«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.10.2016

Бүгінгі жұмыскердің берекелі болашағы

Болашақты болжауға әркімнің-ақ таласы бар. Бірақ оны тап басып болжау өте қиын екені рас. Өйткені, болашақ қателікті кешірмейді. Ол ертеңгі өмірін ойлайтындардың барлығын толғандырады. Ал “Қартайғанда бейнетімнің зейнетін көрем бе? Әлде балаларыма масыл болып жүрем бе?” деген сұрақ екінің бірінің көкейінде жүрері анық. Ал егер сол зейнетақыңыздың қаншалықты болатыны өзіңізге де байланысты болса ше?! Онда …

Бүгінгі жұмыскердің берекелі болашағы Read More »

ҰДАЙЫ НАЗАРЫМЫЗДА

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалындағы кезекті баспасөз мәслихатында метрология, стандарттау және сертификаттау жүйесінің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері сөз болды. Техникалық реттеу және метрология департаментінің басшылығы мекеменің құрылу тарихы және саланың заңнамалық құжаттары туралы әңгіме өрбітті.

ТАЛАП ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстар жалпыұлттық сипат алған. Ал оның негізгі мақсаты – халықтың сенімін нығайтып, азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтік әдепті сақтауы болып табылады.

Қарттарымыз — қазынамыз!

Аға буын өкілдерін сыйлап, құрметтеу қанға біткен қасиет. Бұл дәстүр үстіміздегі жылғы қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында да жалғасын тапты. “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлерімен кездесті.

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ

Өмір – дастан. Оның әр парағын ашқан сайын неше түрлі оқиғаларға куә боласың. Газетімізде “Оқырманның жүрек сыры” айдарымен жарияланып келе жатқан ашық әңгімелердің әрқайсысының өзіндік айтары бар. Бүгін біз оқырмандар назарына Қызылжар қаласының тұрғыны Гүлзәуреш Үсенованың басынан өткен оқиғаны ұсынып отырмыз.

ЖАС ҰЖЫМ — ЖАҢАША ЖҰМЫС

Аудан орталығындағы жалпы білім беретін Тимирязев қазақ мектеп-интернаты – тәуелсіздік жылдарының жемісі. 400 орындық үшқабатты зәулім білім ордасы кең, жарық әрі жылы. Білім мекемесі заманауи оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген. Мектебімізде іске асырылып келе жатқан педагогикалық технологиялар білім сапасын көтеруге бағытталған. Бұрын өңіміз түгіл, түсімізге кірмеген бүгінгі талапқа сай жабдықталған мультимедия, биология, химия, физика, математика, қазақ …

ЖАС ҰЖЫМ — ЖАҢАША ЖҰМЫС Read More »

САХНА КӨРКІ

Облыс орталығынан шалғайда қазығын қағып, тарихы тың игеру жылдарынан бастау алатын Тимирязев ауданының өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық салаларына қосқан үлесімен қатар рухани-мәдени дамуында алатын орны ерекше. Тұрғындары көпэтносты болып келетін ауданда көптеген өнер ұжымдары бар. Солардың бірі – “Криница” фольклорлық тобы.

ДОСТЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы көпэтносты мемлекетіміздегі келісім мен бірлікті сақтауға негіз болуда. Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияның “Леденцы” хореографиялық ансамблі жанындағы “Сударушки” этномәдени орталығы да осы мақсатты көздейді. Оның құрылғанына жиырма жылдан асты. Осы аралықта әр этнос балаларының басын біріктіріп, түрлі фестивальдарға, байқаулар мен бұқаралық шараларға қатыстырып, олардың арасында …

ДОСТЫҚҚА ҮНДЕЙДІ Read More »

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі сұхбатында: “Қазақтың тарихы өте бай. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр”, – деген болатын. Біз Қазақ елінің тарихына, мемлекет құрып, нығайтудағы, ел болудағы, шекараларымызды берік ұстаудағы ұлы істерге өлшеусіз үлес қосқан батыр-бабаларымызды әрдайым мақтаныш етеміз. Оларды ел жадында қалдыру мақсатымен ескерткіштер қойылған.

ӨРКЕНИЕТКЕ — НЫҚ ҚАДАМ

Тәуелсіз Қазақстан – бүгінгі таңда өзінің даму жолы мен ұстанымы бар табысты мемлекет. Елбасының сындарлы ішкі және сыртқы саясатының арқасында осы заманға сай әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар қарқынды дамыған мемлекет ретінде орнықтық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары қол жеткізген жетістіктерге талдау жасауға, алдағы міндеттерге жоспар құруға, ең бастысы баршамызға ортақ мүдделерді бағындыру …

ӨРКЕНИЕТКЕ — НЫҚ ҚАДАМ Read More »

АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ

“Атамекен-Агро-Тимирязево” агроқұрылымы “Докучаевское” және “Жаманшұбар” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері негізінде құрылған. Тәуелсіздік алған жас мемлекетіміз енді-енді бой түзеп келе жатқан шақта құрылған серіктестіктің еншісінде кеңестік кезеңнен қалған, әбден тозығы жетіп, шашылуға шақ тұрған ескі техникалар ғана болды. Жаңа құрылым басшысы Қайыртар Сапулатов серіктестіктің жалақы қарыздары мен несиелерін жауып, Дмитриевка, Интернациональный, Құртай, Докучаево және Целинный ауылдық округтерінің …

АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ Read More »

ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ — ТИІМДІ ЫҚПАЛДАСУ АЛАҢЫ Шығыс Қазақстан облысының Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет күндері осыған көз жеткізді

  Абайдай алыбы, Шәкәрімдей шежірешісі, Мұхтардай мұхиты бар өңірдің өнерден де, әдебиеттен де, мәдениеттен де кенде қалған жері жоқ. Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің рухани ғана емес, өндірісінің де ордасы. Үйренер тұстарымыз бар екені сөзсіз. Абайдың елі Мағжанның жеріне келіп, мәдениет күндерін өткізіп, өңіраралық ынтымақтастықтың озық үлгісін көрсетті.