«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.09.2016

ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қауіпсіздікті бақылау және еңбекті қорғау бөлімі бастығы Б.Жанбутинді ұстады.

БАЛ БАЙҚАУЫ

Солтүстікқазақстандық омарташылар бал байқауын өткізді. Шараны Қазақстанның «Сот» омарташылар қауымдастығы ұйымдастырды.

ҮЙДІҢ БІР БӨЛІГІ ЖАНЫП КЕТТІ

    Петропавл қаласының Ружейников көшесіндегі екі пәтерлі үйдің бір бөлігі толықтай жанып кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспааөз қызметі.

ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН ПАНА ТАПТЫ

Облыс орталығындағы Достық үйінде немістердің өңірімізге жер аударылғанына 75 жыл толуына орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. Бұл қиын-қыстау заман кейінгі буынға тарих қана болса, аға буын үшін – тағдырдың тәлкегі.

Жерлестері риза

Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында автокөліктерге көгілдір отын құятын “РайГАЗ” станциясы ашылды.

АЙЫПТЫ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті дәрілік препараттарды көтерме бағамен сатумен айналысатындардың заң бұрмалаушылықтарға жол бергенін анықтады.

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА — НӘЗІК ЖАНДАР

Бескөл ауылында VI облыстық әйелдер спартакиадасы өтті. Айтулы додаға аудандар мен облыс орталығынан 500-ден астам спортшы қатысып, өзара күш сынасты.

Бала қуанышы

Бүгін – білім күні. Осыдан бірнеше ай бұрын жазғы демалысқа шыққан оқушылар енді, міне, жақсы көңіл-күймен мектептеріне қайта оралды.

ЕМШІНІҢ БАҒАСЫН ЕЛ БЕРЕДІ

Бойына дарыған қасиетінің арқасында бүгінде көптің алғысына бөленіп жүрген халық емшілерінің бірі – Зәуреш Мәтенова. Ол Жамбыл ауданындағы Есперлі ауылының тумасы. Бүгінгі таңда 70 жасқа келген қария Петропавл қаласында тұрады. Бала кезінде Зәуреш Байжұманқызы жиі ауырған. Қызының денсаулығына алаңдаған анасы оны ауыл сыртындағы Батыр қыстауы деген жерге апарып, қолы шипалы адамдарға емдетеді екен. Сондай күндердің …

ЕМШІНІҢ БАҒАСЫН ЕЛ БЕРЕДІ Read More »

Сәйгүлік тізгіндеген сұлу

    Заманның талабы болар, бүгінгі таңда “темір тұлпар” тізгіндеп алған бойжеткендерді жиі көретін болдық. Есесіне, аттың құлағында ойнайтын қазақ қыздары сиреп барады. Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылының тумасы Шынар Сейітова бес жасында тізгін тартып, атқа мініпті.

АНТҚА АДАЛДЫҚ

Кішкентай кезінен әскери киімдерге қызығып, сондай ойындарға құмартып өскен Еділ жеті-сегіз жасында: “Мама, мен өскенде елімді қорғайтын жауынгер боламын”, – дейтін. Сол балалық арманы оған күш-жігер, оқуға деген ынта-ықылас берді. Ол үнемі әскери өмір жайында кітаптар оқып, рухани байлықтың мөлдір бұлағынан сусындап ержетті. Мектепті аяқтаған соң Алматы қаласындағы жоғары әскери оқу орнына түсті. Ұлымның ер-азамат …

АНТҚА АДАЛДЫҚ Read More »

ҚАРАҒАЙҒА ҚАРАП ТАЛ ӨСЕР

    “Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы”, – деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғаны бір мақтаныш. Бала тәрбиелеу, оған заман талабына сай білім беру, қоғамға толыққанды азамат етіп қосу – үлкен жауапкершілік. Сондықтан да ұстаз есімі қашанда құрметке лайық. Ал енді ұстаздық жолдың қиындығы …

ҚАРАҒАЙҒА ҚАРАП ТАЛ ӨСЕР Read More »

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Қосымша білім беру қызметі әр баланың функционалдық сауат­тылығын, шығармашылық озық идея­ларын дамытуға, алған білімін қабілетіне сәйкес іске асыруына, білімділігі мен ұтқырлығына сенімді болып, ел дамуына өзіндік үлесін қоса алатын тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Осы орайда биылғы жылы ауданымыздың барлық мектептерінде күндізгі сауықтыру алаңдары ашылып, оларға 1137 бала тартылды. Соның ішінде көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған …

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС Read More »

ЖАБЫЛҒАН МЕКТЕП ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Есіл ауданының Бірлік ауылындағы жабылып қалған мектеп қайтадан ашылды.

Серпіндіктер қатары толығуда

Білікті мамандарды даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. “Қазақстан – 2050” Стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін – 2050” әлеуметтік жобасы да жатады. Аталмыш әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға облысымыздың білім беру ұйымдары да өз үлестерін қосуда.

АТА ЗАҢЫМЫЗ АРДАҚТАЛДЫ АЙРЫҚША

    Талай қилы заманды бастан өткеріп, егемендікті арман еткен қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне биыл ширек ғасыр толады. Осы жылдар аралығында Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Бұрнағы күні бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болған Қазақстан Конституциясы күнін ел болып атап өттік.