«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.09.2016

КҮЗДЕ ҚОНЫСТОЙЛАР КӨБЕЙЕДІ

    Үстіміздегі жылдың соңына дейін Петропавл қаласында 185 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, бір мыңнан астам пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 32 пайызға жоғары. Көзделген жоспар салынып жатқан 11 тұрғын үйдің құрылысы уақтылы әлі толықтай аяқталған кезде орындалады. Бұрнағы күні осы мәселенің мән-жайын Ерік Хамзаұлы көзімен көріп, құрылыс …

КҮЗДЕ ҚОНЫСТОЙЛАР КӨБЕЙЕДІ Read More »

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК

    Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Парыз – 2016” және “Еңбек жолы” байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. – Шағын және орта бизнес – отандық пен өңірлік экономиканың маңызды бағыттарының бірі. Жыл сайын бұл саладағы кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтін солтүстікқазақстандықтардың қатары қалыңдап келеді. Бүгінгі таңда облысымызда 28 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Мемлекеттік саясат …

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК Read More »

ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Сейсенбі күні облыс орталығындағы Спорт сарайында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жыл сайын “Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жоба” республикалық конкурсын өткізеді.

ТЕГІН КӨРСЕТІЛУІ ТИІС

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында медициналық және фармацевтикалық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық бойынша департаментінің басшысы Батырбек Нұрғалиев қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектерін қарастырмас бұрын оларға енгізілгелі отырған міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жайында айтып берді.

ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІ

Ұлт жоспарының 30-шы қадамына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жергілікті полиция қызметі жұмысын бастаған. Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында жергілікті полиция қызметінің жыл басынан бергі атқарған жұмысы туралы айтылды.

Ширек ғасыр несімен есте қалды?

Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол Тәуелсіздік деуге болады. Үстіміздегі жылы егемендік алғанымызға 25 жыл толады. Қызылжар ауданында тәуелсіздік жылдарында қандай оң өзгерістер орын алғаны жайында сауалнама жүргізген едік.

ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ҚҰТ МЕКЕН

  Президент тапсырмасына сәйкес облыс, аудандар басшылары атажұртқа ат басын тіреген отандастарымызға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауда. Атап айтқанда, қысы қатал Қызылжарды жерсініңкіремей, табиғаты жайлы оңтүстік облыстарға бүйрегі бұрып тұратын ағайындардың көңілін табу үшін арнайы бағдарлама қабылда­нып, оларға тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен тегін салып беру ісі қолға алынды. Республикалық “Нұрлы көш” бағдарламасы аясында Қызылжар ауданында …

ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ҚҰТ МЕКЕН Read More »

САПАЛЫ ӨНІМ ӨТІМДІ

“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің сүт зауыты бір ауысымда 50 тонна шикізатты қайта өңдейді. Зауытта сүт өнімінің 34 түрі шығарылса, оның 20-25 тоннасы күн сайын елордаға жөнелтіледі. Сапалы өнімімен астаналықтардың сұранысын қанағаттандыратын сүт зауыты сәуір айынан бері Ресейдің Қорған облысының нарығына да тауарлар жөнелтуде.

ЖЫЛҚЫ — ӨСІМТАЛ ТҮЛІК

Елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға оң бетбұрыс жасалғаннан бері мал өсіруге ден қойғандар қатары өсті. Мұның барлығы ауылда атакәсіппен айналысам деушілер үшін зор мүмкіндік екені сөзсіз. Біз де осы мүмкіндікті бос жібермей, 2000 жылы шаруа қожалығын ашқан едік. Кейін 2004 жылы “Гончаровка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрдық.

БОЛАШАҚҚА — НЫҚ ҚАДАМ

Қазақстан қазіргі экономикалық даму деңгейіне бірден қол жеткізген жоқ. Еліміздің экономикасы дамуының басында нарықтық қайта құру жүргізілсе, екінші кезеңі “Қазақстан – 2030” даму стратегиясы қабылданғаннан кейін қолға алынды. Осы құжаттың қабылдануымен тұрақты дамитын ел экономикасын құрудағы ұзақ-мерзімді мақсаттар мен басымдықтарға жету жолында жасалған бағдарламаларды іске асыру басталды. Бұл жылдарда ірілендіру жұмысы жүргізіліп, облыстар, аудандар біріктірілді. …

БОЛАШАҚҚА — НЫҚ ҚАДАМ Read More »