«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.10.2016

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ НАЗАРДА

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалындағы кезекті баспасөз мәслихатына облыстың денсаулық сақтау және білім саласының басшылары қатысты.

КІРПІШ ЗАУЫТЫ НЕГЕ ҮНСІЗ?

Өткен жылы “Алаугаз СК” ЖШС-і Индустрияландыру картасы аясында Ресей мен Қытайдың технологиялық жабдықтарымен жарақтанған қызыл кірпіш шығаратын зауытты ресми түрде іске қосқан болатын. Бұған, алдымен, кірпішті іргеміздегі Көкше өңірінен ғана емес, алыс-жақын шетелдерден алдыртатын қаламыздағы түрлі құрылыс фирмаларының басшылары бөріктерін аспанға ата қуанғандары сөзсіз.

ШЫҒАРМА АРҚАУЫ — БЕЙБІТШІЛІК

Біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырған шақта ұрпағымыздың өз Отанына, туған жеріне, тілі мен діліне деген сүйіспеншілігін барынша арттыруға тиіспіз. Ол тәрбие бала бойына ана тілі арқылы сіңіріліп, дамиды. Қызылжар ауданының Дубровное негізгі мектебінде өткізілген тілдер онкүндігі осы мақсатты көздеді.

МҰРАТЫМЫЗ — “МӘҢГІЛІК ЕЛ”

Тағдырдың жазуымен ұлан-ғайыр жерімізді мекендеген 130-дан астам этнос өкілдері барша қазақстандықтардың темірқазығына айналған “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясының төңірегінде топтасып, бірлік пен береке бесігінде тербетіліп, өмір сүруде. Облыс орталығындағы №8 орта мектепте өткен “Мәңгілік Ел – халқымыздың ұлы мұраты” атты фестивальде еліміздің басты құндылығы этносаралық татулық пен келісім дәріптелді. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған шараға …

МҰРАТЫМЫЗ — “МӘҢГІЛІК ЕЛ” Read More »

САПАЛЫ БІЛІМ — САНАЛЫ ҰРПАҚ

Білім берудің мазмұнын жаңарту аталған салада қызмет ететін тұлғаларға көптеген міндеттер жүктейді. Бұл міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да көрініс тапқан.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы түсінік берілді.

Болашағы жарқын Бірлестік ауылының мұқтаждығы ескерілді

Айыртау ауданындағы береке қонып, түтіні түзу ұшқан ауылдардың бірі ғана емес, бірегейі – Бірлестік десем, асыра айтпаспын. Бірлестік дегенде есіме кеңес заманында Қызылжар-Көкше өңіріне атағы жайылған суырып-салма ақын Байжұман Ғабдуллин оралады. Оның күнделікті өмірде орын алған кемшіліктерді сын садағымен нысанаға алып, жебедей шаншыған әзіл-сықақ жырларын жұрт жатқа айтып жүруші еді.

ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобы “Студенттердің, магистранттардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулеріндегі этносаралық бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісі” тақырыбында семинар өткізді.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗДАРЫ

  Небәрі ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде қарышты қадаммен көш түзеп, өркениеттің керуеніне қосылған қуатты Қазақстанның өмірінде жастардың алатын орны ерекше. Оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен қамқорлық та айрықша. Жастар сарайында өткен “Тәуелсіздіктің жас жұлдыздары” атты облыстық жастар форумында аға ұрпақ өкілдерінің ізін жалғастырушы – болашақтың бағбандарына артылатын сенім мен үміттің еселене түскені …

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗДАРЫ Read More »