“ҚҰЛАГЕРДІҢ” АЙҚЫН ЖЕҢІСІ
“Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда “Теміртау” командасымен екі кездесу өткізді.
“Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда “Теміртау” командасымен екі кездесу өткізді.
Біріншіліктің аяқталуына 3 тур қалды. Сондықтан көш басында келе жатқан командалар үшін әр ұпай қымбат. Осыны жақсы түсінген командалар жеңіске жету үшін барын салды. Тартысты өткен ойын солтүстікқазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Есеп – 4:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысы Е.Әбдірахманов ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан …
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында тәлімгер ұстаз бен жас маманның кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған “Педагогикалық дуэт” байқауы өтті.
Жерлесіміз Жәмила Мұстафина Тараз қаласында өткен Ықылас Дүкенұлы атындағы III республикалық “Жезкиік” қобызшылар конкурсынан жүлдемен оралды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен және Тараз қаласынан іріктеліп алынған 22 үміткер қатысты.
Мамлют ауданындағы Бексейіт ауылы – түтіні тік ұшқан елді мекендердің бірі. Қазақылықтың исі аңқыған осынау шағын елді мекеннің жұпар ауасымен тыныстап, шаңына аунап өскендердің бірі – менмін.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біздің де мемлекетіміздің жарқын болашағының тірегі – жалынды жастар. Бойында бұла күші тулаған өрендер еліміздің жаңару үдерісіне белсене қатысуы керек. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде “Жас ұлан” қоғамдық бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен “Мәңгілік Елдің болашағы!” атты “дөңгелек үстелде” осы ой әңгіме өзегіне айналды.
Бүгінде болашақтықтар алған тәжірибелерін сәтті жүзеге асыру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде өмірдің сан алуан саласында жемісті қызмет етуде. Солардың бірі – мемлекеттік қызметші, жерлесіміз Самат Ыбыраев. Жуырда Астанаға барған сапарымда онымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді.
Облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы Нұрбай Сәбитовтің еңбегі лайықты бағаланды. Ол Қазақстан халқы тілдерінің XVIIІ облыстық фестивалінің ашылу салтанатында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолынан Алғыс хатын алды.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары қоржынға 17 медаль салып, егеменді еліміздің әлемдік аренадағы беделі мен абыройын асқақтата түсті. Солардың қатарында жерлесіміз Эльмира Сыздықова да бар. Әйелдер арасындағы еркін күрестен қола жүлдені еншілеген Эльмира Әнуарбекқызы баршамызды қуанышқа бөлеген болатын. Балуан қыз Рио-де-Жанейродан оралған соң туған өңіріне соғып, жерлестерінің қошеметіне …
Қазақ халқы үшін алмағайып заман болған ХІХ-ХХ ғасырларда талай шоқтығы биік тұлғалар өмір сүрген. Солардың бірі – халық ақыны Молдахмет Тырбиев. Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тумасы Молдахмет Төребекұлы – өз заманында ақын, әнші, термеші ретінде танылған тұлға. Өнері, шығармашылығы, адамгершілік қасиеттері әлі күнге дейін ел арасында айтылып жүрген бабамызды тағы бір еске алу үшін …
Өткен жылдың ақпан айында Евдокия Михайловна Кузнецова 90-ға толды. Ойын да, бойын да сергек ұстай білген, жүріс-тұрысы ширақ. Одан: “Осыншама жасты таяққа сүйене еңкейіп қалмай еңсеруіңіздің сыры неде?” – деп те сұрадым. Осы сәт көңілінен шуақ шашылғандай болған ол көп ойланып жатпай: “Өмірді, ортаңды, жаныңдағыларды бейне бір бауырыңдай жақын тарта жақсы көре білсең, жасың ұзақ …
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу Солтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының қызметіндегі аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыруда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсыныстарына, басқарманың жылдық жұмыс жоспарына арқа сүйейміз.
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген “Болашақ” корпоративтік қорының директоры Дәурен Бектасов мемлекеттік сатып алу талаптарының тиянақсыздығы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап отырғандығын ашық айтты. Осы орайда Алик Жатқамбайұлы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңның кейбір тұстарына өзгерту енгізу қажет екендігін мойындады. …
Елімізде тұңғыш рет “Пробация туралы” Заң қабылданбақ. Қазіргі таңда көптің талқысында жүрген заң жобасына солтүстікқазақстандықтар да өз ұсыныстарын енгізуге ынталы. Осы мақсатта өткізілген “дөңгелек үстелге” облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.
Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Астанада өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XIII өңiраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Петропавлда “Kyzylzhar Invest – 2016” халықаралық инвестициялық форумы өтті. Өңірге шетелден қаржы тарту мақсатын көздеген шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. 2014 жылы өткен алғашқы форумда жалпы құны 85,5 млрд. теңгенің 62 меморандумы мен келісіміне қол қойылған болатын. Биылғы форумға Италия, Қытай, Швеция, Финляндия, Германия, Ресей және Сейшель аралдарынан өкілдер келді. Бизнес-қауымдастық, Ұлттық …