ЕГДЕ ӘЙЕЛДІҢ ЕРСІ ІСІ
Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі болатын. Аялдамаға №5 қоғамдық көлік келіп тоқтап, жиналып қалған жұрт жапа-тармағай қысыла-қымтырыла автобусқа отыра бастадық. Әуелі үлкендерді өткізгеннен кейін салонға мен де аяқ бастым. Көлікке менің алдымда кірген егде жастағы әйел алдыңғы қатардағы орындықта отырған жас келіншекке шүйліге кетті. Неше түрлі былапыт сөздерді қарша боратты-ай кеп. Жағымсыз оқиғаға назар аударғанда түсінгенім, …