ОЛИМПИАДАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бразилия елінің Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан жерлестеріміз, әсіресе, жүлделі оралған спортшыларымыз отандастарының ыстық ықыласына бөленуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жерлес спортшыларымызды қабылдап, өңір басшысының құттықтауын жеткізді.