«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.09.2016

МЕРЗІМІ ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 1 қазанда жер мен мүлік салығын және 31 желтоқсанда көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын тұрғындардың естеріне салады. Үй, пәтер, гараж, саяжай, жер телімі, өзге де құрылыстар мен көлік үшін төленетін біржылдық салық уақтылы рәсімделгені жөн. Сондай-ақ, Салық кодексінің 403-бабына сәйкес аяқталмаған құрылыс нысандарына да салық төленетіндігін ескертеміз.

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Ел көлемінде “Альтернативник” алдын алу шарасы өтті. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан болатын қылмыстардың алдын алуды мақсат тұтқан ауқымды шара аясында Қызылжар ауданында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында дзюдошы Назгүл Маратоваға, әйелдер күресінің өкілі Екатерина Фирстоваға, грек-рим балуаны Станислав Рыльский мен таэквондошы Глеб Лымарьға қошемет көрсетілді.

КҮШ СЫНАСТЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып, спорттық жарыс өткізді.

Жерлесіміз — жеңімпаз

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен “Кәсіпқор” холдингі бірлесіп ұйымдастырған “WorldSkills Kazakhstan – 2016” екінші ұлттық чемпионаты өтті. Оған Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Евгений Смирнов қатысып, жеңіспен оралды.

Көңілден шыққан қойылым

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында орыс жазушысы Алексей Ивановтың романының желісімен жазылған “Географ глобус пропил” қойылымы көрсетілді. Омбы мемлекеттік драмалық “Бесінші театры” аталмыш спектакльді алты жылға жуық сахналап келеді.

ТАҒЫЛЫМ АЛАР САБАҚ

Облыстық аналар кеңесі республикалық “Ақ орамал” акциясы аясында кездесу ұйымдастырды. Бұл жолы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тәрбие мәселесіне сүбелі үлес қосып жүрген көпбалалы аналар студент қыздармен кездесті. Тағылымы мол әңгіме отбасы мен ұлттық салт-дәстүрді сақтау, оларды кейінгі ұрпаққа мирас ету тақырыптарында өрбіді. Алты баланы дүниеге әкеліп, бүгінде 18 немере, 8 шөберенің қызығына бөленіп отырған облыс …

ТАҒЫЛЫМ АЛАР САБАҚ Read More »

МАСЫЛДЫҚТЫ АЗАЙТЫП, ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТАТЫН ЖОБА

Мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жататын отбасылардың өмір сүру сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Облыс экономикасын әрі қарай тұрақты дамыту мақсатында атқарушы биліктің әлеуметтік қорғау органдарының жұмысындағы басты міндет халықты жұмыспен қамту және олардың табысын арттыру арқылы кедейлік деңгейін төмендету болуы тиіс. Сондықтан жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында атап өтілген басым бағыттардың бірі азаматтарды …

МАСЫЛДЫҚТЫ АЗАЙТЫП, ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТАТЫН ЖОБА Read More »

ДӘСТҮРЛІ ДІН — ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Көпэтносты елімізде тұрақтылықты және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үзбей жүргізіліп тұрады. Аталмыш мәселеге арналған конференция кеше М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті.

АСТЫҚТЫ АЙМАҚТАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстың даму қарқынына жоғары баға берді

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қазақ елінің талай алыптары туған қасиетті Қызылжар топырағында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен облыс басшылығы тарапынан қолға алынған игі бастамаларға оң бағасын берген Президент еліміздің ең астықты өңірі ретінде Солтүстік Қазақстан облысына мол сенім артылып отырғанын айтты.

ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ

“Тіл – тұнық ойдың кәусары” атты республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Аталмыш шараға 16 мен 22 жас аралығындағы қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Журналистика” кафедрасының ұйымдастыруымен жерлес жазушы, публицист Бақыт Мұстафинді еске алуға арналған әдеби кеш өтті. Жиында жерлесіміздің жақында қайта басылып шыққан “Досыңды шақыр” атты балаларға арналған кітабы таныстырылды.

Қамба толып келеді

Күзгі науқанға ауа райы қолайлы болып тұр. Диқандар тыным таппай еңбек етуде. Жедел ақпаратқа сүйенсек, 23 қыркүйекке дейін 3217,7 мың гектар алқаптың 2745,7 мың гектары дестеге түсірілді. Бұл барлық жиналуға тиісті астықтың 85,5 пайызы. Бастырылған астық 2643,2 мың гектар немесе 82,1 пайыз. Бүгінгі күнге дейін 4699,1 мың тонна астық жиналды. Гектар берекелігі орта есеппен 17,4 …

Қамба толып келеді Read More »

Межелі күн жақын

Мамлют ауданының диқандары орақ науқанын бір-екі күнде аяқтамақ. Аталған ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Василий Лисичкиннің айтуынша, үстіміздегі жылы жергілікті диқандар 117 мың гектар алқапқа бидай және 32 мың гектар жерге майлы дақылдар еккен. Бүгінде оның 82 пайызы орылыпты.

ҚЫРАҒЫ КАПИТАН

Еңбек демалысында жүрген Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Мәрлен Бекенов сол кеште өзінің жеке көлігімен үйіне беттеп келе жатқан еді. Үйлердің біріне іргелес нысанның шатырынан будақтаған қою түтінді байқаған ол көп ойланбастан аулаға өтіп, алдымен үй иелеріне хабар берді. Сосын өзі өртті сөндіруге кірісіп кетті.