«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.10.2016

Әркімнің парызы

Қазақстан халқы тілдері күніне орай “ЕС-164/1” мекемесі қызметкерлерінің арасында еліміз бен тіліміздің мәртебесін арттыруға арналған “Тіл – ел байлығы” атты “дөңгелек үстел” өткізілді.

БАБАДАН ҚАЛҒАН МҰРА

Петропавл қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған облыстық фестиваль аясында “Тіл – елдің рухани байлығы” атты “дөңгелек үстел” өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілмен қатар, басқа ұлт өкілдері тілдері мәртебесін көтеріп, елдің бірлігін сақтап, оны нығайтуға оң ықпал ету.

АЛАЯҚТАР ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛДЫ

Қылмыс жасағандар жазасыз қалмайды. Петропавл қалалық соты алаяқтықпен айналысқан Сара Тайжанова, Альфия Жүкенова және Оксана Войдилоға қатысты қылмыстық істі қарап, оларды жазаға тарту жөнінде үкім шығарды.

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТЫҚ

Қабдол Мұхаметқалиев ақсақалды әңгімеге тарта қалсаңыз, сексеннің сеңгіріне шыққан қарт өзінің спортпен әуестенген жастық шағын сағынышпен еске алады. Ауылдың қара домалақ ойын баласы жаз келсе көкорай шалғында, қыста қар үстінде қатарластарымен алысып-жұлысып, шымыр болып өседі емес пе?! Қабдол аға да күреске осылай машықтанғанын айтады. Күрестің техникасын білмесе де, бойындағы алпауыт күш оның басқалардан басым болуына …

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТЫҚ Read More »

Қамқорлық жасау — адамгершіліктің белгісі

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылда жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Осы аз уақыттың ішінде елдігімізді танытатын ауқымды жұмыстар атқарылды. Үкіметтің басты ұстанымы – халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғамның әлжуаз топтарына ерекше көңіл бөлу. Солардың ішіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау үшін заңнамалық актілер қабылданып, олардың қоғамдық ортада бейімделуі үшін көмектер көрсетілуде. Бүгінгі қолданыстағы “Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы”, …

Қамқорлық жасау — адамгершіліктің белгісі Read More »

АРДАГЕР ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ардагер ұстаз, мәдениет қайраткері Қайролла Мұқановты Халықаралық қарттар және мұғалім күні мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова үйіне барып құттықтады.

АҚСАҚАЛЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛМІЗ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастыру кезеңінде көштің басында жүріп, ауыртпалықтарды бір адамдай еңсергендердің басым бөлігі бүгінде зейнет жасына жетіп, ардагер атанып отырған жандар. Олар Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, елді жұмыссыздық, жалақының уақтылы төленбеуі, зейнетақы мен жәрдемақылардың айлап берілмеуі, күнделікті қолданыстағы тауарларға тапшылық сияқты қиындықтар жайлаған кезде еш мойымады. Сөйтіп, бүгінгі әлем таныған қазақ елінің …

АҚСАҚАЛЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛМІЗ Read More »

ТҰРАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ — ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің қысқы маусымдағы тосыннан туындайтын апаттардың алдын алуға дайындығы жөнінде брифинг өтті.

КӘСІПКЕРДІ МАЗАЛАЙТЫН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасына да, кәсіпкерлер палатасына да бизнес өкілдерінің құқықтары бұзылғандығы жөнінде түсетін хабарлар азаяр емес. Бұл жайында қадағалаушы орган мен кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысының аралық нәтижесі жайлы өткен жиында айтылды.

Сот жүйесі жетілдірілуде

VI Судьялар съезі өткеніне аз ғана уақыт болды. Алайда, осы аралықта еліміздің сот жүйесі айтарлықтай жетіліп, маңызды өзгерістер болды. Сот төрелігі бес сатылыдан үш буынға ауысты. Бірінші саты – аудандық және оған теңестірілген соттар, апелляциялық – облыстық және оған теңестірілген соттар, кассация – Жоғарғы сот. Сот төрелігін жүргізудің үш буынды деңгейге ауысуы – барлық сот …

Сот жүйесі жетілдірілуде Read More »

ӨЗ ІСІНЕ ҒАШЫҚ ЖАН

Ұстаз – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап, ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды өрен бойына сіңіруші. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Қоғам қайраткері, ағартушығалым Ахмет Байтұрсыновтың “Мұғалім – мектептің жаны” деп бағалауынан-ақ, ұстаз деген ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген …

ӨЗ ІСІНЕ ҒАШЫҚ ЖАН Read More »

Тағайындаулар

Облыстың ведомстволық құрылымдары жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен толықты.

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӨНІНЕН СОҢҒЫ ОРЫНДАМЫЗ

Жұма күні өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын алу және қоғамда оның кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру жайында кеңес өтті. Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қатысты.

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда жаңадан құрылған екі басқарма басшыларының міндетін атқарушылар таныстырылды. Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы міндетін атқару Нұрлан Бүркіталинге, ал жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы міндетін атқару Ирина Тухватулинаға сеніп тапсырылды.

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлерінде болды.

ТЕАТРДАҒЫ МҰРАЖАЙ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ішінен ашылған мұражайдың жұмысымен танысты.

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандықтар, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер! Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті мұғалімдер, білім саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбектің ардагерлері! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҮЗДІКТЕРГЕ — “ЭКСПО-2017” КӨРМЕСІНЕ ЖОЛДАМА

    Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында мәртебелі мамандық иелері – ұстаздардың кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Тәуелсіз еліміздің рухы биік, ой-өрісі кең, елжанды ұрпағын тәрбиелеу жолында табандылық пен шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп жүрген ұстаздарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.