ШЫНДЫҚ ІЗДЕП ШЫРЫЛДАП ЖҮРМІН ӘЛІ
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтар Зікіриннің есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Көп жылдар бойы өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде қызмет атқарған ақынның жырлары туған жер, өмір туралы толғаныстарға толы. Оқыған адамның жанын тебірентіп, көкіректерге үміт сәулесін ұялататын шынайы жырлары жетерлік. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары ақын өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, өнеге …