«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.10.2016

АЗИЯНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

“Astana Pro Team” велоклубының мүшесі, жерлесіміз Руслан Тілеубаев “Хайнань – 2016” велотурының екінші кезеңінде “Азияның үздік велошабандозы” атанды. Тағы бір жерлесіміз Алексей Луценко мәре сызығын екінші болып қиды.

ЖҮРГІЗУШІЛЕР САЙЫСЫ

Петропавл қаласының маңында әуесқой және кәсіпқой жүргізушілер арасында экстремальды көлік жарысы өтті. “Сазбалшықтағы жарыс – 2016” сайысына Петропавл мен Көкшетау қаласының 12 жүргізушісі қатысты.

АУЫЛДА ҰРЛЫҚ БАСЫМ

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында есеп беруде. Жыл басынан 40 мыңнан астам тұрғын қатысқан 700-дей кездесу өткізілген. Бұл кездесулерде 400-ге жуық тұрғынның өтініші қаралды. Осындай кездесуді Мамлют ауданының полицейлері де өткізді.

ВЕЛОШАБАНДОЗДЫҢ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЫ

Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға арналған іс-шараға Рио Олимпиадасына қатысушы, “Astana Pro Team” велоклубының белді мүшесі, жерлесіміз Бахтияр Қожатаев Петропавл қаласына арнайы келді.

Пештен қауіп мол

Өңірімізде қыстың ызғары сезіле бастады. Бұл кезде төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің жұмысы да көбейеді. Бүгіндері департамент мамандары үй-үйді аралап, өрттің алдын алуға, әсіресе, пештерді дұрыс пайдалануға байланысты түсінік жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, оттың пештен шығуы жиі кездеседі.

БЕЙНЕКАМЕРА БӘРІН КӨРЕДІ

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы халық көп жүретін жерлерге орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның кешенді күштерінің, жасақтары мен жедел-тергеу топтарының оқиға орнына уақтылы келуіне қол жеткізуде. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда сыртқы бейнебақылау жүйесін қолданудың пайдасы зор. Жыл басынан бері осындай камералардың көмегімен 15 711 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 13511-і …

БЕЙНЕКАМЕРА БӘРІН КӨРЕДІ Read More »

ПИЯЗ ҚАБЫҒЫНАН ФИТОПРЕПАРАТ ЖАСАДЫ

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 11 “ә” сынып оқушысы Нұрлан Жанғалиевтың ғылыми жобасы Ресейдің Барнаул қаласында өткен халықаралық байқауда бірінші орынға ие болды.

ШЫРҒАЛАҢҒА ТҮСКЕН ТАҒДЫР

Қыз баланың арманы өзіне лайықты өмірлік серік тауып, тұрмыс құрып, перзент сүю емес пе?! Гүлбаршын да сүйікті жар, аяулы ана болсам деп армандайтын. Алайда, дәстүрлі емес дінді ұстанған жігіті және өзгелер оның тағдырын шырғалаңға салып, тура жолдан тайдырды. Ол өмірінің сол бір күңгірт сәттері жайлы әңгімелеп берген еді.

ҰМЫТЫЛМАС БЕЙНЕ

Өнегелі сөзімен, үлгілі ісімен көптің көңілінен орын алып, айналасын мейірім-шуаққа бөлей білген қайын атам Қасым Иманқұлұлын еске алсам “Жақсы адам – Алланың нұры” деген нақыл сөз тіліме орала кетеді. Ол сегіз қырлы бір сырлы, адам болатын. Қашанда сабырлы мінезімен ерекшелене білген Қасым атамыздың (балалары, туыстары аға деп айтатын) өмірден өткеніне биыл 20 жыл толса, Жақай …

ҰМЫТЫЛМАС БЕЙНЕ Read More »

Табиғатқа ғашық жан

Немістің ұлы ақыны Гете өмірінің соңғы сәттерінде Париждегі Лувр мұражайындағы “Афродита Милосская” мүсініне қимастықпен көз алмай ұзақ қараған екен. Бұл бекзат өнерге деген үлкен құрметтің белгісін аңғартады. Иә, шынымен де, қылқаламның құдіреті күшті. Өмірді бояу тілімен жеткізу хас шебердің ғана қолынан келеді десем артық айтқандық емес. Сондықтан да суретші болуға әркімнің жүрегі дауаламайды. Өйткені, бейнелеу …

Табиғатқа ғашық жан Read More »

АҒАЙЫН ТАТУ БОЛСА…

Ағайынды Айтмұқан, Серік, Сүйіндік Жолдасбаевтар 2013 жылы “Жолдасбай-Агро” фермерлік шаруашылығын құрып, кәсіпкерлік ауылына бет бұрған еді. Бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығара іске жұмылған ағайындылар аз ғана уақыттың ішінде елге танылып үлгерді.

