«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.11.2016

ДАҢҚ ОРДЕНІМЕН ТӨРТ МӘРТЕ МАРАПАТТАЛҒАН

Жамбыл ауданындағы Жалтырша ауылының тумасы Әміреш Дәрменовті бұған дейін Даңқ орденінің толық иегері ретінде ғана білетін едік. Таяуда “Дат” газетінің биылғы 22 қыркүйектегі санында “Төрт мәрте Даңқ орденімен марапатталған” (“Награжден четырмя орденами Славы”) атты орыс тіліндегі мақаланы оқып, жерлесіміздің аталмыш орденге төрт рет қол жеткізгенін білдім. Мақаланың үстіндегі Әміреш Дәрменовтің өзіме таныс фотосы да көзіме …

ДАҢҚ ОРДЕНІМЕН ТӨРТ МӘРТЕ МАРАПАТТАЛҒАН Read More »

СОҢҒЫ КИНОМЕХАНИК

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның өркендеген кезеңі. Теледидар мен компьютер бүкіл әлемнің, адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінгі таңда еңбектеген сәби де, еңкейген қарт та ғаламтордан өз қажетін тауып, тамашалай алады. Теледидардың өзінде көрермендеріне тәулік бойы фильмдер ұсынатын арналар аз емес. Осылай кино да таңсық болудан қалды. Иә, заман да, адам да өзгерді. Тек …

СОҢҒЫ КИНОМЕХАНИК Read More »

ЖАЛҒАН ҰРАН БОЛМАУЫ ТИІС

Осыдан бірнеше күн бұрын жастар бастамалары орталығының мамандары ел Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жиынға қатысуға шақырды. Ел тарихындағы ең басты оқиғалардың алғы шебінде тұратын мерейлі мерекеге орайластырылған шараның аты дардай болғанымен, жиын барысында көңілге қаяу түсіретін сәттер орын алды.

БІРЛІК — ҰЛЫ КҮШ

Жастар мәслихаты облыстық филиалының өкілдері мен Петропавл қалалық білім бөлімінің мамандары бірлесіп ұйымдастырған игі шарада мемлекетіміздің тірегі саналатын қасиетті құндылықтар – бірлік, татулық, достық тақырыптары әңгімеге арқау болды.

ОЛЖАС — ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының 4-ші курс студенті Олжас Төлегеннің болашағынан ұстаздары зор үміт күтеді. Атасы мен әжесінің тәрбиесінде өскен оның бойына ұлтжандылық, кішіпейілділік, зеректік сияқты ерекше қасиеттер ұялаған. Ақылгөй қарттардың мейірім шуағына бөленіп өскендіктен болар, ол кішкентай кезінен қандай істе болмасын алғырлық танытып, қатарының алды болуға ұмтылыпты. …

ОЛЖАС — ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТ Read More »

ТАҢДАУЫ — ТУҒАН ЖЕР

Жас мамандарға қолдау көрсетуді, елді мекендердегі кадр тапшылығы мәселесінің оңтайлы шешілуін көздеген “Дипломмен – ауылға!” мемлекеттік бағдарламасының сәтті жүзеге асырылып келе жатқанына жеті жылға жуық уақыт болды. Осы жылдар бедерінде көздеген мақсаты айқын жүздеген өрен қазақтың қарашаңырағы – ауылға ат басын бұрып, алған білімдері мен тәжірибелерін алтын бесіктің гүлденуі жолында жұмсап келеді. Дәулет Серғазиннің таңдауы …

ТАҢДАУЫ — ТУҒАН ЖЕР Read More »

Кеудемді мақтаныш кернеді

Жуырда Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес инсти­туттық реформасын жүзеге асыруға ар­налған “100 нақты қадам” Ұлт жос­парын зерттеуге және жаһандық бастамалар мен тұжырымдамалық идеяларын оқып-үйренуге бағытталған “Әлемді өзгертетін идеялар” атты семинар-тренинг өтті.

“БАЛАЛАР ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕЙДІ”

Еліміздің түкпір-түкпірінен екі жарым мыңнан астам жас суретші қатысқан “Балалар әлемді бейнелейді” атты сайыста біздің өңіріміздің таланттары да 84-ке жуық туындысын ұсынды. Қорытындысында олардың үздік бесеуі жоба аясында шығарылған кітапқа енді.

ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Осыдан ширек ғасыр бұрын еліміз өз тәуелсіздігін алғанда дүние есігін жаңа ашқан бүлдіршіндер бүгінде егемен мемлекетіміздің ойы азат, санасы сергек азаматтарына айналып отыр. Олар егемен елмен бірге есейіп, бой түзеп келеді. Күннен-күнге қарыштап, алға басқан жас мемлекетімізбен бірге өскен өрендерге артылатын жауапкершілік те зор. Тәуелсіздік таңымен бірге өскен Еркін Ахметұлы өзіне жүктелген сенім мен міндеттің …

ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ Read More »

БІТІМГЕРЛІК ЖАСАУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Еліміздің “Оңалту және банкроттық туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, осының нәтижесінде банкроттық рәсімде “бітімгершілік келісім” және “төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі” түсініктері кіргізілді.

САЛАФИЗМ — ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

Елімізде соңғы жылдары бірнеше лаңкестік оқиғалар тіркелді. Мұндай қанды қылмысқа салафизм ағымында жүргендердің қатысы бары анықталды. Бір сөзбен айтқанда, салафизм ағымы – зайырлы мемлекет ұстанымын теріске шығарып, азаматтардың бостандығына, ішкі тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарға қауіп төндіріп отыр.

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

“Батыр” деген атауға ие болып, облыстың Индустрияландыру картасына енгізілген бұл жетінші жоба ретінде өндіріске жолдама алды. Қызылжар өңірінде ресейлік инвесторлармен бірігіп қолға алынған озық жобалардың біріне “Батыр” деген атпен алып техникалардың шығарыла бастағанын жатқызуға болады. Жобаның аяқалысы жайлы “Петропавл трактор зауыты” біріккен кәсіпорнының бас директоры Сергей Шинкаренкомен әңгімелескен едік.

ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Үстіміздегі жылғы күзгі егін орағы барысында облыс диқандары 5,6 миллион тонна алтын дән жинап, әр гектардың берекелігі 17,6 центнерді құраған. Осындай мәліметтер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

Айқын жол нұсқаған

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының акт залында “Тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі” тақырыбында алқалы жиын өтті. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараға облыс орталығындағы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қоғам белсенділері мен жастар өкілдері қатысты.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ — ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Осыдан он жылдан астам бұрын жерлестеріміз футболдан еліміз біріншілігінің премьер-лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Олар, тіпті, Қазақстан чемпионатында күміс және қола медаль жеңіп алғаны есімізде. Алайда, одан кейін футболшыларымыз жанкүйер көңілінен шығатын нәтиже көрсете алмады.

КЕМЕЛДІК КӨКЖИЕГІ

  Сексен жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болса, адамның ғұмырымен өлшесеңіз, нағыз кемелдіктің, жан-жақты толысқандықтың белгісі. Осындай кемелдіктің көкжиегіне жеткен Қызылжар өңірі қалыптасу жолында талай тарихты бастан өткерді. Өрледі. Өсті. Өнді. Бұл сеңгірдің соңғы 25 жылы Тәуелсіздіктің толағай табыстарымен ұштасты. Сол себепті де, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесіне тұспа-тұс келген мерейтойымыз ерекше маңызға …

КЕМЕЛДІК КӨКЖИЕГІ Read More »