«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.04.2016

ТІЛЕГІМІЗ БІР

Тағдырдың жазуымен осыдан 30 жыл бұрын Отан алдындағы борышымды өтеп жүргенде Ақмарал есімді қазақ қызымен таныстым. Бір-бірімізге деген сезімдеріміз жарасып, отау құрдық. Мен өзім Әзірбайжан елінде туып-өссем де, отбасылық өмірге аяқ басқан соң зайыбыммен Қазақстанға келдік.

ӨРКЕНДЕУ ҚАЙНАРЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық салтанатында: “Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар”, – деген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық саясатты дамытудың негізгі құралы болып саналады. Ширек ғасырлық тарихы бар Тәуелсіз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда оның маңызы ерекше. “Бірлік болмай, тірлік болмас” демекші, …

ӨРКЕНДЕУ ҚАЙНАРЫ Read More »

“Тобылды” “тобықтан қақты”

27 сәуірде Қазақстанның сегіз өңірінде ел кубогының 1/8 финалдық ойындары өткізіліп, қарсыластар ширек финал жолдамаларын сарапқа салды.

Мүфти жүлдесі жолында

Петропавлдағы “Күрес” мектебінде қазақ күресінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін ІІІ республикалық турнир өтіп, боз кілемде 74 килограмға дейін және одан жоғары салмақ дәрежелерінде жиырма балуан бақтарын сынады. Петропавл қаласынан, Тайынша, Уәлиханов, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев және Ақжар аудандарынан үміткерлер күш пен шеберлік сынасты.

АСТАНАЛЫҚТАРҒА АЛҒЫС ЖАУДЫРДЫ

Астана қаласында сегіз мешіт бар. Солардың қатары қалың жамағаты кең көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мәселен, өткен жылы Қарағанды облысының бір өңірін тасқын басқанда көмек керуені жөнелтілген болатын.

Абай мен Махамбет оқулары

Өңіріміздің жалпы білім беретін мектептері оқушыларының арасында жыл сайын өткізілетін республикалық Абай және Махамбет оқуларының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыс мектептерінің 5-11-сыныптарынан 91 оқушы қатысты.

БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫНДАЙ

Әр жылдары тағдырдың жазуымен облысымызға табан тіреген көптеген этностардың ұрпақтары бүгінгі күні тамырын тереңге жайып, қазақ халқымен біте қай­на­сып кетті. Бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп, бірлігін бекітіп, достығын нығайтты. Қа­зақ­станды өз Отаным деп сүйіп, қай салада болса да жемісті ең­бек етіп, тұғырлы мемлеке­тіміз­дің мерейін өсіре білгендері қаншама?!

Қадірлі кісі қартаймайды

Өмірде өнегелі ісімен, елеулі еңбегімен, іскерлігімен, адами мінезімен, жақсылығымен өзге жұрттан ерекше көрініп, маңайындағылардың сыйластығына ие бола білген азаматтар бар. Ел игілігі жолындағы еңбегі ескеріліп, жерлестерінің ілтипатына бөленгендердің бірі Болат Сағындықов десем, артық айтқандық емес. Қаршадайынан тағдырдың тезіне шыдап, ат жалын тартып мінгеннен бастап халқына жанашыр бола білген азамат бүгінгі күні 80 жасқа толып отыр. …

Қадірлі кісі қартаймайды Read More »

АҚ НИЕТ — ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Азаттықтың ақ таңы атып, көгінде желбіреген көк туы бар береке-бірлігі ұйысқан бақуатты елге айналдық. Тәуелсіздік ата-бабамыздың төгілген қанымен келді. Сондықтан азаттық ұғымы біз үшін қадірлі.

БЕРЕКЕ БАСЫ

2009 жылы жүргізілген жалпыұлттық халық санағының дерегі бойынша Қазақстанда ресми түрде тіркелген этностардың ішінде лезгиндердің жалпы саны 4643 болған екен. Содан бері жеті жыл уақыт өткендіктен, бұл санның аз-кем өзгергені анық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

Ел бірлігі – біздің ең қасиетті қазынамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Біз ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке ие болдық, азат еліміздің іргесін нығайтып, еңсесін тіктедік. Дамудың даңғылына түсіп, егемендіктің сара жолымен болашаққа бет алдық. Ендігі әр күніміз қасиетті де қастерлі тәуелсіздігімізді қорғап, оны мәңгілік етуге арналады. Бұл – ынтымағын жарастырып, бірлігін бекемдей алған, татулығын тыныштығы мен тұрақтылығының тұғыры …

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Read More »

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Руслан Сұлтанұлы Кәктай Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

ҒАЛЫМҒА — ТАҒЗЫМ

Елу бес жасында өмірден озған күнге дейін еліміздің ғылыми әлеміне танылған, облысымыздағы жоғары техникалық білім берудің іргетасын қалаған, Петропавлдағы политехника университетінің тұңғыш ректоры қызметін атқарған Қайырбек Оразовтың туғанына 70 жыл толуына арналып, 28 сәуір күні М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5-ші корпусының қасбетіне орнатылған мемориалдық тақта салтанатты жағдайда ашылды.

АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

Айыртау ауданындағы жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған автошеру бастау алды. Бұл игі бастаманың мақсаты Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу болып табылады.

ТАҒДЫРДЫҢ ТАРТУЫНА РИЗАМЫЗ

Көк туымыз көгімізде желбіреп, ата-бабамыз аңсаған егемендікке қол жеткелі алыс-жақын шетелдегі отандастарымыз ат басын атамекенге бұра бастады. Елбасының шеттегі отандастарымызды елге шақырған үндеуіне құлақ асып, нұрлы көштің керуенінен қалмай келген азаматтар арасында біздің де отбасымыз бар.

ЖЕРЛЕС ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ

Облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледжде “Парасат” орденінің иегері, жерлес жазушы, қоғам қайраткері Герольд Бельгер атындағы мұражай ашылды. Оның ашылу салтанатына өңір басшысы Ерік Сұлтанов қатысты.