Қарызды төлеу — парыз
Бүгінде Петропавл қаласында коммуналдық қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендер, сол сияқты пәтер иелері кооперативтеріне берешегі барлар аз емес.
Бүгінде Петропавл қаласында коммуналдық қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендер, сол сияқты пәтер иелері кооперативтеріне берешегі барлар аз емес.
Мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, жақсылық сыйлау облыс орталығындағы “Ақ көгершін” бөбекжай-балабақшасы үшін игі дәстүрге айналған. Тәрбие бастауына айналған мекеме ұжымы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді.
Қары мен жаңбыры аралас күзде жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың қозатыны белгілі. Бүгінде өңірімізде осы дертке шалдыққандардың қатары көбеюде. Соңғы уақытта 700-ден астам қала тұрғыны дәрігерлер көмегіне жүгінсе, олардың дені – жас бүлдіршіндер.
Қытайдың атақты философы Конфуций: “Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен, сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі, тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен бұрын адамдар арасында бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды”, – деген екен.
“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның салымшысы өз қаржысын қалай бақылай алады? Әсем Қуанышева, Аққайың ауданының тұрғыны.
“Ата-бабамыз аңсаған азаттықтың ақ таңы әрбіреуімізге бодандық қамытынан босап, сахарадай кең жайылған дарқан даланың төсінде еркін өмір сүруімізге жағдай жасады. Дербес ел ретінде біз жаңа ұмтылыстарға қол создық”, – деп бастады әңгімесін еңбек ардагері Бағдат Таспаев.
Петропавл медицина техникумы, Петропавл фельдшерлік-акушерлік мектебі, Петропавл фельдшер мектебі, Петропавл медицина училищесі, Солтүстік Қазақстан медицина колледжі – бұл 86 жылдық тарихы бар оқу орнының өсіп-өркендеу кезеңдері. Сонау 1930 жылдары Қаз АССР денсаулық сақтау Халықтық Комиссариатының ұсынысымен және Петропавл қалалық кеңесінің сол жылғы нұсқауымен “Сырқаттарды жалпы күту техникасы”, “Физиотерапевтер және ренгенотехниктер” деген екі бөлімнен …
Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында бүкіләлемдік жүрек күніне орай қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу онкүндігі өткізілді.
Жыл сайын Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ұйымдастырылатын “Қазақша сөйлесейік” акциясы такси қызметі байланыс орталығының бөлімшесінде өтті.
Елбасының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруды қолға алған еліміздің сот жүйесі бүгінде жаңа белеске көтерілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: “Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі …
Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. Өңірімізде жыл сайын өткізіліп келе жатқан шараға аудандар мен облыс орталығынан 50-ден астам өнерпаз жиналды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйытқы болуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Абылай хан резиденциясында “Ұлттық музей сенің қалаңда” атты мәдени шара өтті.
Облыс орталығындағы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнің өндірістік оқыту шебері Орал Төлебаевтың есімі әріптестері арасында құрметпен аталады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елімізде 2014 жылдан бері “Еңбек күні” мерекесі аталып өтуде. Бұл мерекенің мақсаты – өндіріс майталмандарын ұлықтау, олардың еңбек жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Осы орайда, “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы ғимаратында өңірімізге танымал әулеттер өкілдері жастармен кездесті.
Петропавл қалалық Мәдениет үйінде көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына арналған жиын өтті. Оған облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.
“Нұр Отан” партиясы қоғамдық қабылдауының Солтүстік Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Арман Қайырбекұлы Рамазанов жеке қабылдау өткізеді.