НАН АРЗАНДАДЫ
Нан бағасы арзандады. Бұған дейін дүкендерде 65 теңгеден сатылған бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін “қалалық” деп аталатын нан енді 61 теңгеден саудалануда. Ал көтерме бағамен сатып алушылар үшін оның бағасы 54 теңге.
Нан бағасы арзандады. Бұған дейін дүкендерде 65 теңгеден сатылған бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін “қалалық” деп аталатын нан енді 61 теңгеден саудалануда. Ал көтерме бағамен сатып алушылар үшін оның бағасы 54 теңге.
Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 3263,6 мың тонна арпа жиналды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш былтырғы өнімімен салыстырғанда 594 мың тоннаға артық. Үстіміздегі жылы арпа 1 897,2 мың гектар алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап орылды. Биыл 1 гектардан 17,3 центнер өнім алынуда.
Солтүстікқазақстандық каратэшілер Ресейдің Барнаул қаласында өткен Еуразия кубогінен екі алтын медальмен оралды.
“Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда көкшетаулық “Арлан” командасымен екі кездесу өткізді.
Жергілікті “Қызылжар” футбол командасы сырт алаңда шығысқазақстандық «Алтай» құрамасын тізе бүктірді. Осы жеңістен соң солтүстікқазақстандықтар өзінің басты қарсыласы “Алтай” командасын 3 ұпай артқа тастап, турнир кестесінде қайтадан екінші орынға орнықты.
Алимент төлемей, өз балаларынан қашып жүрген безбүйрек әкелер бүгінгі қоғамда аз емес. Тіпті, алимент төлемеу үшін тұрақты мекенжайы мен қызмет атқаратын мекемесін жасыратын әкелер де бар.
Петропавл қаласындағы жас натуралистер станциясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай оқушылар мен ұстаздар ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтіп жатыр. Көрме оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, төзімділік, достықты қалыптастырып, ата-баба мұрасына құрметпен, ұқыптылықпен қарауға үйретеді.
Петропавл қаласында славян және орыс мәдениетінің “Покровский перезвон” фестивалі өтті. Өңірімізде 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараға бұл күні жиналған қауымның қарасы қалың болды.
Қалижан Тәшкенов – “Солтүстік Қазақстан” газетінің байырғы авторларының бірі. Ол ауыл мектебінде ұстаздық етіп, педагогика, әсіресе, ұлттық ұстаным, тәлім-тәрбие хақындағы ой-пайымдарын ашық айтып, анық жазып, газет арқылы оқырмандар назарын аударады. Сонымен бірге, көптен бері өзінің шыншыл да сыршыл жырларымен, қоғамымыздағы болып жатқан оқиғаларға өзіндік көзқарасын, ой-толғамдарын өзек еткен өлеңдерімен көпшілікке танымал. Біз ауылда тұратын ақынның …
Уәлиханов аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Ауылдық мәдениет мекемелерінің ішінен үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған.
Ұлттық аспабымыз – киелі домбыраның қос ішегінен төгілген әсем әуенмен сүйемелденген дәстүрлі әнді тыңдаған сәтте шабыттанып, шаттанбай тұра алмасымыз анық. Сонау сал-серілердің дәуірінде қастерленген текті өнеріміздің бүгінгі қал-ахуалы қандай? Осы орайда өңірімізде дәстүрлі әннің дамуына өзіндік үлес қосып, оны өскелең ұрпаққа насихаттаудың басы-қасында жүрген әнші, термеші Амангелді Рамазановпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
Күніне сан түрлі сынаққа кез келетін дөңгеленген өмірде ашуланбайтын адам жоқ. Бірақ дуалы ауыз “Ашу – дұшпан” деп тегін айтпаған болар. Сондықтан да қандай жағдай болсын, сабаңызға тез түсу үшін өз сезіміңізді тізгіндей біліңіз. Ол үшін біз төмендегідей бірнеше кеңес ұсынамыз.
Қазақтың қызы десе бірден көз алдымызға ажарына ақылы сай бойжеткеннің бейнесі келеді. Бір кездері хас сұлуларды өлең-жырларға қосқан ақын-жазушыларымыз олардың ешкімге тең келмес әсемдігіне “Қолаң шаш, қара көз, қиылған қас, бойынан бір мін де табылмас…” деп сүйсінген. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда қыздарымыз шетелдіктерге еліктеп, киім киісті былай қойғанда, шаштарын жайып жүруді әдетке айналдырып барады. Әрине, …
Осыдан бір ай бұрын Ақтөбе қаласында тапа тал түсте айуанның қолына түсіп, зорлық көрген алты жасар қыз туралы барлық БАҚ өкілдері жарыса жазғанды. Соңғы ресми хабарларға сүйенсек, жәбір көрген қыз баланың жағдайы тым нашар болғандықтан, оны ұшақпен Астана қаласындағы “Ана мен бала” ұлттық ғылыми орталығына жеткізген. Көп қан жоғалтып, орталық ми жүйесі қатты зақымдануына байланысты, …
“Бала кезімде мен тым ерке болдым. Әлі есімде, анам байғұс бес жасқа келгенше мені арқалап, табанымды жерге тигізбейтін. Түске дейін ұйықтап, қалған уақытты ойынмен өткізетінмін. Сол кездерде мен өзімді сондай бақытты жандай сезінетінмін. Өйткені, анам да, әкем де қасымда болды.
Шаттығы жарасып, салт-дәстүрді насихаттап жүрген іргетасы мықты, керегесі кең шаңырақтар қашанда көпке үлгі болулары керек. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бастап “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналған.
Еліміздің көк аспанында Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-баба аңсаған егемендікке қол жеткізгенімізге биыл – 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде қазақ елі дамудың жаңа белестеріне көтерілді. Елді мекендерде әлеуметтік ахуал жылдан-жылға жақсара түсті. Мен мұны өзіміздің Қарасу ауылдық округіне қарайтын елді мекендердің даму үдерісінен байқаймын.
Еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірге салафизм мәселесін мұқият зерттеп, зерделеді. Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымның жұмысына тыйым салынған. Олардың арасында салафиттік бағыттағы “Ат-Тәкфир Уәл-Хиджра” ұйымы да бар. Салафизмнің – діни ағым, көзқарастар жүйесі екенін де атап өткен жөн.
Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ТМД елдерінің білім саласы қызметкерлері мен мұғалімдерінің IV съезі өтті. Оған 10 мемлекеттен делегация қатысты. Қазақстаннан барған 30 делегаттың арасында болған облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Кариновамен әңгімелесіп, ауқымды шарадан алған әсерлері жайлы сұраған едік.
Жыл басынан бері облысымызда мемлекеттік қызметтен өз еркімен 169 адам кеткен екен. Олардың мұндай қадамға баруына еңбекақының аздығы, жұмыс жүктемесінің шектен тыс көптігі себеп болған.