«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.10.2016

Топ жарды

Облыстық ішкі істер департаментінің командасы республикалық “Парасатты полиция” байқауында 2-ші орынға ие болды. Бұл шара тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

“ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП”

Өңірімізде республикалық “Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жетілдіруге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Облыстағы 292 елді мекенде мектеп жоқ. Ондағы оқушылардың 1225-сін білім мекемелеріне күнделікті, 1403-ін апта сайын тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымал кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында олармен білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен мектеп-интернат тәрбиешілері бірге жүреді.

Жаңа маусым шымылдығы түрілді

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры 5 қазан күні өзінің XVIIІ театр маусымын Асахмат Айларовтың “Келісім шарт бойынша қалыңдық” спектаклімен ашты.

ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІ ҚАЗАҚША ТҮСІНБЕЙ МЕ?

Ұлттық кәсіби музыка өнерінің қарашаңырағы, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған “Ұлы дала мұрасы” атты концерттік бағдарламасымен біздің өңірімізде болып қайтты.

БЕЛСЕНДІЛІК ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында қазақстандықтардың жылжымайтын мүлік пен ақшаны жария ету акциясына қатысу жайы сөз болды.

ҚАРТТАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Петропавл ет комбинатының бұрынғы еңбеккерлері зейнеткерлікке шыққан соң өздері жұмыс істеген кәсіпорынмен байланысын үзіп алған. Бүгінде қаламызда тұрып жатқан кәсіпорын зейнеткерлерінің жалпы саны – 292 адам. Үстіміздегі жылы оларды өз қамқорлығына алған “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының бастамасымен Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.

АҒА БУЫННЫҢ ҮЛГІЛІ ІСТЕРІ

Уәлиханов аудандық ардагерлер кеңесі қатарында 1729 мүшесі бар 25 бастауыш ұйымның басын біріктіріп отыр. Олардың ішінде екі Ұлы Отан соғысының ардагері, 136 – тыл еңбеккері, 22 – ауған соғысына қатысқан, 7-еуі – Чернобыль апатының құтқарушысы, 3-еуі Семей полигонынан зардап шеккен. Сондай-ақ, өздерінің арнайы ұйымы жоқ мүмкіндігі шектеулі 442 жанды да ұйым өз қанатының астына алған.

АУЫЛ — ЕЛДІҢ АЖАРЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында сыннан сүрінбей өткен кездерімізді еске түсіріп, шымырлық танытар шағымызды айқындап берді. Жолдауда елдің дамуының жалпы стратегиялық бағыты анықталып, қазіргі жағдайдағы Қазақстан қоғамы дамуының негізгі міндеттері белгіленді.

Ділі мықты елдің іргесі берік

ХХІ ғасыр жасты да, жасамысты да сынаған қайшылығы мол кезең болып отыр. Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде “Рухани иммунитетіміз неге әлсіз?” деген тақырыппен жарияланған мақала көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, ойталқыға жетелейді. “Дөңгелек үстелге” қатысқан зиялы қауым өкілдері бүгінгі өткір мәселелер төңірегінде тереңнен ой толғайды. Өмірден тура келген ақ өліммен емес, өзіне қол салып аттанған бейбақ …

Ділі мықты елдің іргесі берік Read More »

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында Алаш зиялылары туралы айта келіп, “… сол айтулы есімдердің білімдарлық пен азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. Бұл – тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары”, – деп жазды.

ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР өңір экономикасына қаржы құюға мүдделі

Апта басында облысымызға “Kyzylzhar Invest – 2016” халықаралық форумына қатысу үшiн Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гултом бастаған делегация келген болатын. Жұмыс сапары аясында өңірдің кәсіпкерлер палатасының басшылығымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездескен елші Солтүстік Қазақстан облысы мен Индонезия арасында экономикалық байланыс орнатуға ниетті екенін білдірді.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТҚАН

    9 қазан – “айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған” пошташылардың төл мерекесі. Атаулы мерекені еліміздің пошта қызметкерлері 1993 жылдан бері тойлап келеді. Пошташыларды кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады. Анархан Қалиқызы еңбекте үздіктер қатарынан көрінген байланыс саласының қызметкерлеріне өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚҰРУДА КЕМШІЛІК БАР

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғанымен, бұл бағыттағы жұмыс кейбір аудандарда сылбыр жүргізілуде. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында Қызылжар және Айыртау аудандарының әкімдері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бюро отырысына “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов төрағалық етті.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ ЗОР

    Өңір басшысы Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында өткен “Kyzylzhar Invest – 2016” халықаралық инвестициялық форумынан кейін Швеция елінің делегациясын облыс орталығындағы бірнеше кәсіпорынға апарып, инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСУ

    Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Kyzylzhar Invest – 2016” халықаралық инвестициялық форумына келген Индонезия елшiсi Фостер Гултоммен кездесті. Кездесу барысында құрметті қонақ форумға қатысып, Қызылжар өңiрінің бүгінгі әлеуетімен танысқанын айтса, өңір басшысы облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалып отырылғанын жеткізді.