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНІП ЖҮРМІЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқына арнаған Жолдауларында ұлт саулығын басты мақсаттардың бірі ретінде көрсетеді. Саламатты өмір салтын насихаттау арқылы халықтың 30 пайызын спортпен шұғылдануға тарту қажеттігін айтады. Өйткені, елдің ертеңі дені сау, рухы биік азаматтардың қолында. Бүгінде саламатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарымыздың, әсіресе, жастардың саны артып келе жатқандығы қуантады. Осы бағытта Уәлиханов ауданының дене шынықтыру және …

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНІП ЖҮРМІЗ Read More »

МЕКТЕП — АУЫЛ АЙНАСЫ

Кешегі Алаш азаматтарының “Ел болудың алғашқы тірегі – білім” деген аманатын арқалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ білім жүйесін дамытуды қолға алып, еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ мектептерінің ашылуына жағдай жасады.

АЛЫС АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауы – елімізді дағдарыс толқынынан алып шығатын даңғыл жол. Онда Мемлекет басшысы дағдарыс қыспаққа алып тұрған кезеңде халықтың әл-ауқатын төмендетпей, тығырықтан шығудың нақты жолдарын көрсетеді. Уәлиханов ауданында Жолдаудың әр бағыты бойынша жоспар құрылып, жұмыстар атқарылуда. Жоспарда экономиканың барлық саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, …

АЛЫС АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР Read More »

АРДАҚТЫ ЖАН

Талайдың өміріне араша түскен білікті дәрігер Төлеген Имановтың есімі уәлихановтықтарға жақсы таныс. 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тамамдаған ол ауданның орталық ауруханасына жолдама алып, содан бері 41 жыл бойы осы мекемеде еңбек етіп келеді. Еңбекқор, қайратты, жауапкершілігі мол жанды әріптестері де, жерлестері де қатты құрметтейді.

Ғазиз ЕСМҰҚАНОВ: “БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАРЫНА КӘМІЛ СЕНЕМІН”

Өңірімізден шыққан айтулы азаматтардың бірі Ғазиз Есмұқановтың есімі солтүстікқазақстандықтарға ғана емес, ел жұртшылығына жақсы танымал десек, қателеспейміз. Бес күндік жалғанды мағыналы өткізуді мақсат тұтып, бүгінде әдемі қарттықтың әрін кіргізіп отырған сыйлы ағамызбен елдің өткені мен болашағы жайлы әңгімелескен едік.– Ғазиз Есмұқанұлы, туған өңірдің дамуына, тәуелсіз еліміздің қалыптасуына зор үлес қосқан азаматтардың бірісіз. Облысымызда тәжірибе жинақтап, …

Ғазиз ЕСМҰҚАНОВ: “БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАРЫНА КӘМІЛ СЕНЕМІН” Read More »

“КӨКЕК” ӘКЕЛЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ

Бүгінгі таңда алимент төлеуден жалтарып жүрген облыс тұрғындарының қарызы 35 миллион теңгеге жеткен. Сот орындаушыларының қолында алимент төлемегендерге қатысты 4873 сот шешімі бар. “Көкек” әкелердің 655-і – бірнеше ай бойы төлем жасаудан жалтарып жүрсе, 132-сі мүлдем төлем жасамайтындар.

КҮЛЗИРАНЫҢ ШИРАҚ ҚИМЫЛЫ

“Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі” дейді дана халқымыз. Бір кездері Күлзира Донтайқызы да жұрт қатарлы еңбек етіп, арманының биігіне шығуға ұмтылған бойжеткен еді. Есіл ауданының Николаевка ауылынан 10-сыныпты бітірген соң Қызылжарға келген қайратты қыз батыл қадамының арқасында еңбекпен біте қайнасты. Бүгінде білім-білігі толысқан, тәжірибелі маман. 1981 жылдан бері ол облыс орталығындағы пима …

КҮЛЗИРАНЫҢ ШИРАҚ ҚИМЫЛЫ Read More »

Жөндеу көрсе де, жағдайы мүшкіл

Покровка-Ильинка бағытындағы тасжолға жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге қаржы бөлініп, қалпына келтірілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда, жөндеу көрген тасжолдың бүгінгі күйі адамды күйіндіреді. Оған не себеп?

ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІММЕН

Өзіміз алтын бесік деп әспеттеп жүрген ауылдарда тұратындардың бір кездері саны кеміп кеткені белгілі. Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы да нарық жылдары біраз қиындықтарды бастан кешті. Көшетіндер көшті. Қазір жүзден астам үй түтін түтетіп отыр. “Бұлақтың болашағы бар”, – дейді тұрғындардың өздері.