Бел ортадан асты
Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел ақпараты бойынша, облыс диқандары орақтың бел ортасынан асты. Қыркүйектің 5-і күніне дейін 1813,7 мың гектар алқаптың астығы орылған. Бұл барлық егіс алқабының 56,4 пайызына тең. 1529 мың гектар немесе 47,5 пайызы бастырылған екен. 2558,7 мың тонна астық жиналды. Гектарынан орта есеппен 16,7 центнерден өнім алынуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.