«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.11.2016

“БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА!”

“Нұр Отан” партиясы “Болашақ” филиалының қолдауымен “Бақытты балалық шақ” жобасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Педагогика” факультеті қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Аталмыш шарадан түскен қаражат жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық алуға жұмсалмақ.

БАЛАЛАРДЫҢ БАҒБАНЫ

Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бақыт Ақышова білім мекемесінің табалдырығын алғаш рет имене аттап, жан-жағына үрке қараған сары ауыз бүлдіршіндерімізді қанатының астына алып, балапандай баптап, топшысын қатайтып, үлкен өмірге жол сілтеп, өзінің сүйікті ісімен айналысып келе жатқанына 37 жыл. Әр мамандықтың өзінің қиындығы бар, десек те, бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру оңай емес …

БАЛАЛАРДЫҢ БАҒБАНЫ Read More »

ЕЛДІКТІҢ АЛТЫН ТҰҒЫРЫ

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мамандары тәуелсіздігіміздің тұтқасы – мемлекеттік тілдің бәсін биіктетіп, қоғамдағы беделін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Жуырда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасында басқарма өкілдері “Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі” тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

МҰРАЖАЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІ — КӨНЕНІҢ КӨЗІ

Қызылту ауылындағы өлкетану-тарихи мұражайы аудан орталығындағы №2 орта мектеп ғимаратында орналасқан. Бұл оқу ордасы өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде алдыңғы орындардан көрініп, елге танымал болған сарабдал білім ошағы. Мектепке көп жылдан бері жергілікті мәслихаттың депутаты Тұрлыбек Оспанов басшылық етеді. Бізге жәдігерлер орналастырылған бөлмелерді аралатып, көрсеткен де директордың өзі.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

“Казгидромед” РМК-нің хабарлауынша 1 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрап, сырғыма жүреді, көктайғақ болады.

ҰЛТ ШЕЖІРЕСІН ЖАЗҒАН ҒАЛЫМ

Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.

БАБАЛАР МҰРАСЫ

Осыдан бес жыл бұрын “Медиация туралы” Заң күшіне енген болатын. Бұл заң азаматтық және қылмыстық процестерде дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация институттарының енгізілуін қарастырады.

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚҚА ДА ЖАЗА БАР

Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер 106 927 құқық бұзушылықты анықтап, жалпы сомасы 412 миллион теңгеден асатын айыппұлдар салған. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың 67,3 пайызы өндіріліп алынды.

ҰСЫНЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Жахин облыстық білім басқармасының алқа отырысына қатысушыларды аталмыш ведомствоға және Қызылжар, Мамлют аудандарындағы білім бөлімдерінің қызметтеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындысымен таныстырды. Басқарма мен аудандық бөлімдердің қызметін қамтамасыз ететін салалық заңнамада бірқатар жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде нормативтік-құқықтық актілердің бір-біріне сәйкес келмейтіндігі, олардың толық жетілдірілмегендігі анықталған.

АЙЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ, ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ

Айыртау ауданында 6785 зейнеткер және 1452 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Қарттарды қолдау айлығына орай Саумалкөлде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері, жем, шөп, сабан базар бағасынан төмен бағада сатылымға шығарылды.

ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ЕСЕЙДІК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдаудың “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы өңірдегі инвестициялық бағдарламалардың бір бөлігі болуы тиістігін атап көрсеткенді. Осының өзінен ғана Мемлекет басшысының ауыл азаматтарының бизнес саласына көптеп тартылуына қаншалықты мән беріп отырғандығын байқауға болады.

ТАУАРЫН САТТЫ, ӘРІПТЕС ТАПТЫ

Астанада халықаралық “KazAgro/KazFarm – 2016” ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Үшкүндік шараға отандық компаниялармен қатар, Грузия, Финляндия, Дания, Египет, Иордания, АҚШ, Тәжікстан, Украина сияқты 20-дан астам шет мемлекеттің тауарөндірушілері де қатысты.

АЙТУЛЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов халықаралық “TourofHainan” тасжолдағы жарысында алдына жан салмай мәре сызығын бірінші болып қиған жерлес велошабандоз Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жеңісімен қатар жерлесіміз Қытай елінде өткен турда көшбасшының сары жейдесін, таулы жердің үздік сайыскерінің және Азияның үздік велошабандозының жейдесін иеленді.

КӨРМЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ ОЙДАҒЫДАЙ

Облыстық әкімдік аппаратының кезекті отырысында өңірдегі өнеркәсiп саласының өткен тоғыз айдағы жұмысы қорытындыланып, “ЭКСПО – 2017” көрмесiне дайындық барысы пысықталды.

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМ шымылдығы сәтті түрілді

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының 130-шы маусымының ашылуы Алматы облысы делегациясының өңірімізге ресми сапарымен тұспа-тұс келді. Мерейтойлық қойылымды екі облыстың басшылары Ерік Сұлтанов пен Амандық Баталов та тамашалады.

Білімдінің жолы ашық

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлері “Агрокәсіпкерлік – 2020” бағдарламасы аясында арнайы курстан өтті.

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР кәсіпкер ерекше жылыжайды өндірістік кешенге айналдыруды мақсат етіп отыр

Петропавл қаласының іргесінде интенсивті-инновациялық жаңалықтарға негізделген жылыжайдың жұмыс істей бастағанына көп бола қойған жоқ. 4 миллион теңгеге салынған нысанда қияр, шалқан, броколли сияқты көкөніс түрлері өсіп тұр. Озық жобаның авторы Олег Андрющенко экологиялық жағынан таза әрі қолжетімді көкөніс өнімдерін өндіруді көптен бері армандап жүрсе де, тың идеясын биыл жүзеге асырыпты. Бұл маңға қамыс қаулай өскендіктен, …

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР кәсіпкер ерекше жылыжайды өндірістік кешенге айналдыруды мақсат етіп отыр Read More »

БАСПАНА БЕРУ ШАРТЫ ӨЗГЕРДІ

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындарға жалдамалы пәтерлер беру 2012 жылы қолға алынған болатын. Содан бері қалалық, аудандық әкімдіктерде үй кезегіне тұрғандардың баспанаға қолжетімділігі ұлғая түсті. “Өңірлерді дамыту – 2020”, “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасымен бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, көпбалалы отбасылар, әскерилер, жетімдер, оралмандар, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары бастапқы жарнасыз пәтер алу мүмкіндігіне ие болды.