені, бала ойынында …

ОЙЫН – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ Read More »

Оқушы танымын дамыту

Өзімнің жүргізген психологиялық зерттеулеріме сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгерудегі уәждері әртүрлі болатынына көз жеткіздім. Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтауы зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға өз деңгейінде мүмкіндік алып, нәтижелер көрсетеді. Осыған байланысты оқушылар білімді бірдей меңгермейді және сабақтағы белсенділіктері де бір-біріне ұқсас …

Оқушы танымын дамыту Read More »

БЕЛСЕНДІ ӨРЕНДЕР

Мектептің көш соңынан қалмай ілгері жылжуы білімді де, білікті басшыға байланысты. Жібек Мұрзатаева Благовещенка №2 орта мектебін он жыл басқарып келеді. Қызметінің алғашқы күнінен бастап өзінің барлық күш-жігерін мектебіне арнаған ол білім ошағының жылдар бойы қалыптасқан абыройын сақтап, оны еселей түсуді мақсат етеді.

БАЛАМДЫ ҚАЙ МЕКТЕПКЕ БЕРСЕМ ЕКЕН?

Өзін Айсәуле Балғабаева деп таныстырған бір жас келіншек телефон арқылы хабарласқан кезде: “Қызым жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барушы еді. Оны қай мектепке беретінімді білмей басым қатты. Сапалы білім беретін жақсы мектепті қалай таңдауға болады?” – деді. Күтпеген жерден қойылған мәселе мені ойландырып тастады. Шынымен де, баласының болашағын ойлаған әр ата-ана көзінің ағы мен қарасындай көретін …

БАЛАМДЫ ҚАЙ МЕКТЕПКЕ БЕРСЕМ ЕКЕН? Read More »

Жасыл желек — ауыл көркі

Кеңес орта мектебінің директоры Балапан Базарбекованың бастамасымен сәуір-мамыр айларына жоспар жасалып, ауланы көркейтіп, абаттандыру бойынша түрлі шаралар белгіленді. Тапсырма бойынша ұжым мүшелерінің әрқайсысы білім ошағының ауласына бір-бір түптен алма, шие, қарақат сияқты жеміс ағаштарын отырғызды.

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ

“Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру”, – деген екен белгілі жазушы Қажым Жұмалиев. Қазіргі таңда техниканың, компьютердің, аудиокітаптар мен ғаламтордың дамып, өмірге енуі оқушыларды көркем әдебиеттен алыстатып жібергені анық байқалады. Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған бұл мәселе …

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ Read More »

ҰСТАЗ АТЫНА ЛАЙЫҚ ЖАН

Айыртау ауданындағы Сырымбет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін жоғары санатты мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Шингожин ұстаздарға қойылатын талаптарға сай қызмет етіп, өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр. Осы мектепте 21 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан майталман ұстаздың бойынан жаңартылған мазмұндағы білім беру жүйесі мұғалімдерінен талап етілетін …

ҰСТАЗ АТЫНА ЛАЙЫҚ ЖАН Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

“Бірде Н. Погодин театрының жанынан өтіп бара жатып, Пушкин мен К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы екіқабатты көк ғимаратқа көзім түсті. Қазақтың талай атпалдай азаматтары осы мекеменің ішінде жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесіліп кетіп жатты. Алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттерді өңі түгіл, түсінде көрмеген Жапония елінің жансызы деп айыптағанын қайтерсіз? Қан сасыған сол ғимаратқа кейінгі жылдардың өзінде көбіміз …

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ Read More »

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр қарсаңында елордамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясының өтуі еліміздегі елеулі оқиға болып, барша отандастардың да, бүкіл өңірлерден осы үлкен форумға қатысқан бір жарым мыңнан астам делегаттардың да жүрегіне ұялағанын айтуды орынды санаймын. Мен де осы үлкен басқосуға өңірімізден барған 43 делегаттың бірі болғанымды бақытыма балаймын.

КҮШ — БІРЛІКТЕ

Елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында “Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт” тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясына қатысу бақыты маған да бұйырды. Шараға қатысқан 1500-ден астам адамның 43-і Солтүстік Қазақстан облысынан барған делегация мүшелері болды. Бұл жерде бірлік пен ынтымақтан бөлек, әлемдік ауқымдағы мәселелер, экономикалық және саяси тақырыптар туралы сөз қозғалды. Осыдан-ақ бұл жиынның …

КҮШ — БІРЛІКТЕ Read More »