БЕСКӨЛДЕГІ БӘЙГЕ
Өткен сенбі күні Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында маусымның жабылуына және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған атжарысы өтті. Дәстүрлі дода биыл он алтыншы рет ұйымдастырылды.
Өткен сенбі күні Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында маусымның жабылуына және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған атжарысы өтті. Дәстүрлі дода биыл он алтыншы рет ұйымдастырылды.
2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға еріктілер мен алау алып жүрушілерді іріктеу басталды. Осыған орай еліміздің әр өңірінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іріктеудің шарттары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы өткізген кезекті баспасөз мәслихатында сөз болды.
Қоңырау дауысы сыңғырлаған қоңыр күз. Аяғын нық басып сыныпқа беттеген ұстаз балалардың тосып қалғанын қаламайды, 45 минуттық сабақтың бір секундын да босқа жібергісі келмейді. Бар ғұмырын балаларға арнаған ұстазға әр минут қымбат.
Ақжар ауданындағы Айсары сұлудың есімімен аталған ауылдың құрылу кезеңі ресми түрде 1961 жыл деп белгіленгенімен, кейбір деректер оның тарихын тереңге бойлатады. Бүгінгі Айсары ауылының маңына тұрғындар ХVII ғасырда қоныстана бастады деген дерек бар. Оған иланбауға болмайды, өйткені, сол заманда қалың бұқара арасында Айсары мен Шорман есімді ғашықтардың қасіретті оқиғасы кең тарағанды.
Елімізде “Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы” Заң бар екенін жалпақ жұрт естігенімен, оның қандай міндеттері бар екенін құқық қорғау саласында жүргендер ғана біледі. Бұл заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем …
Мемлекеттік қызметшілер билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір десек, қателеспеспіз. Қарапайым тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі жоғалмай, ал мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершілік үдесінен шыға білсе, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы алға жылжитыны сөзсіз. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайын білмек болып Мемлекеттік қызмет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненкомен …
Петропавлда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен чемпионат өз мәресіне жетті.
“Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасы барысында Петропавлдағы қабылдау-тарату орнына тұрақты мекенжайы жоқ 289 тұлға жеткізіліп, барлығы да тіркеуге алынды.
Қазанның 2-сінен 3-сіне қараған түні облыс орталығындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған төбелес кезінде жергілікті “Барс” баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев ауыр жарақат алған еді. Зардап шегушіні жансақтау бөліміне алып келгенде, оның бас сүйегі мен ішкі мүшелеріне қатты зақым келгендігі анықталды. 23 жасар баскетболшы содан бері әлі есін жиған жоқ. Оның туыстары мен достары Игорь аяғынан …
Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға, Полудино ауылдарында өрт сөндіру қосындары ашылды.
Облыс орталығындағы “Фрегат” ЖШС-і – шұжықтар және жартылай дайындалған ет өнімдерін жасайтын іргелі кәсіпорын. Шаруашылық соңғы 20 жыл бойы өңір экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.
Облыс орталығындағы Достық үйінде өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өткен “дөңгелек үстелде” келісім мен бірлікті нығайту мен насихаттау жайы сөз болды.
Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті “Мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты жоюдың кепілі” деген тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Аталған шараға мемлекеттік органдардың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихаттағы “Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, Елбасымыздың “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында көлік логистикасын дамыту және “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру жайы талқыланды. Бүгінде өңірімізде аталған бағдарлама аясында автомобиль жолдарын қайта жаңарту бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда.
Н.Погодин атындағы орыс драма театрында Шығыс Қазақстан облысының Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет күндері аясында “Проделки Ханумы” атты спектакль қойылды. Сахналық қойылымды тамашалауға облыс әкімі Ерік Сұлтанов келді.