«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2016

КҮЗГІ КРОСС

Петропавлдағы Спорт сарайында күзгі кросс өтті. Сайысқа қатысқан солтүстікқазақстандықтар жас тобына қарай әртүрлі қашықтықты бағындырды. Жарыстың қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Тимирязев ауданы жеңімпаз атанды. Ал Айыртау, Шал ақын аудандары екінші, үшінші орындарға ие болды. (Өз тілшіміз).

БІРІНШІЛІК АЯҚТАЛДЫ

Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдер арасында волейболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.

ШЕБЕРДІҢ САБАҒЫ

Өткен жексенбі күні “Astana Pro Team” велоклубының мүшесі жерлесіміз Бахтияр Қожатаев солтүстікқазақстандық велошабандоздармен кездесті. Ол спорттағы жетістіктері және кәсіби велоспортшы болудың қыр-сыры туралы сөз қозғады.

ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

“Жайдарман” лигасы жаңа маусымының ашылуына облысымыздың аудандарынан, Петропавлдағы колледждер мен университеттен, сондай-ақ, Астана қаласы мен Ақмола облысының Целиноград ауданының жастарынан құралған 17 команда қатысты.

Аспан астындағы мұражай

Тайынша ауданының тұрғыны Анатолий Габченко ұзақ жылдар бойы көненің көзіндей байырғы заттарды жинаумен айналысып келеді. Оның жеке қорында бүгінгі таңда он шақты ескі көлік, жүздеген монета мен өткен ғасырдағы тұрмыстық құрал-жабдық бар.

ЖОМАРТ — ҮЗДІК КИНОЛОГ

Өңірімізде жыл сайын кинолог мамандардың жарысын өткізу дәстүрге айналған. Биыл сайыс ішкi iстер департаментiнiң кинология орталығының базасында өтті.

ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Журналистика” кафедрасы жанынан “Жас қаламгер” шығармашылық бірлестігі құрылды. Оның негізгі мақсаты – университеттегі өнерлі жастардың басын біріктіріп, шығармашылыққа ден қойған жігіттер мен қыздар арасындағы бәсекелестікті арттыру. Сонымен қатар, ән мен күйден нәр алып, өлеңмен өнер әлеміне аяқ басуға ұмтылған жас таланттардың шеберлігін шыңдау, оларға бағыт-бағдар беру.

“ЭКСПО — 2017” КӨРМЕСІНЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ЖОБА

Жыл он екі айдың жартысын пеш жағумен өткізетін солтүстікқазақстандықтар үшін қыс үлкен сын. Осыны дөп басқан кәсіпкер Александр Топченко бұл бағыттан табыс тауып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізіп отыр десек, артық айтпаймыз. Бүгінде ол басқаратын “СапроНАТ” ЖШС-і жаңа үлгідегі қазандықтар шығарып, өңір әлеуетіне сүбелі үлес қосуда.

МАҒЖАН ЕЛІНЕН ЕЛОРДАҒА ТАРТУ

22-23 қазанда Астанадағы “Хан Шатыр” сауда-ойын сауық орталығы маңында Солтүстік Қазақстан облысының “Өңір берекесі” атты ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

ТЕРЕҢ ЗЕРТТЕЛІП, ЗЕРДЕЛЕНБЕГЕН

Жақында жарық көрген педагогика ғылымдары академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың “Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары” атты кітабын оқи отырып, бүгінгі қоғамда екінің бірі ашық айта алмайтын мәселелерді қозғап отырғанына көз жеткіздік. Мемлекет тарапынан қабылданатын заңнамалар, бағдарламалар, жарлықтар ең алдымен терең зерттеліп, зерделенуі қажет. Кітап авторының пікірлерімен толықтай келісе отырып, өз тарапымыздан “Мемлекеттік жалпыға бірдей …

ТЕРЕҢ ЗЕРТТЕЛІП, ЗЕРДЕЛЕНБЕГЕН Read More »

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР ӨТКІЗГЕН САБАҚ

Мамлют ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі айлығы аясында мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді.

ДІНАРАЛЫҚ БІРЛІК — ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық даму жолында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көрегендігінің, кемеңгер саясатының арқасында түрлі этностардан құралған барша қазақстандықтардың басын қосып, біріншіден, бүкіләлемдік діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастырса, екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Осыған байланысты елімізде діни және ұлтаралық тұрақтылық орнап, ол тәуелсіздігіміздің тұғыры ретінде қалыптасты. Соның бір жарқын мысалы ретінде өзіміздің Қызылжар өңірін алуға болады. Мұнда …

ДІНАРАЛЫҚ БІРЛІК — ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ Read More »

БІЛІМДЕРІН ТОЛЫҚТЫРЫП ҚАЙТТЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы және “100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары туралы “Қазақстан өңірлерінде бірлік …

БІЛІМДЕРІН ТОЛЫҚТЫРЫП ҚАЙТТЫ Read More »

ХАЛЫҚ СЕНІМІНІҢ САЛМАҒЫ АУЫР

“Әділет органдарының қызметкерлері” деген мамандық жоқ, оны жоғары оқу орындарында да оқытпайды. Әділет органдарында жұмыс істеп, тәжірибе мектебінен өткеннен кейін ғана осы саланың нақты маманы атануға болады.

КҮДІКТІЛЕР САНЫ КӨБЕЙДІ

Петропавл қаласындағы түнгі клубта болған төбелестің салдарынан қаза тапқан баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне кінәлі ретінде ұсталғандар саны төртеуге жетті. Облыстық ішкі істер департаментінде өткен кезекті брифингте құқық қорғау органдарының басшылары осы қылмыстық істің тергелу барысы жайлы хабардар етті.

ЖАҢА ДӘУІР КЕЛБЕТІ

Тәуелсіздік бабаларымыздың сан ғасырғы арманы болғанын Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: “Мәңгілік Ел” идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан XIII ғасыр бұрын Тоныкөк абыз “Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел” деп өсиет қалдырған”, – деп атап көрсетті. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты бастауын көне тарихтан алатынының дәлелі. “Мәңгілік Ел” идеясы таза беттен басталып отырмағанын, …

ЖАҢА ДӘУІР КЕЛБЕТІ Read More »

ӨНІМ ШЫҒАРУДА ӨСІМ БАР

Облыс әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында 2016 жылдың 9 айындағы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi баяндалып, суармалы егістікті дамыту, жастар саясаты және “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.

АЖАРЫ КІРГЕН АУЫЛДАР

  Облыс орталығына жақын орналасқан Қызылжар және Есіл аудандарында “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында бірқатар игі істер қолға алынған. Мәселен, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бұқаралық спортты дамыту үшін аула спортымен айналысуға арналған “Workout” тренажерлері бар алаң ашылған. Бұл жерде, сондай-ақ, жасанды жамылғы төселген шағын футбол алаңы да бар. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов …

АЖАРЫ КІРГЕН АУЫЛДАР Read More »