БИШІЛЕР ӘЛЕМ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ
Солтүстікқазақстандық екі би жұбы Қытайдың Бейжің қаласында спорттық биден өткен X әлем кубогына қатысты.
Солтүстікқазақстандық екі би жұбы Қытайдың Бейжің қаласында спорттық биден өткен X әлем кубогына қатысты.
Жергілікті “Қызылжар” футбол клубы сырт алаңда оңтүстікқазақстандық “Мақтаарал” құрамасымен кездесті. Жерлестеріміз 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңілістен кейін жерлестеріміз турнир кестесінде бір саты төмен түсіп, үшінші орынға жайғасты.
Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық (түзету) мектеп-интернат оқушылары көшпелі “Дельфиндер шоуы” бағдарламасын тегін тамашалады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сүйенсек, облысымыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің бірінің директорының үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің үздік жедел уәкіліне автокөліктің кілті табысталды. Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов 70-тен астам қызметкерді марапаттады.
“Сақтансаң, сақтаймын” дегендей, әр адам қауіпсіздік шараларын естен шығармағаны жөн. Жуырда улы саңырауқұлақты пайдаланған солтүстікқазақстандық бір отбасы опат болды.
Барша қазақстандықтарға танымал әнші, композитор Лұқпан Жолдасовтың жетекшілігімен құрылған “Заман” тобы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өнерсүйер қауымды өзінің шығармашылығымен таныстырды.
Елімізде спорт қанша дамып жатыр десек те жоқтан бар жасап, жастарды баулып, тәрбиелеп жүрген спорттық үйірмелер аз емес. Солардың бірі – облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі каратэ-до шотокан үйірмесі.
Қазақстандық жеңілатлетші Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден ресми түрде 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері деп танылды. Грек спортшысы Хризопия Деветцидің сол ойындар кезінде допинг қолданғаны дәлелденгеннен кейін осындай шешім қабылданды.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға арналған іс-шаралар өтуде.
Жуырда атақты жерлесіміз, Олимпиада чемпионы, Қазақстан велоспортының мақтанышы Александр Винокуров туған өлкесіне келген еді. Жұмыс сапарымен жүрген “Astana Pro Team” велокомандасының бас менеджерімен аз-кем тілдесудің сәті түсті.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары “Аутсорсинг и лизинг персонала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізді.
Балсейітовтер әулеті Тимирязев ауылдық округінде үлкен беделге ие. “Отан отбасынан басталады”, деген қағиданы ұстанатын шаңырақ балалары мен немерелерін кішкентай күнінен елін, жерін сүйетін елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеп келеді.
Облысымызда аудандардың мәдениет күндері өткізілуде. Бұған дейін Есіл ауданы мағжандықтар алдында өнерлерін көрсеткен болатын. Енді Мағжан Жұмабаев ауданының әртістері ел Тәуелсіздігінің 25 және облысымыздың 80 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Наталья Белецкаяның ата-анасы Көкшетау баурайына келіп қоныс тепкенде ол екі жаста ғана екен. Содан бері қазақтың осынау бір көркіне көз тоймайтын, шұрайлы өлкесінде ержетіп, білім алған орыс қызы бүкіл өмірін табиғатпен байланыстырған.
Журналист Арайлым Бейсенбаева мақаласында бірнеше оқырманның пікірін келтіре отыра, көптеген маңызды мәселелерді қозғаған. Шындығында да, бүгінгі таңда біздің рухани иммунитетіміз әлсіз. Оны барынша күшейту үшін, ең алдымен, әр адам өзінің ішкі жан дүниесіне терең үңіле білуі керек. Жүрегіміз жақсылықтан, имандылықтан нәр алып, тура жолмен жүріп, бір-бірімізге қамқорлық жасауға ұмтылмасақ, қоғамда орнаған қатыгездік тамырын терең жаюы …
Республикалық протез-ортопедия орталығының Петропавлдағы филиалы жыл басынан 2482 адамға қызмет көрсетті. Осыдан 17 жыл бұрын аязда қалып, бақайларын үсітіп алған Мейрам Ақановтың жарасы ушығып, бір аяғын тізесінен кесуге тура келіпті. Қаламыздағы аталмыш орталық жайында естіген Мейрам протез салдыру үшін Астанадан арнайы келген екен.
Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз ешқашан ел құрметінен тыс қалған емес. Биылғы жылы да Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында айшықты істер атқарылып, қарияларымызға құрмет көрсетілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында медицина саласын кәсіпкерлікке бейімдеу туралы айтылған. Бұл ретте біздің өңірде де тындырылып жатқан істер аз емес. Мысалы, кәсіпкер Светлана Ацина былтыр күзде “НевроКазМед” орталығын ашты. Онда эпилепсия, аутизм, гипербелсенділік, бала тілінің шықпауы, ұйқының бұзылуы сияқты көптеген неврологиялық ауруларды зерттеу, емдеу, бақылау жүзеге асырылады.
Үйімізге күнделікті келетін газет-журналдан бастап, хат-хабар, сәлемдемелерді, халыққа әлеуметтік төлемдерді уақтылы жеткізуде пошташылардың еңбегі ерен. Заман дамып, технология жаңарса да олардың қызметі маңызын жоймақ емес. Иығына үлкен сөмкені артып, үй-үйді аралап газет-журнал тарататын Құралай Бектұрованы Тимирязев ауданының Жарқын ауылының тұрғындары жақсы таниды. 15 жылдан бері пошташы болып қызмет етіп келе жатқан ол өз жұмысына дән …