ЖҰМБАҒЫ КӨП ТОСЫН ЖАЙ
Петропавл қаласындағы “Береке” шағынауданына жылу жүйелерін тартумен шұғылданатын құрылысшылар жер қазу жұмыстары кезінде бірнеше адамның мәйітін кезіктіріп, тиісті орындарға хабарлаған. Бір таңғаларлығы, осындай оқыс оқиға осымен екінші мәрте қайталанып отыр. Оның алдында да осы маңнан бірнеше адамның денесі табылған болатын.