«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.09.2016

Қос мықтының тартысы

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-ші турында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында Шығыс Қазақстан облысының “Алтай” командасын қабылдады. Тартысты өткен ойын тең аяқталды. Есеп – 2:2.

АЛИМЕНТ ӨНДІРІЛІП АЛЫНУДА

Облыс орталығында балаларына алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарып жүрген ата-аналардан қарыздарын өндіріп алу мақсатында рейд ұйымдастырылды. 

ӨНЕР ОРДАСЫНЫҢ ОЛЖАСЫ

Құрылғанына он бес жыл толған өңіріміздегі қасиетті қарашаңырақтың бірі – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ саздыдрама театры осы уақыттың ішінде әртүрлі республикалық, халықаралық өнер додаларында бағын сынап, олжасыз оралған кезі жоқ. Жақында сахнаны қастерлеп, ерекше қадір тұтатын өнер ұжымының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде осынау өнер ордасының …

ӨНЕР ОРДАСЫНЫҢ ОЛЖАСЫ Read More »

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

Айыртау ауданындағы Карасевка ауылында аудандық қорғаныс істері бөлімінің мұрындық болуымен шағын футболдан аға сержант Дастан Сақтағановты еске алуға арналған турнир ұйымдастырылды.

ЖАҚСЫДАН — ШАРАПАТ

Ел үшін қызмет етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген Есімовтер отбасын жастарға үлгі етіп айтуға әбден болады. Құқық қорғау саласындағы әулеттің еңбек өтілі 50 жылдан асты.

84 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Тегін кәсіптіктехникалық білім беру мақсатында 2017 жылы 84 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

СОТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі демократиялық процестерді дамытуда заңдылық пен сот төрелігінің, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі бола алатын сот жүйесі қалыптасты.

Өзара ынтымақтастық тиімді

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегінде №938 қаулысымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі негізінде табиғи монополиялық субъектілерге мынадай қызмет түрлерін ұсынады:

ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚАЙНАР БАСТАУЫ

Солтүстікте қарт тарихтың қатпарлы да тылсым құпияларын ішіне бүккен, жұмбақ сырлары әлі де ашыла қоймаған өңірлер аз емес. Солардың бірі – ұлы тұлғаларды құндақтаған қасиетті Айыртау ауданы. 

КӨГІЛДІР ОТЫНҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

Облыста көгілдір отын тапшылығы шешімін тапқандай. Мұны өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІГІ

“Даму – Оптима” – “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтіндерге арналған жаңа жоба. Яғни, сауда-саттық, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары сияқты салаларды дамытуға мүмкіндік береді. “Даму – Оптима” бағдарламасының бір артықшылығы – банк алдында кепілзаты жоқ кәсіпкерлер “Даму” қорының кепілдік беруі арқылы несие ала алады.

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

  Петропавл қаласында құрылысшы мамандығын таңдаған студент жастар арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті. Оған облыстың құрылыс ұйымдары мен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнiң студенттерiнен жасақталған бес команда қатысты.

ЕЛДІҢ ШЕТІНДЕ, ЖЕЛДІҢ ӨТІНДЕ…

  Елдің шетіндегі, желдің өтіндегі өңір… Осы бейнелі де астарлы сөз көршілес Ресей Федерациясының Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шектесіп жатқан, жерін Ресей темір жолы көктей кесіп өтетін, әрі Сібірден соғатын салқын желдің өтінде тұрған Солтүстік Қазақстан облысы жайлы еліміздің Тәуелсіздігі жылдары айтылғандығы анық. Кім айтса да, керемет айтқан!..