«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2016

АЙУАНДАР ЖАЗАСЫН АЛДЫ

Кеше Петропавл қалалық сотында адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды. Айуандықпен кісі өлтірген қылмыскерлер бар болғаны – 22 және 19 жастағы Петропавл қаласының тұрғындары.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІ

“Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу” жобасын іске асыру аясында мектеп басшыларына арналған шара өтті.

ҮЗДІКТЕР ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҚТЫ

Петропавл қаласында кадеттер мен жасөспірімдер арасында бокстан облыстың ашық біріншілігі басталды. Дәстүрлі жарысқа алты аудан мен Петропавл қаласының 100-ден астам жас өрендері қатысуда. Шаршы рингтің шаңын қаққан боксшылар 11 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтайды.

Үздіксіз білім беру тәжірибесі

Білім беру және ақпараттық кеңістікті халықаралық серіктестік арқылы кеңейту – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының басым бағыты. Облыстық филиал халықаралық қызметте Украинаның Запорожье қаласындағы дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институтымен ынтымақтастық орнатқан. Нәтижесінде екі ел педагогтері жалпы біріккен ғылыми орта құру мақсатында бірқатар іс-шаралар …

Үздіксіз білім беру тәжірибесі Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТАРИХТЫҢ ТӨЛ ТАРТУЫ

Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы” атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Шараның салтанатты ашылуына облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ирина Тухватулина, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Нұрғали Елшібеков қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

ӘКЕ ЖҮРЕГІНІҢ ЖЫЛУЫ

  Халқымызда “Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жайқалған құрақ” деген қанатты сөз бар. Отбасындағы үш адамның орнын дәл айқындап берген осы мақалдың мән-мағынасына, қазақтың сол кездегі талғам-таразысына таңғалмасқа шара жоқ. Әкенің биіктігі, ананың мейірімділігі, баланың сол кісілерге қарап бой түзейтіндігі айна қатесіз айтылған ғой. Сондықтан да болар, ананы тәрбиенің де, …

ӘКЕ ЖҮРЕГІНІҢ ЖЫЛУЫ Read More »

АҚЫННЫҢ АЛҚЫНБАЙДЫ “АРҒЫМАҒЫ”

“Адамның сырт келбеті оның ішкі дүниесінен сыр шертеді” депті өз заманында Шығыстың ғұламасы Авиценна. Орта ғасырда өмір сүрген парсылық ғалымның бұл тәмсілімен келіспеуге болмайды. Оған өз басым талай рет куә болған жайым бар. Өмірде өзінің төңірегіндегілерді келбетімен, табиғи болмысымен, қарапайымдылығымен, сөзімен де, ісімен де баурап алатындар аз емес. Осындай қасиеттерге ие тұлғалармен қызметтес болудың өзі …

АҚЫННЫҢ АЛҚЫНБАЙДЫ “АРҒЫМАҒЫ” Read More »

ЕСКІ АТАУЛАРДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?

“Түркістан”, “Сарайшық”, “Орынбор”, “Сығанақ”, “Қабанбай батыр” көше атауларын осылайша дауыстап оқып келе жатқан үлкен қызым: “Анашым, Астана қаласының көшелеріне тарихи атаулар беріліпті ғой”, – деді. Бала аңғарымпаз келеді ғой. Еліміздің елордасында ұлттық болмысымызға тән атаулардың көп екенін түсініп, соны мақтан тұтқанына мен де іштей марқайып қалдым. Осыдан кейін біздің Петропавл қаласының меймандары көшедегі ескі атаулар …

ЕСКІ АТАУЛАРДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ? Read More »

Қызыл жалынды жеңгендер

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары Айнұр Жәмішева мен Галина Клоповадан хат келді. Хатта олар үйлері мен мүліктерін өрттен құтқарып қалғаны үшін №13 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілеріне ризашылықтарын білдірген.

ІСТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

Бүгінде Қазақстанда шағын және орта бизнес саласына мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ауылды жерде өз ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі – жас кәсіпкер Руслан Мансұрбаев.

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ

Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, халқын сүйетін парасатты азаматтарды тәрбиелеуде мұғалімнің атқарар еңбегі орасан екенін дәлелдеп жатудың өзі артық. Бүгінде өзіміз ұстаз атанып, алдымыздан талай шәкірт ұшырсақ та, басымыз қосыла қалса, балалық бал дәурен шағымызға оралып, кезінде бізді білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызды жиі еске аламыз.

КӨМЕГІ КӨПКЕ ДЕМЕУ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңіріміздегі филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында тұрғындарға мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындайтын және жұмыспен қамту органдары туралы әңгіме өрбіді.

БАҒДАРЫМЫЗ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Бұл мәртебелі мереке. Тарих үшін қас қағым сәт болуы мүмкін, бірақ осы ширек ғасыр уақытта еліміз биік белестерді бағындырып, дамудың даңғыл жолына түсті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көрегендігі мен сындарлы саясатының, темірдей қатты тәртібінің, ұстамдылығының арқасында кеңес үкіметі ыдырап кеткен кезде тұралап қалған Қазақ елін аяғынан тік тұрғыза алды. Бұл үлкен жетістік …

БАҒДАРЫМЫЗ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Read More »

Баға қайда барасың?

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенер болсақ, өңірімізде қыркүйек айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,4 пайызға өсіп, азық-түлік емес тауарлар 5,7 пайызға, ақылы қызметтер 4,8 пайызға қымбаттаған.

АУДАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтіп, депутаттар жергілікті жердегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының барысымен танысты.

ШАҢҒЫ БАЗАСЫ ЖЕТІСПЕЙДІ

Спорт сарайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналиннің төрағалығымен өткен алқа отырысында өңірімізде қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға облысымыздың аудандары мен Петропавл қаласының спорт бөлімінің басшылары да қатысты.

ҚЫЗЫЛОРДАДАН ПЕТРОПАВЛҒА тура қатынайтын пойыз бағытын ашу қарастырылуда

Ел ертеңін ойлаған Елбасымыздың бастамасымен 2014 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» – «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бойынша бүгінгі таңда Петропавл қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен келген 1036 студент тегін білім алуда. Олардың көпшілігі – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жастары.

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдар заманауи медициналық құрылғылармен қамтылды

Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігі Тайынша ауданына заманауи медициналық құрылғылар – жүректі тексеруге арналған төрт электрокардиография аппараты мен автоматтандырылған қан сараптамасын жасау кешені – қанды зерттеуге арналған гематологиялық анализаторлар әкеліп, аудан басшылығына салтанатты түрде табыс етті.

АГРАРЛЫ АЙМАҚТАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл 5,6 млн. тонна астық бастырды. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті.