«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.09.2016

ҚҰБЫР ТАРТУШЫЛАР МӘЙІТКЕ ТАП БОЛДЫ

Петропавл қаласындағы “Береке” шағынауда­­нына жылу жүйелерін тар­тумен шұғылданатын құры­лысшылар жер қазу жұмыстары кезінде бірнеше адамның мәйітін ке­зіктіріп, тиісті орындарға ха­бар­­лаған. Бір таңқаларлығы, осындай оқыс оқиға осымен екін­ші мәрте қайталанып отыр. Оның алдында да осы маңнан бір­­неше адамның денесі табыл­ған екен.

МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛУЫ МҮМКІН

Қазақстанда “проблемалық” ипотекашылардың қарызын қайта қаржыландыру бағдарламасын 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту қарастырылуда.

Мұрагерлікке кімдер құқылы?

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның салымшысы қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы жинақтары кімге қалады? Қажым ТӨЛЕБАЕВ, Есіл ауданының тұрғыны.

Екеуі де жеңіліп көрмеген

Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокс кездесуін 10 қыркүйек күні сағат 23.00 -де “Қазақстан” мен “Kazsport” телеарналары тіке­лей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсеті­лімі жүргізіледі.

ЖҰМЫС ТА, ҮЙ ДЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл ішкі көші-қон саясаты бағдарламасы шеңберінде еліміздің оңтүстігінен келіп, қоныстанып жатқан отбасылардың 17-сі Уәлиханов ауданына тұрақтады. Бұл отбасылардың әр мүшесіне Үкімет тарапынан бірреттік жәрдемақы төленді. Солардың ішінде Жандос Кәрібаевтың әулеті де бар. Қазіргі уақытта ол “Жолдасбай Агро” фермерлік шаруашылығында жүргізушісі болып еңбек етіп жүр.

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ ТАРТУЫ

Облыстық ішкі істер департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы “Мектепке жол” акциясы аясында бірнеше отбасына арнайы барды. Өз қамқорлықтарына алған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына киім-кешек пен оқу құралдарын табыс етті. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне де барып, көмектерін көрсетті.

Ана аманаты

Ота үстелінің жан-жағынан төнген шамдар жап-жарық сәулемен бірге жылуды да аямай төгіп тұрғанымен Гүлсімнің тісі-тісіне тимей сақылдайды. Өз міндеттерін мінсіз атқаруға тырысқан ақ халаттылар да “бірдеңеден мүлт кетпейік” дегендей соңғы дайындықтарын жасап, қарбаласуда. Пышаққа түсу оңай ма? “Бұл үстелден тірі тұрам ба, жоқ па?” деген үрей бойын билеген Гүлсімнің есіне ауылдан ауруханаға кетіп бара жатқанда …

Ана аманаты Read More »

Қазан айында беріле бастайды

Қазан айында “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінің бірқатар нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің үшінші отырысында белгілі болды.

ЕСЕП БЕРУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан Республикалары мен Ресей Федерациясы аумағынан (аумағына) тауар шығаруды (енгізуді) жүзеге асырғанда аумақтық статистика органдарына ай сайын орналасқан жері бойынша 1-КО “Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп” нысаны бойынша статистикалық есепті тапсыруы қажет.

Ауылдағы жаңа кітапхана

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында Мәдениет үйінің қабырғасында кiтапхана есігін айқара ашты.

ТІКҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

“Евро-Азия Эйр” компаниясына тиесілі тікұшақ Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшырады. Тікұшақтың бортында “ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамының Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері болған. Ең бастысы, апат барысында қаза болғандар жоқ.

ЭЛЬМИРА ҚОС КӨЛІК МІНДІ

Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлде алған балуан қыз Эльмира Сыздықоваға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков “Toyota Camry” автокөлігін сыйға тартқан болатын. Ал таяуда грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Асыл­бек Дүйсебаев Олимпиада жүл­дегеріне “Toyota Corolla” маркалы автокөліктің кілті мен 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Эльмираның жеке …

ЭЛЬМИРА ҚОС КӨЛІК МІНДІ Read More »

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Петропавл қаласының көшелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жақында Сәбит Мұқанов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлады шаһар басшысының баспасөз қызметі. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл көшесінен бастап, Тоқсан би көшесіне дейінгі аралық қалпына келтірілмек.

АСТЫҚ ҰРЛАП ҰСТАЛДЫ

Орақ науқаны басталғалы полицейлердің де жұмысы көбейді. Тамыздың 29-ынан “Орақ – 2016” жедел-алдын алу шарасы басталып, ауылдық жерлердегі ішкі істер органының барлық күші соған жұмылдырылған. Бүгінге дейін бидай ұрлаудың алты бірдей фактісі анықталды.

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында Елбасымыздың Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын орындауға арналған облыстық ішкі істер департаменті жұмысының нәтижесі бойынша кеңес болып өтті.

ДІНДІ ДҰРЫС ТҮСІНУ КЕРЕК

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Түрлі сала мамандарының басын біріктірген ауқымды шара “Қазақстандағы радикалды, деструктивті, теріс ағымдардың қаупі мен түрлерінің көріністері” атты тақырыпқа арналды.

ЖАЙҚАЛЫП ӨСКЕН ЖАС ҚҰРАҚ Тілге де, жастарға да жанашырлық қажет

“Солтүстік Қазақстан” газетінің көп жылдан бергі тұрақты оқырманымын. Газет беттерінде жұртшылық көкейінен шығатын танымдық мақалалар жүйелі жарияланатындықтан, әр санын тағатсыздана тосамын. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты үнқатуларым арагідік жарық көріп жүр. Облыстың өкіл имамы Кенжетай Дүйсенбайұлының “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар” айдарымен жарық көрген “Ішіңдер, жеңдер, бірақ…” деген толғамды мақаласына (28 шілде 2016 ж.) оқырмандар жақсы-жақсы ой-пікірлер …

ЖАЙҚАЛЫП ӨСКЕН ЖАС ҚҰРАҚ Тілге де, жастарға да жанашырлық қажет Read More »