«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.08.2016

“ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ” АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

Қазанның 2-сі күні Алматыда қазақ күресінен “Еуразия барысы” турнирі өтеді. Бұл туралы Универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті хабарлады.Турнир еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қаланың 1000 жылдығына арналады. Оған 8 елден 130 балуан қатысады, деп күтілуде.

ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРАДЫ

“Қазгидромет” РМК-ның хабарлауынша, тамыздың 29-30 күндері Солтүстік Қазақстан облысы аумағында батыстан қатты жел соғып, оның екпіні 15-20 метр/секундқа дейін жетеді, деп болжануда. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына сақтық шараларын жасау қажеттігін ескертеді.

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Солтүстік Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кадрлық тағайындау болды. Бұл туралы пенитенциарлық жүйе республикалық мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады. “Ішкі істер министрінің бұйрығымен әділет полковнигі Бөкенбай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

“ҚҰЛАГЕР” – КУБОК ИЕГЕРІ

Петропавлдың “Құлагер” хоккей командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Осылайша ел чемпионатының өткен жылғы қола жүлдегері маусымды жарқын жеңіспен бастап отыр. Былтыр ғана құрылған ұжым үшін бұл үлкен жетістік.