«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.09.2016

КИНОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ ЖАРЫСЫ

    Өңірімізде кинолог мамандардың республикалық чемпионаты басталды. Олардың жоғары кәсіби шеберлігін арттыруды, қызметтік иттердің үйретілу деңгейін анықтауды және қылмыстардың ашылуын жақсартуды көздейтін шараның ашылу салтанатына облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов, сонымен қатар еліміздің әр өңірлерінен келген жергілікті полиция қызметтерінің басшылары қатысты. Жарыс қонақтары мен қатысушылары қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдерін тамашалағаннан кейін чемпионат та …

КИНОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ ЖАРЫСЫ Read More »

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

Облыстың тәртіп сақшылары 16-20 қыркүйек аралығында жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел-алдын алу шарасын өткізді.

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Қазақ халқында “Отан – отбасынан басталады”, деген тәмсіл бар. Жақында облыстық ішкі істер департаменті отбасылық құндылықтарды насихаттау, аға ұрпақты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында “Біздің отбасымыз” атты шығармалар байқауын өткізді.

Жалған ақпарат жарға жығады

Терроризм актісінен зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құқықтық және басқа да көмектер тегін беріледі. Сондай-ақ, “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңға сәйкес діни экстремизм және терроризм акцияларына дайындық туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған азаматтарға материалдық көтермеақы төлеу қарастырылған. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық …

Жалған ақпарат жарға жығады Read More »

АПТАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“Снежинка” бөбекжай-бақшасында “Тілдер жәрмеңкесі” апталығы өтті. Аталмыш апталық аясында мекеме мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.

ЫҢҒАЙЛЫ ӘРІ ТИІМДІ

Еліміз бойынша білім саласына “Күнделiк кz” деп аталатын жаңа жобаны енгізу қолға алынды. Алдағы уақытта оқушылар күнделігін электрондық нұсқа алмастырып, баға да, үй тапсырмасы да соның ішіне жазылатын болады. Бұл ұстаздар , ата-аналар және оқушылар үшін жақсы әрі оңтайлы жаңалық.

БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет. Халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың тіліне айналып отырған ағылшын тілін білу өмір қажеттілігі. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, ересектерге қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді.

“Айқапта” жерлестеріміздің мақалалары жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын “Айқап” журналының екінші (100-інші) нөмірі жарық көрді. Оқырман қауым басылым бетінен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтың сұхбатын оқи алады. Сұхбатта Мұрат Мұхтарұлы балалық шағының жарқын естеліктерімен бөліскен. Анасы Фатима журналды тәркілеу кезінде “Айқаптың” бірнеше данасын сандығында жасырып қалған екен. Осыдан-ақ оның бұл басылымды қаншалықты қадірлегенін аңғаруға …

“Айқапта” жерлестеріміздің мақалалары жарияланды Read More »

РУХАНИ ИММУНИТЕТІМІЗ НЕГЕ ӘЛСІЗ?

Адам денесінде пайда болатын аурулардың 80 пайызы иммундық жүйенің бұзылуымен байланысты екен. Мәселен, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (СПИД) ауруының қоздырғыш вирусы алдымен ағзаның иммундық жүйесінің өзіне шабуыл жасап, оның бөгде, яғни зиянды заттарды ажырату қабілетін жояды. Былайша айтқанда, ағза өзіне кімнің қас, кімнің дос екенін, ненің зиян, ненің пайдалы екенін ажырата алатын қабілетінен айрылады. Сондықтан …

РУХАНИ ИММУНИТЕТІМІЗ НЕГЕ ӘЛСІЗ? Read More »

ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЖОҚ

Облыстық ветеринария басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттамалар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімін бекіткен. Тізім стандарттар мен регламенттер басқарманың ресми сайтында орналасқан.

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ЭЛЕВАТОР

    “ТНС-Экспорт” ЖШС астық қабылдау элеваторы – үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын. Сыйымдылығы 120 мың тонналық автоматтандырылған кешен заманауи технологиялық артықшылықтары мол республика бойынша озық үлгідегі элеваторлардың бірі саналады. Кешендегі таразылар, зертхана, қоймалар мен жүк тасымалдайтын авто және темір жол тораптары, гараждар, қонақүй, асхана – барлығы жаңа үлгідегі нысандар.

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ КӨЗДЕЙМІЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында тұрғындарға бірыңғай мемлекеттік қызметтерді ұсынатын корпорация құру жөнінде тапсырма берген болатын. Соның нәтижесінде үстіміздегі жылдың сәуір айында төрт ірі құрылымды – жылжымайтын мүлік, халыққа қызмет көрсету, зейнетақы төлеу жөніндегі және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталықтарын біріктірген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

ҒАСЫР БІТІМІ Болашақта әлі де талай бітімгершіліктер болар, бірақ әзірге ең мықтысы осы

ХХІ ғасыр әлемдік көшбасшылардың алдына тұрақсыздыққа бет түзеген геосаяси кикілжіңдерді еселей ұсынған заман болып келеді. Прогресшіл адамзат барлық жамандық ХХ ғасырмен кетіп, енді бейбіт заман орнайтын шығар деп күткен еді, бірақ замананың реалийі оған жібермей, керісінше болып барады.

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ

Үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап еліміздің барлық аймақтарында “Жастар кадрлық резерві” жобасына тіркелу басталған болатын. Осы орайда “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы ғимаратында “Жастар кадрлық резерві” жобасының екінші кезеңі өтті. Жобаға облысымыздың белсенді жастары, жоғары курс студенттері мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып, бақ сынады.

ПЕШ ЖАҒУДЫҢ ДА ТАЛАПТАРЫ БАР

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте орақ науқаны кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

АСЫЛБЕКТІҢ АСУЫ

Кез келген жұмыс адамның тікелей араласуымен істелетінін ескерсек, әр саланың өзіндік ерекшелігі, қиындығы болады. Ал білікті де білімді маман қашанда сұранысқа ие. Осы орайда құрылыс саласында жылдар бойы жемісті еңбек етіп, еңбегі де ескерусіз қалмаған Асылбек Ғабдуллин сияқты мамандардың қоғамның дамуына қосып отырған үлесі зор.

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ АКЦИЯСЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасының аясында қарттарға қолдау көрсету жөнінде брифинг өтті.

ЖАҢА КОДЕКС — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінен кейін еліміздің сот жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. Атап айтқанда, жаңа кодекстер мен заңдар қабылданып, сот төрелігін жүзеге асыратын тұлғалар үшін жауапкершілік күшейтілді. Осының бәрі жинала келе қазіргі Судья әдебі кодексінің жаңартылуы мен жетілдіруін талап етті.

Бес миллиондық межеден асты

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары орақ науқанын аяқтауға таяп қалды. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан жедел ақпарат бойынша, қыркүйектің 26-сына дейін барлық егіннің 92,9 пайызы орылған, яғни биыл дән себілген 3217,7 мың гектар алқаптың 2989,4 мыңның егіні дестеге түсірілді. 2940,8 мың гектар немесе 91 пайызы бастырылған екен. Бір гектардан орта есеппен 17,4 центнерден өнім алынуда. Шаруалар 5116,9 …

Бес миллиондық межеден асты Read More »

АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрамы мен Петропавл қаласындағы әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасында дін саласын үйлестіру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдерімен кездесті. Астана қаласынан келген делегация құрамында дінтанушылар, теологтер болды.