ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДАНЫ ҚАЙ ОРЫНДА АЯҚТАДЫ?
Мен ауыл тұрғынымын. Ресми басылымдардан өңіріміздің бас газеті – “Солтүстік Қазақстанды” жаздырып аламын. Тұрақты оқырмандарыңыз ретінде бір өтінішім бар. Жақында Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарының нәтижесін біле алмай отырмын. Жалпыкомандалық есепте кім топ жарды? Қазақстан жарысты нешінші орында аяқтады? Толық ақпарат берулеріңізді өтінемін. Әскер ҚҰРМАНОВ, Благовещенка ауылының тұрғыны. Жамбыл ауданы.