ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарында болды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарында болды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Парыз-2016″ және “Еңбек жолы” байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Қос байқауға қатысуға 32 кәсіпорын мен 24 адамнан өтініш түскен екен. Ниет танытқандардың ішінен республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Сонымен, “Парыз-2016″ байқауы бойынша “Үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын” аталымының жеңімпаздары – Тайынша ауданындағы “Степноишим тәжірибе станциясы”, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Ақселеу”, Петропавл …
Бүгін, 6 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының шайбалы хоккейден ашық чемпионаты басталады. Біріншіліктің алғашқы кезеңінде жергілікті “Құлагер” хоккей клубы өз алаңында павлодарлық “Ертісті” қабылдамақ. Кездесу Спорт сарайында кешкі сағат 19-да басталады. Келесі күні қарымта матч өтеді.
Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-шы турында жергілікті “Қызылжар СҚ” клубы сырт алаңда “Екібастұз” командасымен кездесті.
Петропавл қаласында “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында бірқатар нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілуде. Бұл жайында облыстық мәслихаттағы “Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және нығайту, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында әңгіме өрбіді.
Биылғы Білім күнінде біздің Қызылжар өңірінде екі үлкен қазақ мектебінің жаңа ғимараттары және бір аралас білім ордасы салтанатты жағдайда ашылып, оларда жалпы саны мыңнан астам шәкірттің сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалды. Мемлекеттік тіл деген биік мәртебесі бар ана тіліміздің мерейін өсірген мұндай жетістік бұрын-соңды болған жоқ десек, асыра айтпаспыз. Өз басым, облысымыздың өзінің …
Ақжар ауданындағы Дәуіт ауылында жаңа спорт алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Серікбай Тұралинов “Дәуіт-Астық” ЖШС-і спорт алаңының құрылысы мен оның жабдықтарын сатып алуға 10 миллион теңге жұмсағанын атап көрсетті. Аталмыш шаруашылық директоры Болат Әубәкіров бұл алаңның бұдан былай дәуіттіктердің бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналатынына сенім білдірді. Жаңа спорт алаңы ауыл …
Қаладағы Хименко көшесінде балаларға арналған спорттық мереке ұйымдастырылды. Оған облыс орталығының кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналары қатысты.
Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында еңбек ардагері, суретші Мария Герасимованың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жеке көрмесі өтуде.
Отбасылық құндылықтарды насихаттап, ажырасудың алдын алуға бағытталған “Менің сүйікті отбасым” байқауы өз жалғасын табуда. Жаңа жобаға қатысуға өтініш берген бес жұп түрлі шараларға қатысып, сынақтар арқылы шыңдалуда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында курсанттар қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Әскери институттың табалдырығын аттаған курсанттар үшін маңызды сәтті ата-аналары да тамашалады.
Әр саланың өз қиыншылығы, күрмеуі қиын мәселесі бар. Мал шаруашылығында да шешімін күткен күрмеуі қиын жайттар жетіп артылады. Соның бірі – ветеринар мамандардың тапшылығы. Әсіресе, соңғы кезде мал дәрігерлерінің тапшылығы анық аңғарылуда.
Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин атап көрсеткендей, теріскейліктердің спорт саласында бағындырған белестері аз емес. Атап айтатын болсақ, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында 6 жерлесіміз бақ сынады. Бұрын-соңды мұндай жоғары деңгейдегі додаға өңірімізден осыншама спортшы қатыспаған еді.
Қасым Жүнісов… Бұл есімді газетіміздің көзі қарақты оқырмандары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері жақсы біледі. Бүгіндері тоқсанның төрінен көрініп отырған соғыс ардагері, республикалық дәрежедегі зейнеткер, отставкадағы полковник Қасым Жүнісовтің өмірбаяны көпшілікке, әсіресе, жастар қауымы үшін туған елінің жарқын болашағы жолында, Бауыржан Момышұлы айтқандай, «жұртым» деп жұмылып, «елім» деп езіліп қызмет еткендерінің қатарынан көрінудің, «Отбасының өнегесі – …
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жеті мәселе қаралды. Департамент басшысы – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың қатысуымен өткен отырыс барысында Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков жергілікті атқарушы органдардағы қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөнінде баяндады. Кеңес мүшелері …
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік аудит нысандарының тізіміне сәйкес 22 нысанда 8 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Оның 13-і – мемлекеттік мекеме, 9-ы – квазимемлекеттік сектор субъектісі.
Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ұлық мерекесін атап өтеміз. Қазақстан осы аралықта ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген сындарлы саясатының арқасында Қазақстан жоғары дамыған елу елдің қатарына қосылса, бүгінде үздік отыз мемлекетпен тереземіз теңелетін жағдайға жетуге жақын қалдық.